Тазалық – саулық негізі
Қызығушылықты ояту кезеңі: Берілген сөздерден мақалдар құрастыру.
Ж. Денсаулық, бас, жан, тәтті, саулық, тазалық, ауру, байлық, жасыру, өлу, тән, сау, зор.
Мағынаны тану. Грамматикалық түсінік:
Аралас құрмалас сөйлемге мысалдар:
1. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып жатқан қайшылықтар көп екен. Бірінші және екінші компоненттер сабақтаса байланысқан. Екінші мен үшінші компоненттер салаласа байланысқан.
2. Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны «Сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, «Қара жыра» атанды. Бірінші және екінші компоненттер сабақтаса байланысқан. Үшінші және төртінші компоненттер салаласа байланысқан.
3. Күн батуға таянғанда, аспан әлемін қара бұлт қаптаған еді, терістіктен соққан күшті жел жерге бір тамшы да тамызбады. – жалғаулықсыз аралас құрмалас сөйлем.
4. Сабақты жақсы оқысаң, жолдастарың құрметтейді және ата-анаң қуанышқа кенеледі. жалғаулықты аралас құрмалас сөйлем
(сілтемеге қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |