19.
Сарказм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз:
Сарказм – қазақша
мысқыл, зілді кекесін. Сарказм – иронияның ұлғайған түрі делінеді. Екеуінің
де негізі күлкі. Адамның не өмір құбылысының белгілі бір жағын күлкі ету,
шешу, мысқал ету. Бірақ екеуінің өзара жақындығымен қатар, айырмасы
да бар.
20.
Образ дегеніміз не? Жіктелу типіне мысал келтіріңіз:
Образ,
көркем образ – шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше
эстетикалық категория. Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге:
1.
эпикалық;
2.
лирикалық;
3.
драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне
қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық,
т.б.
болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз
әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ – әр дәуірге, әр әдебиетке
сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
21.
Сатиралық образ дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
:
Сатиралық
образ – ұнамсыз тип. Сатира өмірдегі кеселді келеңсіздікті, кері
кеткендікті қаза қопарып, көптің көз алдына – көрініске шығарады, қағып
сілкілейді, мысқылмен түйрейді, сықақ етеді, көпті оған түңілтеді. Күні
өткеннің, тозып біткеннің кедергіге айналғанын аңғартып, оған адам
бойынан жиреніш шақырады.
22.
Романтикалық образ дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
:
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы
түрлерінің бірі болып табылады. Бұл образдың, алғашқы үлгілері баяғы көне
дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп
табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде
жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да
телегей – теңіз. Романтикалық образдың негізінде қиял жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |