10 сыныптыњ геометрия сабаѓы


Мұғалім: Міне, біз бүгін не жөнінде әңгімелесетінімізді анықтадық. Сөйтіп, бүгінігі сабағымыздың тақырыбы



бет2/6
Дата24.11.2022
өлшемі99 Kb.
#52244
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Конспект урока на тему Үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану. 10-сынып. Геометрия

Мұғалім: Міне, біз бүгін не жөнінде әңгімелесетінімізді анықтадық. Сөйтіп, бүгінігі сабағымыздың тақырыбы:


Үш перпендикуляр туралы теореманың есеп шығаурда қолданылуы.

Біздің байқағанымыз бойынша, ҰБТ сұрақтарының ішінде оңтайлы шешімдері үш перпендикуляр туралы теореманы қолдану арқылы табылатын геометриялық есептердің біршама кездесуі. Сондықтан бүгінгі сабақта біздің алдымызда үш перпендикуляр туралы теореманы есептер шығаруда қолдану біліктігінің қажеттілігін негіздеу мәселесі, сонымен қатар түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығының кейбір сұрақтарын еске түсіру мәселесі тұр (блиц-сұрақтар, ауызша сұрақ-жауап).



  1. Қандай түзу жазықтыққа перпендикуляр деп аталады?

Жауап: Егер түзу жазықтықтағы кез келген түзуге перпендикуляр болса, онда ол түзу жазықтыққа перпендикуляр түзу деп аталады.

  1. Перпендикуляр түзу мен жазықтықтың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Жауап: 1-қасиеті: Егер жазықтық параллель түзулердің біреуіне перпендикуляр болса, онда бұл жазықтық екінші түзуге де перпендикуляр болады.
2-қасиеті: Бір жазықтыққа перпендикуляр екі түзу өзара параллель болады.
3. Жазықтықтан тысқары жатқан нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп нені айтамыз?
Жауап: Сол нүкте арқылы жазықтыққа жүргізілген перпендикуляр түзудің жазықтық пен берілген нүкте аралығындағы кесіндісін айтады.
4. Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық дегеніміз не?
Жауап: Нүктеден жазықтыққа дейінгі қашықтық деп нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтамыз.
5. Жазықтықтан тысқары нүктеден жазықтыққа түсірілген көлбеу деп нені айтамыз?
Жауап: Бір ұшы жазықтықта жататын және жазықтыққа перпендикуляр болмайтын кесіндіні жазықтыққа көлбеу дейміз.
6. Көлбеудің жазықтықтағы проекциясы деп нені айтамыз?
Жауап: Берілген нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикуляр мен көлбеудің табандарын қосатын кесіндіні көлбеудің проекциясы деп айтамыз.
(Соңғы екі сұрақтың иллюстрациясын бір оқушы интерактивті тақтада сызып көрсетеді).
7. Үш перпендикуляр туралы теореманың тұжырымдамасын еске түсірейік.
Жауап: Жазықтыққа көлбеудің табаны арқылы оның проекциясына перпендикуляр тұрғызылған түзу сол көлбеудің өзіне де перпендикуляр болады. Және керісінше, егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда сол түзу көлбеудің проекциясына да перпендикуляр болады.
8. Бұл теореманы дәлелдеу кезінде, біз бұрыннан белгілі қандай тұжырымдамаға сүйендік?
Жауап: Біз түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық белгісін қолдандық, яғни, егер түзу жазықтықта жататын өзара қиылысқан екі түзуге перпендикуляр болса, онда бұл түзу жазықтыққа перпендикуляр болады.
Теореманың дәлелдемесін және сызбасын экран арқылы есімізге түсірейік (анимациялы слайдтарды көрсету).


3. Алдағы тапсырмаларды орындау кезінде практикалық әрекеттерді қолданудың бірізділігін және мазмұнын ұғыну




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет