11. 1С айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі



Дата25.11.2023
өлшемі2,61 Mb.
#128047
түріСабақ
Байланысты:
11сынып 11.1С Айнымалы ток Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі жаңартылған

11.1С Айнымалы ток

Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі


Оқыту мақсаттары

11.4.3.5 - айнымалы ток тізбегінде реактивті жүктемелер кезінде (катушка, конденсатор) фаза ығысуын сипаттау

Сабақтың мақсаттары

сыйымдылық және индуктивтік кедергілердің ток жиілігі, конденсатордың сыйымдылығы және катушканың индуктивтілігіне тәуелділігін анықтау

Жетістік критерийлері

сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар айнымалы ток тізбегінің тізбегін құра алады;
сыйымдылық және индуктивтік кедергілерінің айнымалы ток жиілігі мен сыйымдылық және индуктивтікке тәуелділігін біледі және оларды есептер шығаруда қолдана алады;
сыйымдылық және индуктивтік кедергілері бар тізбектегі ток күші мен кернеу тербелістерінің фазаларының айырмасын бағалай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология
айнымалы ток – alternative current
фазалар айырымы – phase difference
сыйымдылық кедергі - Capacitive reactance
индуктивті кедергі - Inductive reactance
катушка - Inductive load
резонанс - Resonance
LC тізбекті зерттеу
Резонанс

Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі


R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды.
Айнымалы ток күшінің лездік мәні ( ) синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт ішінде мынадай заң бойынша өзгереді:
Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді:
Мұндай айнымалы токтың әсерлік мәндері мынаған тең болады:
Тек активті кедергісі бар тізбектегі айнымалы токтың бір период ішіндегі орташа қуаты әсерлік ток мәні мен әсерлік кернеу мәнінің көбейтіндісінен кем болады:
.

Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті кедергі


Айнымалы ток тізбегінде катушка индуктивті қосымша кедергі тудырады. Катушкада лездік мәні
болатын өздік индукцияның ЭҚК-і пайда болады.
Өздік индукцияның ЭҚК-і ток өзгерісіне кері әсер етеді, сондықтан тек индуктивтілік бар тізбекте ток фаза бойынша кернеуден ширек периодқа, яғни -ге қалыс қалады.
Катушкадағы ток күшінің амплитудасы
- идеал катушкасы бар
айнымалы ток тізбегі
үшін Ом заңы
- катушканың индуктивті кедергісі

Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі


Конденсаторды айнымалы кернеу көзіне қосса, ол үнемі қайта зарядталып отырады да тізбек арқылы ток жүреді.
Сыйымдылық C шамасы U-ге тең кернеуге қосылғанда, оның заряды:
Периодты түрде өзгеріп отыратын кернеу периодты түрде өзгеретін зарядты тудырады да,сыйымдылық тогы пайда болады:
Ток күшінің амплитудасы
Сыйымдылық кедергі

Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы

Бір-біріне тізбектей жалғанған индуктивтігі L катушкадан,

сыйымдылығы С конденсатордан және кедергісі R

резистордан тұратын тізбекті айнымалы токтың толық

тізбегі деп атайды.

Түсірілген кернеудің амплитудасын

Барлық тізбектегі кернеудің амплитудасы Пифагор

теоремасы бойынша

Ом заңына сәйкес

Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы


Импеданс (толық кедергі)
- реактивті кедергі
Индуктивті
кедергі
Сиымдылықты
кедергі

Кернеу резонансы. Резонанстық жиілік.


Егер индуктивті кедергі мен сыйымдылық кедергі бір-біріне тең болса,
толық кедергі ең аз мәнге ие болады.
Мұндай жағдайда ток пен кернеудің тербеліс фазаларының айырымы
Ом заңы бойынша ток амплитудасы
Резонанс байқалу үшін тізбекке түсірілген кернеудің жиілігі
- Томсон формуласы

Айнымалы ток тізбегінде бөлінетін қуат


Қуаттың лездік мәні
Қуаттың тербеліс периоды бойынша орташа мәні
(векторлық диаграммадан)
Барлық амперметрлер мен вольтметрлер осы мән бойынша көрсетеді
Қуат коэффициенті
Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуат

Тербелмелі контур


Индуктивтілік катушка L
және конденсатор C бар
электр тізбегінде электрлік
тербеліс пайда болады,
осы себепті мұндай тізбекті
тербелмелі контур деп
атайды.
Активті кедергі

Тербелмелі контурдың теңдеуі


Контурдағы ток
тізбегі үшін Ом заңына сәйкес
келесіні аламыз
Өшу
коэффициенті
Контурдың
өздік жиілігі

Өшуді сипаттайтын шамалар


* Өшу коэффициенті b
t және t+T уақыт моменттеріндегі өшпелі тербелістің
амплитудалары шамаларының қатынасын табайық
* Өшудің логорифімдік дектременті c
(T периодты көршілес амплитудалар қатынастарының натураль логорифмі)
немесе орындалса,
өшетін тербелістің теңдеуі мына түрде болады
Рефлексия:
- нені үйрендім;
- не нәрсе түсініксіз болып қалды;
- немен қайта жұмыс жасау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет