«Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп»
Оқылымалды тапсырмасы
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ «Жеңіл өнеркәсіпке» қатысты А3 парағына сөздерді топтастырып жазып шығады. 2 минуттан кейін өздерінің жұмыстарын сағат тілі бойынша көрші топқа жолдайды. Топтар алған сөздерді мұқият қарап шығып, түзетулер енгізеді, яғни артық сөздерді сызып, қосымша сөздерді жазады. 1 минуттан кейін бұл қағаз келесі топқа барады. Осылай парақ барлық топтардан өтіп, ең соңғы нұсқасы өз тобына келеді. Соңында оқушылардың алдында жеңіл өнеркәсіпке қатысты көп сөздер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |