10-сынып Түсінік хат Оқу жоспары, пән туралы түсініктеме, сынып, жылдық жүктеме


Коммуникативтік дағдыларға сілтеме



бет20/38
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#51928
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38
Коммуникативтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер

Оқыту ресурстары

Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.
Сөйлеу мәдениетін дамыту.

10.1.2.1- мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
10.1.5.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу.



ЖЖ.Тыңдалым алдындағы тапсырма.
Мұғалім төмендегі сұрақты қояды. Оқушылар жұпта талқылап жауап береді.
Қандай ғаламдық экологиялық проблемалар туралы білесіздер?
Ж.Тыңдалым тапсырмасы.
Оқушылар «табиғаттың ластануы – ғаламдық мәселе» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды.
Мәтінді тыңдап төмендегі кестені толтырады.

Деректер

Мақсатты аудитория

Экологияға қатысты термин сөздер, тілдік оралымдар

Термин сөздер мен тілдік оралымдардың қолданылу мақсаты













Бағалау.
Мұғалім өз нұсқасын таныстырады. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Т.Айтылым тапсырмасы.
Оқушылар тыңдалымдағы ақпаратты пайдаланып, сөз сөйлейді.
Айтылым тапсырмасын «РАФТ» стратегиясы арқылы ұйымдастыруға болады.
Р-рөл (оқушылар бір рөлді таңдайды: эколог, саясаткер, дипломат, мұғалім т.с.с)
А-аудитория (мектеп оқушылары, студенттер, табиғат қорғаушылары, халықаралық ұйым мүшелері, табиғатты қорғау бойынша еріктілер)
Ф – форма (оқушылар өз сөздерін белгілі бір форманы таңдап ұсынады: үндеу, ақпараттық хабарлама, баяндама т.с.с)
Т- тақырып «Ғаламдық экологиялық проблемаларды бірге шешейік»

Тақырыпты болжап, қызығушылықты арттыру үшін төмендегі жұмысты ұйымдастыруға болады. Мұғалім оқушыларға адамзат дамуының жаһандық мәселелері туралы суреттерді көрсетеді. Суреттер экологиялық мәселе, кедейшілік мәселесі, азық-түлік мәселесі секілді маңызды жаһандық мәселелерге байланысты болуы мүмкін.
Оқушылар суреттерге қарап тақырыпты болжайды.


Ғаламдық экологиялық проблемаларға төмендегі мәселелерді жатқызуға болады:

  • Парникті эффекті

  • Озон қабатының жұқаруы

  • Әлемдік мұхиттың ластануы

  • Шөлдену



https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%BB%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D1%83
http://www.sarap.kz/index.php/kz/rubikon/113-2013-05-22-05-12-28.html
https://www.youtube.com/watch?v=QVhoJKfwwg8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет