топографиялық-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде еңбекті нормалау; геодезиялық бөлім қызметкерлерін оқуға, дағдыларын жинақтауға және озық геодезиялық тәжірибелерін геодезиялық жұмыс жүргізуге енгізуге тарту. 41. Геодезиялық тораптар. Геодезиялық пункт.
Геодезиялық торап (орыс. Геодезическая сеть) — жер үстіндегі геодезиялық пункттер жүйесі. Олардың өзара жағдайы геодезиялык өлшеулер негізінде координаттық және абсолюттік биіктік жүйесінде аныкталады. Геодезиялық торап триангуляция, полигонометрия, трилатерация әдістерімен немесе олардың үйлесуінен құрылады. Топографиялық суретке түсіруде, біркатар инженерлік-техникалык тапсырмаларды орындауда, әскерлерді топогеодезиялық істермен қамтамасыз етуде, Жердің көлемі мен өлшемін зерделегенде пайдаланады Геодезиялық Пункт— геодезиялық өлшеулер нәтижесінде орны белгілі бір координаттар мен биіктіктер жүйесінде анықталған геодезиялық тірек торларының нүктесі. Геодезиялық Пункт центрінің координаттары (абсцисса, ордината және абс. биіктігі), сондай-ақ бағдарлау пунктіне бағытталған дирекциялық бұрыштардың мәндері геодезиялық каталогтарда сақталады. Координаталары триангуляция әдісімен анықталатын Геодезиялық Пунктін триангуляциялық пункт деп, ал полигонометрия әдісімен анықталатын пунктті полигонометриялық пункт деп атайды. Геодезиялық Пункт биіктіктері нивелирлеу арқылы анықталады. Геодезиялық тор құрайтын Геодезиялық Пункттер жер бетінде жүргізілетін әр түрлі топогр. зерттеулерде, инж. жұмыстарда қолданылады. 42. Мемлекеттік геодезиялық желісін жасаудың дәстүрлі әдістері: триангуляция, полигонометрия және трилатерация әдістері.
Мемлекеттік геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады. 1)Триангуляция әдісі Триангуляция әдісі. Триангуляция әдісі жергілікті жерде үшбұрышты жүйесін құрудан тұрады, оларда барлық бұрыштар мен кейбір базис кабырғаларының ұзындығы өлшенеді . Үшбұрыштың басқа қабырғаларының ұзындықтары тригонометрияның белгілі формулалары бойынша есептеледі.