10 сабақ: Про- эукариоттардағы транскрипция. Электронные ресурсы



бет1/4
Дата05.05.2023
өлшемі216,86 Kb.
#90415
түріСабақ
  1   2   3   4

10 сабақ: Про- эукариоттардағы транскрипция.


Электронные ресурсы:
Принципы матричных синтезов
https://www.youtube.com/watch?v=JseyQUiYNsI#action=share


Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1) Транскрипция, анықтау, сипаттау.
2) a-РНҚ синтезінің матрицалық принципі, транскрипция мен репликация арасындағы айырмашылық.
3) Транскрипция процесіне қатысатын ферменттер.
4) Прокариоттық гендердің транскрипция механизмі: басталу, ұзарту, тоқтату.
5) Тірі организмдердегі транскрипция бұзылыстарының рөлін түсіну.


Ақпараттық – дидактикалық блок
Транскрипция – бұл ДНҚ –дан аРНҚ – ға генетикалық ақпаратты көшіру процессі, РНҚ-полимераза көмегімен ядрода өтеді. ДНҚ-ның екі тізбегі қызметіне байланысты ерекшеленеді. Бірінші тізбек – кодтаушы немесе мағыналы, екінші тізбек – матрицалық (ақпараттық). Тек матрицалық тізбек транскрипцияланады.
ДНҚ транскрипциясы инициация, элонгация және терминации сатыларынан тұратын ДНҚ екі тізбегінің бірінен РНҚ молекуласы синтезделетін матрицалық үдеріс.
Инициация - алғашқы нуклеотид аралық байланыс РНҚ-полимеразаның промоторымен байланысуынан басталады. Осы кезде белгібір жерден ДНҚ тізбегі тарқатылып транскрипциялық «көзше» пайда болады. Прокариоттарда РНҚ-полимераза Прибнов бокстың нуклеотидтер қатарындағы (сигма) – факторды таниды, соңынан оған екі  тізбегінен, (бета) (бета штрих) және  (омега) суббірлігінен тұратын кор-фермент қосылады. Бұл кешен холофермент деп аталып транскрипцияның басталу нүктесіне қарай жылжиды, бірнеше нуклеотидтер транскрипцияланғанан кейін,  фактор ферментімен байланысын үзеді, тек қана кор-фермент ДНҚ бойымен жылжиды.
Элонгация - РНҚ тізбегінің ұзаруы, транскрипцияның басталу нүктесінен басталып және терминациялық сайтта униполярлы, консервативті және комплементарлы ұстаныммен аяқталатын үдеріс.
Терминация- транскрипцияның аяқталуы, геннің терминациялық сайт қатарындағы ГЦ-ға бай бөлігінде бір тізбекті РНҚ молекуласының бөлініп шығуымен аяқталады. ДНҚ әрбір бөлігінде транскрипцияның аяқталуынан кейін екі тізбекті ДНҚ молекуласы бастапқы қалпына келеді.
Транскрипция процесі 5*→3* бағытында жүреді. Транскрипция процесінің көрінісі 22-суретте берілген: Геннің түрлі элементтері қамтылған транкрипция бірлігі.


Транскрипция процесі геннің реттеуші учаскесінде орналасқан старттық нүктені (сигналды) РНҚ-полимеразасының сигма-суббірлігінін танып, онымен байланысуымен басталады.
Прокариоттар промоторының құрылымдық сызбанұсқасы мына төмендегі 23-суретте көрсетілген.

Прокариоттар промоторы 20-200 нуклотидтен тұрады. Оның құрамында 7 нуклотидтен құралған арнайы жүйе:
ТАТАААТ-бар.

Түрлі прокариоттарда бұл жүйеде 5-тен 10-ға дейін нуклеотидттер болуы мүмкін. Мұны Прибнов-бокс деп атайды. Прибнов боксының негізгі қызметі транскрипция бағытын солдан оңға қарай жүретіндей етіп РНҚ-полимеразаны сәйкестеу. Прибнов-боксында сонымен қатар, ДНҚ тізбектері тарқатылып, транскрипция жүретін ашық промоторлық комплекс қалыптасады.Прибнов-боксының дәл ортасында РНҚ-полимераза байланысатын минус 10(-10) нуклеотидтер жүйесі орналасқан учаске бар.


Транскрипция жүру ушін міндетті түрде қосарланып ширатылған ДНҚ-тәзбектерінің тарқатылуы тиіс. ДНҚ тізбегінің тарқатылу процесіне β және βˊ-штрих суббірліктеріне қатынасып РНҚ-полимеразаның катализдік орталығын түзейді. РНҚ-полимеразаның сигма /σ/ суббірлігі мен қорферменттерінің промоторлық жүйелерімен байланысуы ашық промоторлық кешеннің немесе транскрипциялық «көпіршіктің» қалыптасуына себеп болады.

Бұдан ары транскрипция процесі РНҚ-полимеразаның тек кор-ферменті арқылы іске асырылады. РНК полимеразада нуклеотидтермен байланысатын екі сайт: инициация сайты және элонгация сайты болады. Инициация сайты тек пуриндік үшфосфаттармен – аденозинүшфосфатпен АТФ және гуанозинүшфосфатпен ГТФ байланысады. Синтезделетін а-РНК тізбегіндегі ең бірінші нуклеотид осы АТФ болады. Бұл, ДНҚ молекуласындағы транскрипцияланатын бірінші азотты негіз нуклеотид – тимин Т екенін білдіреді. Ізінше РНҚ-полимеразның элонгация сайты ДНҚ тізбегіндегі келесі нукллеотидке комплементарлы нуклеозидүосфатпен байланысады. А-РНҚ молекуласындағы 1 және 2 нуклеотидтер арасындағы байланыс түзіледі, осы кезде ДНҚ тізбегіндегі бірінші азотты негіз сйтынан алыстайды. Түзілген динуклеотид а-РНҚ сутекті байланыстар арқылы ДНҚ-мен жалғанған күйде болады. Бұл жағдайда инициация кезеңінен аяқталып, келесі кезең –элонгацияның немесе а-РНҚ –ның синтезінің жүріп жатқанын көрсетеді.


Элонгация кезеңі РНҚ полимеразаның ДНҚ-ның матрициалық тізбегінің бойымен жылжуы барысында ДНҚ-дағы нуклеотидтерге комплементарлы нуклеотидтерді жалғай отырып а-РНҚ тізбегінің ұзарып өсуімен сипатталады. Синтезделген а-РНҚ ДНҚ-дан ажырайды, бірақ оның бірнеше нуклеотидтері бүкіл транскрипция бойында нуклеотидтері ДНҚ-мен байланысқан түрде қалады. Транскрипцияның терминация кезеңі ДНҚ-ның арнайы терминаторлық нуклеотидтер жүйесі орналасқан учаскесінде жүреді.
Транскрипция аяқталуының екі типін ажыратады:
1) тек ДНҚ молекуласындағы арнайы нуклеотидтер жүйесіне тәуелді терминация;
2) rho (po) – фактор деп аталатын терминаторлық белоктың болуына тәуелді терминация (бұл факторды 1969ж. J.Roberts ашқан)
Терминация бірінші типінің механизмі ДНҚ-дағы терминаторлық учаскенің құрылым ерекшелігіне байланысты.
Қазіргі кезде ДНҚ-молекуласының терминациялайтын нуклеотид жүйесінің 12 типі белгілі. Терминаторлық аймақта нуклеотидтік 3 жүйе орналасқан:
a) ТЦГГГЦГ кәдімгі тура бағытта транскрипцияланатын жүйе;
б) АГЦЦЦГЦ кері бағытта транскрипцияланатын жүйе;
c) қайталанбайтын жүйе, орталық-ГАТТАЦТ
Транскрипцияның қайталану циклы а-РНҚ-ның келесі қайталанған синтезін қамтамасыз ету үшін кор-ферменттің бос σ-фактормен қосылып холофермент түзуімен басталады.
Прокариоттарда ядролық мембрана болмайды, сондықтан транскрипция, аударма және мРНҚ-ның тозуы процестері бір уақытта жүруі мүмкін.
Прокариоттық транскрипция бірнеше протеинді бір уақытта синтездеу үшін поликистроникалық мРНҚ-ға тән.

Эукариоттардағы транскрипция




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет