1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту; 2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу; 3. жергілікті жердің контурын түсіру; 4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пунктеріне байланыстыру. Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пунктері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді. Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады. 47. Жергілікті жердің ситуациясын түсіру әдістері
Жер бетінің ситуациясы ұшақтан түсірілген фотосуретке негізделіп жасалады. Осымен қатар шағын жердің планын тікелей жер бетінде өлшеулер арқылы да жасауға болады. 1)Айнала нысаналау әдісі - шағын жерді планға түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіспен жер беті бір нүктеден қамтылады. 2) Көлденең сызықтар әдісі - жолға жакын, екі қапталда орналасқан заттарды планға түсіру үшін қолданылады. Бұл әдіс орманның, тоғайдың, өзеннің және т.б. иректелген жиек сызығын түсіруге колайлы. 3) Айналып шығу әдісі - Егер планға түсірілетін жер аумақты болса, оны түгелдей айналып шығуға тура келеді. Айнала жүру жолы ретінде көдімгі жол, өзен бойы, сайдың табаны, тоғайдың шеті және т.б. таңдап алынады. Бұл жағдайда жер бетін планға түсірудің басқа әдістері аралас қолданылады. 48. Геодезиялық тораптар. Оларды құрудың әдістері.
Геодезиялық торап (орыс. Геодезическая сеть) — жер үстіндегі геодезиялық пункттер жүйесі. Олардың өзара жағдайы геодезиялык өлшеулер негізінде координаттық және абсолюттік биіктік жүйесінде аныкталады. Геодезиялық торап триангуляция, полигонометрия, трилатерация әдістерімен немесе олардың үйлесуінен құрылады. Топографиялық суретке түсіруде, біркатар инженерлік-техникалык тапсырмаларды орындауда, әскерлерді топогеодезиялық істермен қамтамасыз етуде, Жердің көлемі мен өлшемін зерделегенде пайдаланады геодезиялық тораптар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т.б., көптеген инженерліқ есептерді шешудің негізі болып табылады. Пландық жүйелер триангуляция, триатерация, полигонометрия әдістерімен кұрылады.