10-сынып қазақ тілі пәні бжб (жаратылыстану-математикалық бағыт) 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма»



бет2/5
Дата16.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#93771
түріКонспект
1   2   3   4   5
Байланысты:
10-сынып аза тілі п ні бжб (жаратылыстану-математикалы ба ыт)

Мәтінді оқыңыз.
Қазақстанның сәулет өнеріндегі бүгінгі жетістіктері
Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп отыр.
Есімдері әлемге танымал архитекторлар Қазақстанның жаңа астанасына келіп, заманауи келбетке сай ұлттық нақыштарды сәулет өндірісіне енгізіп, ғаламдық жаңалықтарға қол жеткізді.
Мәселен, елордада Хан-Шатыр кешенін салған Норман Фостер құрылыс бастамас бұрын көшпенділердің тарихын зерттеп, тарих жылнамаларында хан ордаларында шатырлардың сән-салтанат құрып, асқақтап тұратынын дәл тапқан. Содан киіз үй бейнесін кешеннің бейнелік шешімі ретінде алды.
Сондай-ақ, елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы - тарих пен мәдени құбылыс болудан өзге, Арқа төсіндегі астананың ауа-райы мен климаттық жағдайына ыңғайланып жасалған техникалық шешімнің көрінісі.
Ал Самұрық құс жұмыртқа басар ұя мифтік желісінен бой көтерген Бәйтерек монументалды бейнесі бүкіл Қазақстанның символына айналды.
Бір қызығы, ұлттық мәдениетпен еш байланысы жоқ құрылыстардың өзі елдің қандай да бір ұлттық символикасына айналғанын да байқауға болады. Мәселен, Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінің сырт келбетінде ұлттық реңк жоқ, тек ішкі интерьерінде ғана көшпенділердің белгілері байқалады. Алайда бұл ғимарат Қазақстанның да, Алматының да символына айналған.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/63640/


1-тапсырма. «Алты қырлы ой» әдісі. Оқылым және тыңдалым мәтіндерінен Қазақстаннның ежелгі кездегі және қазіргі замандағы сәулет өнерінің «алты қырын» анықтаңыз.


1

2

3

4

5

6





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет