Бөлімге шолу
Бұл бөлімнің тақырыбы: Ұлттық экологиялық мәдениет
Бөлімнің мақсаты: ұлттық экологиялық мәдениетті құбылыс ретінде таныта отырып, оқушылардың ана тілінде жетік және сауатты сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, сөйлесу дағдыларын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен мұғалім басшылығымен және өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, туындаған өмірлік жағдаяттар бойынша ана тілінде дұрыс және айқын, орынды өзіндік көзқарасын білдіру, шешім қабылдай білу мен қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырып аясында оқушылар тіл мен сөйлеу әрекеттері түрлері туралы білімін кеңейтеді, танымдық ақпарат алады, өзге пәндер бойынша меңгерген білімін қазақ тілінде сауатты қолдана алады. Коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру арнайы жүйеленіп көрсетілген оқу мақсаттары арқылы жүзеге асады.
Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттары:
10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру;
10.1.4.1 поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету;
10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог», «пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу
10.3.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (тезис) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау;
10.3.5.1 мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасау
10.4.1.1 публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис жазу;
10.4.6.1 сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу
10.5.1.3 сан есімнің жасалу жолдарын білу, мәтін құрауда орынды қолдану
Достарыңызбен бөлісу: |