10-сынып Биология зертханалық жұмыстар


Редуцирленбейтін қантты зерттеу



бет3/13
Дата03.11.2023
өлшемі1,56 Mb.
#121543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
10-сынып Био зертханалык жұмыс

Редуцирленбейтін қантты зерттеу үшін сынауыққа 2 мл сахароза және 2 мл Бенедикт ерітіндісі қосылады. Осыдан кейін сынауықты су моншасына немесе ыстық суы бар (қайнатылған) шыны стаканға салады. Бірнеше минуттан кейін түс өзгеруі байқалмайды және ерітінді көк түсте қалады. Сахароза екі валентті мыс сульфатын ерімейтін кірпіш-қызыл мыс оксидін түзе отырып бір валентті мыс сульфатына дейін тотықсыздандырмады, сондықтан көк түс өзгерген жоқ.

Экспериментті редуцирленбейтін көмірсу сахарозамен жалғастырамыз. Сахароза – редуцирленбейтін екі қанттан, глюкоза мен фруктозадан тұратын дисахарид. Сынауыққа 2 мл сахароза ерітіндісі және 1 мл сұйылтылған тұз қышқылы қосылады. Сынауық қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, 1 минут бойы қыздырылады. Қайнату барысында сахароза дисахариді екі моносахаридті қалдықтарына дейін гидролизденеді. Осыдан кейін ерітіндіні бейтараптандыру үшін сынауыққа NaOH тамшылатып қосылады. Лакмус қағазы арқылы ортаның рН бақылауы оны бейтарап күйге жеткенге дейін жүзеге асырылады. Содан кейін сынауыққа 3 мл Бенедикт ерітіндісі қосылады және ол су моншасына түседі. Ерітіндінің түсі кірпіш-қызыл түске ие болады, себебі тотықсыздандыру қабілеттерін глюкоза мен фруктоза көрсетті.
Артқа
№2 зертханалық жұмыс
Нәруыз денатурациясы мен ренатурациясы. «Нәруыздардың құрылымына әртүрлі жағдайлардың әсері (температура, pH)» зертханалық жұмысы
Денатурация – нәруыз молекуласының биологиялық қызметін жоғалта отырып, құрылымын бұзу үдерісі. Түрлі факторлардың әсерінен нәруыздың конформациясы тарқатылады, бірақ молекуладағы аминқышқылдар тізбегінің реттілігі өзгеріссіз қалады.

Денатурация нәруыздың төртінші, үшінші және екінші реттік құрылымының шетінен бұзылуына әкелуі мүмкін. Денатурация уақытша немесе тұрақты болуы мүмкін.

Нәруыз денатурациясының мысалы ретінде жоғары температураның әсерінен жұмыртқа альбумині молекуласының үшінші реттік құрылымын жоғалтуын айтуымызға болады.
Денатурацияның белгісі немесе үшінші реттік құрылымның белгісі оның ерігіштігінің жоғалуы және тұтқырлығының жоғарылауы болады. Нәруыз молекуласының денатурациясы кезінде сутектік және дисульфидтік байланыстар, сондай-ақ гидрофобты өзара әрекеттесу бұзылады.
Денатурацияланған нәруыз тиісті жағдайларда өзінің үшінші реттік құрылымын қалпына келтіре алады, бұл ренатурация деп аталады. Барлық нәруыз молекулалары ренатурациялана алмайды.

№3 зертханалық жұмыс


«Нәруыздардың құрылымына түрлі жағдайлардың (температура, pH) әсері» зертханалық жұмысын жоспарлау үшін әдетте эксперимент басталғанға дейін толтырылатын кестені қарастыру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет