Тахауи ахтанов боран



бет1/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


Авторы: Тахауи АХТАНОВ


БОРАН
Қатынасушылар:


Қоспан – Еламан / Асылан
Жаңыл – Айымнұр / Дана
Қасболат – Шынтас
Жаппасбай –Бекжан
Қаламүш – Арман
Қадыржан - Нұрболат
Құмар –Абзал
Мінайдар – Нұрсұлтан А
1-Әйел – Айгүл
2-әйел - Жанна
Келіншек – Роза
Почтальон – Қазихан
Шал – Дәурен
Кемпір – Шалқия апа
Тракторшы - Мейрамбек


Бірінші көрініс

Колхоз кеңсесі. Таң алды. Қарбалас үрей бар. Қасболат телефонмен айқайлап сөйлесіп тұр.Құмар, бригадир, тракторшы бұлар өз алдына даурыққан.




Құмар. Сен шырағым, қиқаңды қой. Мына Жалмұқан қасыңа екі кісі береді. Соларды мінгізіп ал да, тезірек жөнел.
Тракторшы. Ойбай-ау, ол әлі ремонты бітпеген трактор. Жабық кабинасы да жоқ. Мына боранда кісі ұшып өледі ғой.
Құмар. Жоқ, бар деген соң барасың, шырағым. Ал, Жанғабылға шана жібер. Бар, барыңдар. Қазір әр минут қымбат.

Тракторшы мен бригадир шығады.




Қасболат. (телефонда, оның дауысы алдыңғылармен қабаттаса естіледі). «Жаңа жолды» қайттіңіздер? Ал, «Киров», «Киров ше?» Хабарсыз жатыр ма әлі? Оған да тезірек адам жіберіңдер. Барысымен маған хабар жеткізіңдер. Аудандағы мекемелердің тайлы-тұяғын қалдырмай түгел мобилизовать етіңдер. Әркім персонально жауап беретін болсын. Түс қайта ауданда боламын. Мекеме бастықтарын менің кабинетіме шақыр. (Трубканы іліп, арлы-берлі жүріп кетеді).
Пауза.
Сенің қанша отарың жоғалды?
Құмар. Алтауы. Жүруге жарайтын төрт машина мен үш тракторды іздеуге жібердім.
Қасболат. Басқалары аман ғой.
Құмар. Кейбір алыс отарлармен хабарласа алмай жатырмыз.
(Қасболат қос жұдырығын столға тіреп үнсіз ойланып тұр).
Пауза.
Қасболат. Иә,иә. «Жұт жеті ағайынды» деген осы. Биылғы қыстан аман шығып кете алмадық.
Құмар. Биыл мал басын көбейтіп-ақ едік... Бұйырмаған соң солай болады ғой.

Қаламүш пен Қадыржан кіреді. Бұлар шошына қарайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет