Сұрақ
№
нұсқа
І
нұсқа
ІІ
нұсқа
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
-
|
+
|
-
|
-
|
+
|
-
|
-
|
+
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
+
|
Бағалау критерийі: 7 тапсырма дұрыс – «5»,
6 тапсырма дұрыс – «4»,
5 тапсырма дұрыс – «3».
5. Орындалған тапсырмалар нәтижелерін жүйелеу және жалпылау
Оқушыларға осы тәрізді тапсырмаларды орындау кезінде, олардың алдымен қойылған сұрақтарды өздігімен талдап алып, қажет болса, сызбасын салу, ойша қисынды талқылау жүргізу – сонан соң ғана жауабын беру керектігі айтылады.
Мұғалім: Егер сендердің 1-ші, немесе 2-ші, немесе 3-ші, немесе 4-ші сұрақтарға берген жауаптарың қате болса, онда сендерге «Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы» тақырыбын қайталау қажет болады. Ал егер 5-ші немесе 6-шы сұрақтарға берген жауаптарың дұрыс болмаса, онда сендерге «Перпендикуляр түзулер мен жазықтықтар қасиеттері» тақырыбы бойынша білімдеріңді толықтыру қажет болады. Егер 7-ші сұраққа берілген жауап қате болса, «Перпендикуляр және көлбеулер» тақырыбын қайталау керек.
6. Сабақтың қорытындысы және үй тапсырмасының қойылуы
Рефлексия. Оқушылардың өздерін өздері бағалаумен және олардың сабақтағы сыныптың, топтың және өзінің іс-әрекеті: әрбір оқушыда сабақ жөнінде қандай ой-пікір пайда болғаны және қандай тілектері туындағаны жөніндегі пікірлерімен және келесідегі сабабқ құрылымына қандай ұсыныстары бар екендігі жөнінде әңгімелеулерімен байланыстыру.
Үйге теориялық материалды қайталапкелу, шарты экранға шығарылған қосымша тапсырманы орындап келу тапсырылады.
Есеп: Тең бүйірлі АВСD трапециясының АD үлкен табаны арқылы α жазықтығы жүргізілген. Егер трапецияның бүйір қабырғасы мен биіктігі сәйкесінше 13 және 12 см, олардың α жазықтығындағы проекцияларының арасындағы бұрыш 450 болса, онда ВС түзуінен α жазықтығына дейінгі қашықтықты табу керек.
Оқушыларға үй тапсырмасының мазмұнымен танысып, қажетті түсініктемелер алуға мүмкіндік беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |