Гемоглобин сияқты миоглобин де плазмада бос болғанда өте зиянды: үлкен миоглобин молекулалары бүйрек түтікшелерін бітеп, олардың некрозына әкелуі мүмкін; Өкпедегі оттегімен байланысу үшін эритроцит гемоглобинімен бәсекелесіп, өзінің оттегін ұлпаларға беру қызметін атқармайтын бос миоглобин ақуыздар ұлпалардың оттегімен қамтамасыз етілуін нашарлатады және тіндік гипоксияның дамуына әкеледі. бұл тіпті организмнің өліміне де әкеліп соғуы мүмкін.
Миоглобин анализі жүрек бұлшықетінің зақымдануының, жүректің жедел ауыруы немесе басқа белгілері бар науқастарда миокард инфарктісін растау немесе жоққа шығару үшін қолданылады. Қалыпты жағдайда бұлшықет тінінің зақымдануы немесе қабынуы болмаса, миоглобин қанға енбейді.
Миоглобин – қаңқа бұлшықеттері мен жүрек бұлшықеттеріндегі оттегін байланыстыратын ақуыз. Миоглобиннің қызметі бұлшық еттерде оттегі қорын жасау болып табылады, оттегінің уақытша жетіспеушілігін толтырады.
Оның негізгі функциясы - оттегі қорын құру және оттегінің жасушаішілік тасымалына ықпал ету, бұлшықет жұмысына оттегінің қорын қалыптастыру. Ет тіні жиырылғанда капиллярқан тамырларының жиырылуы нәтижесінде оттектің парциалды қысымы кенет төмендеген кезде бұлшық етке қажетті оттек бөлініп шығады. Миоглобин, әсіресе, теңіз сүтқоректілерінің ( су астында ұзақ уақыт тіршілік ететін) – дельфиндер (3,5%) мен итбалықтардың (7,7%) бұлшық еттері Миоглобинге бай болады.
Миоглобинмен оттегінің байланыс қисығы гиперболалық болып табылады. Қисықтың бастапқы бөліктерінде оттегінің парциалды қысымының аздаған өзгерістері миоглобиннің оттегімен қанығуында үлкен өзгерістер тудырады.