5.
Ұлттық салт-дәстүріміздегі батаның құндылығын қалай
түсінесіз?
Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.
Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда т.б. адам өмірінде кездесетін
ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата
береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол
тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің
бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де
дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда –
медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды
деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған.
Батасыз, тілексіз өмір болмайды. «Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер
көгереді» деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын,
айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық
бата тілегі болады.
6.
Миф дегеніміз не? Қандай мифтік шығармаларды білесіз?
«Миф» сөзінің шығу төркіні көне гректің mythos – әңгіме, әңгімелеу,
баянша, аңыз – деген ұғымынан бастау алады; оның латынша аналогы
fabula (әңгімелеу, мысал). Жаңа уақытта миф ойдан шығарылған оқиға емес,
«құдайлар мен аңызға айналған қаһармандар т.б.» турасындағы алыс
дәуірлердің тарихи құндылығы ретінде басқаша ұғыныла бастады.
7.
Қазақ әдебиетінде кездесетін діни әңгімелерді талдаңыз:
«Қасиетті Құран Кәрім жайында», «Адам ата», «Ысмайыл», «Зәмзәм» т.б.
8.
Метонимия дегеніміз не? Мысал келтіріңіз:
Метонимия – екі
ұғымның жақындығына, ұқсастығына қарай бір сөздің орнына екінші сөзді
ауыстырып қолдану тәсілі. Мысалы, әйелді – ақ жаулық, әскерді – қол,
бүркітті – ақиық, мұзбалақ, қылышты – наркескен дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |