Референдум – мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Интеграция – экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылын тереңдету. Дүниежүзілік сауда ұйымы – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым.
Шығармашылық тапсырмалар. Кез келген экономикалық стратегияны алып GROW әдісі арқылы талдау жасаңдар:
Goal – мақсаты
Reality – іске асырылуы
Options – мүмкіндіктері
Way forward – алға қарай әрекет ету
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-бабына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 29 қазандағы қаулысына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 15 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгiзiлсiн.
2. 1993 жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт) теңге Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасында қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрiнде айналыста болады.
3. Теңгенi Қазақстан Республикасының аумағында меншiк нысандарына қарамастан барлық жеке заңды тұлғалар төлемдердiң барлық түрiнде, сондай-ақ ешқандай шектеусiз салымдар мен шоттарға қосу үшiн банктер қабылдауға мiндеттi.
4. Осы Жарлық қол қойылатын сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаев. Алматы қаласы, 1993 жылғы қарашаның 12-сi. Қазақстан Республикасы. 10 жыл шежiресi. – Алматы, 2001, 170-б.
Ұлттық валютаны енгізудің экономикалық және саяси маңызы неде?
Тапсырма: кезеңдерді кестеге толтырасыңдар, 2030 стратегия бойынша қосымша ақпарат аласыңдар және «ақша», «теңге» туралы мәліметтер оқу