оны жергілікті жердің қазіргі жағдайымен сәйкестендіру, яғни сандық формада да, дәстүрлі формада да ақиқаттық шындыққа жанасатындай мақсатқа қол жеткізу. «Картаның ескеруі» ұғымы оның мазмұнының жергілікті жердің қазіргі жағдайымен сәйкес болмауы дегенді білдіргенімен, неше түрлі аспектілерге ие. Себебі, жергілікті жердің өзгеруі де бірдей болмайды: бір жерлерде жаңа нысандар пайда болса, бір жерде мүлдем жоғалып кетеді немесе категориясы, рангтері және орналасу жағдайы өзгереді. 53. Тахеометрлік түсіріс журналы. Нолдің орнын анықтау жолы.
Тахеометриялық түсіріс – жер бедері қимасы 0,5 — 2,0 м кезінде, әдетте 1:500 — 1:5000 масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің пландық және биіктік негізін геодезиялық тірек жүйесі пункттерін тірек ететін теодолиттік және нивелирлік жүрістер құрады. Егжей-тегжейлі түсіру теодолиттік жүріс пункттері арасында жүргізілетін тахеометриялық жүрістер нүктелерінен жасалады. 54. Электрондық тахеометрдің құрылысы, оны жұмыс қалпына келтіру, жұмыс жасау принципі.
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометр құрылысы кодты теодолиттің негізінде жасалған. Ол бұрыш өлшеу бөлігінен, сәулелі арақашықтық өлшеуіштен және біріктіріп орналастырылған ЭЕМ-нан тұрады. Кадастр жұмыстарында электронды тахеомехрлермен жұмыс жасаудың тиімділігі Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады. Топографиялың түсіріс және басқа инженерлік-геодезиялық жұмыс түрлерін жүргізуде далалық өлшеулерді автоматтандыру үшін жоғары дәлдіктегі электрондық тахеометрлер жасалып шығарылған. 55. Nikon DTM 322+ электрондық тахеометрінің негізгі жұмыс жасау пернелері.