P.S... Жұма күні бет қатталып
жатқанда Кейденнен сүйінші хабар
жетті. Ағайынды Әбжаппаровтар құтыға
құйылған «Кәусар» атты жүгері су-
сынын шығарыпты. Алайда ол әзірге
сынақ мақсатында. Толық қуатында
жұмыс жасауға шағын зауыт қажет. Ал,
оған қомақты қаржы қажет...
К
КҮГЕРІ
О
ТАНДЫҚ
Ө
НІМ
пен
2
11 ақпан,
2017 жыл
НАРЫҚ
Email: samat_abdish@mail.ru
«Үйдегі
көңілді
базардағы
нарық
бұзады».
Бұл
нақыл
бүгінде өз өміршеңдігін көрсетуде.
Жетілген жеткіншек пен жалын-
ды жастың арманы асқақ. Оқушы
да қатарынан қалғысы келмейді.
Қолындағы қарапайым телефонына
қарап, «Айфон» не «Айпад» алғысы
келеді. Алайда бұл «тістелген
алманың» бағасы асқақтап тұр.
Олай дейтінім, 2016 жылдың
қорытындысымен жаһан нарығын
жаулаған америкалық «Apple»
әлемдегі ең қымбат брендтердің
тізімінде көш бастады. Айтпақшы,
әлгінде айтқан «тістелген алма-
ны» түсінбей тұрған шығарсыз.
Американдық өнертапқыш, бизнес-
магнат Стив Джобс негізін қалаған
«Apple» компаниясы өзінің ноут-
буктары мен «Айфон» смартфон-
дары мен «Айпад» планшеттері
арқылы қалың көпшілікке танымал.
Бұл брендтің басты логотипінде
«тістелген алманың» бейнесі бар.
Хош. Тақырыпқа ойыссақ. «Ай-
фонды» айтып отырған себебім, мы-
нау еді. Жақын бір танысымның ба-
ласы Алматыда студент. Екінші кур-
ста оқиды. Бірінші курсқа барғаннан
бастап, ауылға келген сайын ата-
анасына «Айфон» алып беріңдер
деп қолқа салады. Қаршадай
балаға «қалтафонға емес, білімге
құмар бол» деп қанша ақыл айт-
са да тыңдамайды. Содан не керек,
студент айтқанынан танбай, өткен
жаңа жылдың қарсаңында туылған
күнін сылтауратып ақыры алдыр-
тады. Жаңа жылға қарсы акция
жүріп жатыр деп, 479 990 теңгеге
несие рәсімдеп, «Айфон 7» алады.
Яғни, 2 жыл мерзімге айына 24 мың
теңгеден төлейтін шарты тағы бар.
Осылайша, үйдегі көңіл күйді ақыры
базардағы нарық бұзып тынады.
Тақырыпқа тұздық болсын.
Жаңақорған кентіндегі баға нарқын
бағамдай отырып, «Айфонның»
орнына, яғни, 479 990 теңгеге
не алуға болады? деген сауалға
жауап іздеп көрдік. Бақсақ,
біраз бұйым алуға болады екен.
Ерінбей есептегіш құралға са-
лып, тізбектедік. Сонымен,
479 990 теңгеге: 50 келілік
95 қап ұн, 6857 дана бөлке
нан, 17 777 дана жұмыртқа,
5 литрлік 239 дана өсімдік
май және 20 қой алуға бо-
лады. Әрине, тізбектей берсең
тізбектеле береді. Ал, әлеуметтік
тұрғыда 75000 теңгеден 6
адамға «Шипажайға» жол-
дама, 11 зейнеткердің ай
сайынғы ең төменгі 42 000
теңгеден зейнетақысы, жал-
дамалы пәтер ақыға 15 мың
теңгеден төлеп, 2 жарым жыл
күнелтуге болады екен. Айтпақшы,
әзілге жақын Әлібек деген бойдақ
әріптесім бар. Ол айтады: «479
990 теңгем болса, үйленіп алар
едім. Қалың малдың қаржысы ғой»
дейді. Жәә..осы тұстан түйіндейік.
Әңгіменің әлқиссасын Стив
Джобстан бастадық қой. Енді со-
дан аяқтайық. Американдық журна-
лист оған мынадай сұрақ қойыпты:
«Сіздің балаларыңыз айпадтан бас
алмайтын шығар?» десе, Стив:
«Балаларым оны пайдаланбай-
ды. Біз балалардың компьютер ба-
сында өткізетін уақыттарын қатаң
қадағалаймыз» депті. Иә, негізінен
негізін қалаушы өнертапқыштың
өзі ұлдарына ұялы тұтқа ұстауда
тыйым салуының себебі бар.
Сол себепті біз Стивтің қанатты
сөздерімен сабақтасақ: «Пысық
бол. Әр кез зор мақсат қоя біл.
Мыңдаған ойдың ішінен тез ара-
да тиянақты түрде жүзеге асы-
ратынын таңда. Бірінші қадам-ең
күрделі нәрсе. Еш ойланбай атта!
Жүрегің мен түйсігіңе сенетіндей
батыл бол!». «Кішкентайдан баста,
ұлы мақсатты арманда. Қарапайым
бір-екі істен бастасаң, күрделісіне
де жетесің. Ертеңгі күнді ғана ойлап
тоқтама. Келешекті де ойла. «Бүкіл
әлемге не бере алам» деп ойла».
Тереңінен
түсінгенге
тама-
ша тәмсіл жатыр. Тек, ата-ана мен
ата-әжесінің зейнетақысына арқа
сүйеуді артқа тастап, болашақтың
жарқын болуына бастайтын ілкімді
істерді қолға алу – заман тала-
бы. Жастар да соны түсінсе игі.
Яғни, сол 479 990 теңгеге анаңды
қажылыққа жіберуге болады. Не-
месе сол смартфонның бетін сипай
бергенше, анаңның ақ шалған са-
майынан сипасаң сауаптың астын-
да қаларың сөзсіз.
«АЙФОН»
алғанша...
Жасыратыны жоқ бүгінгі қоғамдағы көрінбейтін
мәселенің бірі – қарыз. Өмір болғаннан кейін, бірде
көл, бірде шөл боласың. «Басқа түссе баспақшыл»
демекші, кейде аяқ-асты қаржы керек болып, өзгенің
есігін қағасың. Алайда, шындығына келгенде қолма-қол
қарызға ақша беретіндер санаты аз бүгінде. Ал, жолы
болып, қарыз ала қалса уақытында қайтармайды. Құтты
бір қайтарымы жоқ қаржыдай көреді. Содан беруші
тарап өкпесі қара қазандай боп «қолыңмен беріп,
аяғыңмен жинайсың» деп, кент орталығындағы «Халық
Банк» және «Казпошта» ғимараты алдын күзетеді. Ол
да белгілі уақыт. Әр айдың 20-на дейінгі уақыт. Яғни,
зейнетақы мен жұмысшыларға жалақы беретін күн.
Көбіне алақанын ысқылап күзететіндер қатарында сау-
дагерлер мен қасапшылықты кәсіп еткендер. Бірі затын,
енді бірі сойған соғымының ақшасын сұрайды. Бізде
қызықпыз ғой. Қыстың күні рахатына сиыр етін жеп ала-
мыз да, ақпан айындағы айлықтан бергіміз келмейді.
Қайта керісінше енді наурыз айының айлығына кім сиыр
сояды екен деп тағы қасапшы іздестіреміз. Дана қазақ
тауып айтқан. «Қарыз қатынас бұзады». Бабалардан
қалған бұл өсиет өз өміршеңдігін көрсетуде. Мұқтаж
кезінде табаны тозып теңгесін алып алғаннан кейін,
«Не болды сонша, береміз ғой» деп дікеңдейді. Ақша
жүрген жерде ағайындыққа сызат түсіп, алыстан арала-
сатын халге жеткендері бар қоғамда.
Хош. Әзірге бұл қарыз түрін осы жерден бір
қайырып, тұрғындардың әлеуметтік қызмет түрлеріне
берешегін білейік.
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ПАРЫЗ
Игілігіне коммуналдық қызмет түрлерін пайдала-
нып, кейін төлеміне келгенде салғырттық танытатын
тұрғындар бар. Бір қуанарлығы, кент орталығындағы
тұрғындардың ауыз су төлеміне қатысты қарыз жоқ
екен. Мұны ауыз суға жауапты мекеменің мамандары-
нан білдік. Ал, көлік салығына қарызы барлардың тізімі
айдың аяғында белгілі болатындықтан бұл мәліметке
қол жеткізе алмадық. Десе де, алимент төлемей әкелік
жауапкершіліктен қашып жүрген жандардың қарызын
таптық. Бұл жөнінде «Жаңақорған ауданының аумақтық
бөлімі» филиалының басшысы, аға сот орындаушы-
сы Балқожа Байжанов аудандағы алимент төлеуден
жалтарып жүрген әкелер жайлы мәлімет берді. Аға
сот орындаушысының айтуынша, бүгінде филиал
өндірісінде, алимент өндіру санатындағы атқарушылық
өндірістердің саны қазіргі таңда 361-і құрап отыр
екен. Осы 361 атқару құжатының 260 борышкердің
жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріліп,
мерзімді орындау барысында болса, ал, 91 атқарушылық
өндіріс бойынша, борышкерлер өз еркімен, шамалары
жеткенше төлеп, алимент өндіру туралы сот шешімін
орындап келе жатқанын жектізді.
– Бөлім өндірісінде, алимент төлемдерін өндіру
санатындаға «проблемалық алименттер» қатарына 10
борышкер кіріп отыр. Борышкерлер, сот шешімі шыққан
сәттен бастап, алимент төлеуден жалтарып, қасақана
түрде төлемей, алименттен берешектері жинақталған.
Мәселен, филиал өндірісіндегі Жаңақорған аудандық
сотының 21.06.2005 жылғы шешіміне сәйкес, борышкер
Б.Т. деген азаматтың бір балаға алимент өндіру туралы
атқарушылық құжаты бойынша борышкердің алимент-
тен берешегі қазіргі таңға 1 863 217 теңгені құрап отыр.
Осындай атқарушылық құжаттар бойынша тағы 9 бо-
рышкер бар, – деді аға сот орындаушысы Балқожа Бай-
жанов.
НЕСИЕ – НЕСІБЕ МЕ, ӘЛДЕ...
Бүгінгі таңдағы қарыздың заңдық түрі – несие.
Үстінде үстеме пайызымен. Алу оңай – қайтару қиын.
Несін айтасың, несиеге келін түсіріп, қыз ұзатып жа-
тыр көпшілік. Бұрынғыдай шаңын шығарып үй аула-
сына той жасау жоқ. Түгіскеннен ары қарай Түркістан
шаһарына шапқылайды. Берісі аудан орталығындағы
тойханаларды жалдайды. 2016 жылы той жасаған
тұрғындардан сұрау салып көрдік. Ең төмені банктен
1,5 миллион, теңге несие алған. Жәә..тізбектей берсең
тізбектеле береді. Түйінді мына мәліметпен тәмамдасам.
Статистикалық сандарды сөйлетсек. Елімізде «Пер-
вое кредитное бюро» деген тәуелсіз жауапкершілігі
шектеулі серіктестік бар. Сол орталықтың 2017 жылдың
1-қаңтарына дейінгі мәліметтер базасына сенсек,
Қазақстан бойынша 7, 560, 144 жеке тұлға және 90,
957 заңды тұлға кредит алған.
Иә, адамзат баласы тіршілігінде үш нәрседен
құтылуға асығу керек екен. Соның бірі қарыздан құтылу.
Яғни, қарыз – құтылу парыз.
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚИЫН?
Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастай-
ды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 мил-
лион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Соның
бірі – «Даму» акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттің субсидия беруі
есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар
үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы
банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады.
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің
несиелік тұрғын үй салуы жалғасады.
ДЕРЕК
ПЕН
ДӘ
ЙЕК
ЖОЛДАУ ЖҮГІ
ЕЛБАСЫ БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН
АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ҮКІМЕТКЕ ПӘРМЕНДІ ТАПСЫР-
МАЛАР ЖҮКТЕДІ. БАҒДАРЛАМАДАН ТУЫНДАҒАН ТӨРТ
БАСЫМДЫҚТЫ АЙРЫҚША АТАП ӨТСЕК.
2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы
2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық
зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап, жаңа әдістеме
бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу
өтіліне байланысты белгіленеді. Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық
зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе
арттыруға мүмкіндік береді.
Елімізде жыл сайын
400 мыңға жуық бала ту-
ады, бұл – 1999 жылғы
деңгейден 2 есе дерлік
жоғары. Мұндай жақсы
үрдісті алдағы уақытта
да сақтау керек. 2017
жылғы 1 шілдеден бастап
бала туғанда берілетін бір
реттік жәрдемақы көлемі
20%-ға өсіріледі.
2018 жылғы 1 қаңтардан ба-
стап атаулы әлеуметтік көмек
көрсету шегін ең төменгі күнкөріс
шегінің 40 пайызынан 50 пайызға
дейін өсіріп, оның жаңа фор-
матын енгізу керек. Бұл ретте
жұмыс істеуге қабілетті адамның
бәрі тек жұмыспен қамту
бағдарламасына қатысу шарты
арқылы ғана қолдауға ие болуға
тиіс.
USD 323.96−0.66
EUR 346.57+1.01
RUB 5.49+0.03
ВАЛЮТА БАҒАМЫ:
10.02.2017Ж.
БЕТТІҢ ЭКОНОМИСТІ Әбдісамат ӘБДІШ.
http://zhanaqorgan-tynysy.kz/
ОБ УСТАНОВЛЕНИИ
КВОТЫ РАБОЧИХ МЕСТ
В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 23 ноя-
бря 2015 года «Трудовой кодекс Республики Казахстан», Зако-
ном Республики Казахстан от
6 апреля 2016 года «О занятости населения» акимат Жана-
корганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Установить квоту для трудоустройства от численности ра-
бочих мест в размере трех процентов на 2017 год:
1) для лиц, состоящих на учете службы пробации;
2) для лиц, освобожденных из мест лишения свободы;
3) для граждан из числа молодежи, потерявших или остав-
шихся до наступления совершеннолетия без попечения родите-
лей, являющихся выпускниками организаций образования.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления воз-
ложить на курирующего заместителя акима района.
3. Настоящее постановление вводится в действие по исте-
чении десяти календарных дней после дня первого официаль-
ного опубликования.
Ғ. ӘМІРЕЕВ,
аким Жанакорганского района.
ОБ УСТАНОВЛЕНИИ КВОТЫ
РАБОЧИХ МЕСТ ДЛЯ ИНВАЛИДОВ
В соответствии с подпунктом 6) статьи 9 Закона Республики
Казахстан от 6 апреля 2016 года «О занятости населения», под-
пунктом 1) статьи 31 Закона Республики Казахстан от 13 апре-
ля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике
Казахстан» акимат Жанакорганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Установить квоту рабочих мест для трудостройства ин-
валидов без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с
вредными, опасными условиями труда организациям со списоч-
ной численностью работников:
1) от пятидесяти до ста человек- в размере двух процентов
списочной численности работников;
2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек- в размере
трех процентов списочной численности работников;
3) свыше двухсот пятидесяти одного человек- в размере че-
тырех процентов списочной численности работников.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления воз-
ложить на курирующего заместителя акима района.
3. Настоящее постановление вводится в действие по исте-
чении десяти календарных дней после дня первого официаль-
ного опубликования.
Ғ. ӘМІРЕЕВ,
аким Жанакорганского района.
ЖОБА
МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ
КВОТАСЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6)
тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13
сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік
қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес
Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті
жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді
жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік
саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) елуден жүз адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік
санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүзден-екі жұз адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік
санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елуден артық адам –жұмыскерлердің тізімдік
санының төрт пайызы мөлшерінде.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін ау-
дан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ғ. ӘМІРЕЕВ,
Жаңақорған ауданының әкімі.
ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА
КВОТА БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» Қазақстан
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне,
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының
2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға жұмыс орындары санының үш пайызы
мөлшерінде:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдар үшін;
3) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған
немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін ау-
дан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ғ.ӘМІРЕЕВ
Жаңақорған ауданының әкімі.
КӨҢІЛ АЙТУ
«Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі»
ұжымы осы оқу орнының Құқық тану пәнінің
оқытушысы Үсейінов Мұсаханға анасы
Гүлжамалдың
қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
ЖАН ӘКЕНІ ЕСКЕ АЛУ
Тіршілігінде үлкендерге тілекші
іні, кішілерге қамқор аға, аяу-
лы жар, арқа сүйер әкеміз Сәдібек
Шертекұлының дүниеден озғанына
бір жыл толды. Күндер өткен сайын
сағыныш сезімі ұлғайып, әке орыны
ойсырап тұрғандай.
Бір жыл өтті асқар тауым құлағалы,
Бір жыл өтті анам іздеп жылағалы.
Әр күніміз сағынышпен өткенімен,
Жүрегіміз әке деп соғады әлі.
Тәрбиеңді көріп өстік жасымыздан,
Ешкім сендей сипамаған басымыз-
дан.
Түсіне алмай қалдық әке артыңда,
Кетуің де болды – ау бізге тосыннан.
Алла салды басымызға сынақты,
Жиі еске алсын деп пе жылатты.
Қайғысы мен қызығы көп өмір – ай,
Бірде көтеріп, бірде жығып құлатты.
Қайғымызға ортақтасқан барша ағайын-туыс, құда-
жекжаттарды және тілеулес жандарды Жаңақорған кенті,
М. Жаппаров көшесі №2 үйде 25 ақпан күні берілетін
қонақасына, 26 ақпан күні жылдық асына шақырамыз.
Асқа шақырушылар: Жары Шолпан, ұл-қыздары.
ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС
Жаңақорған аудандық білім бөлімі мемлекеттік орта білім
беру ұйымдарының басшыларының орналасуына конкурс жа-
риялайды
1.Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде
орналасқан №169 Н.Ильялетдинов атындағы орта
мектеп директоры қызметіне
2.Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында
орналасқан №168 И.Әбдікәрімов атындағы орта мек-
теп директоры қызметіне
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен
бекітілген қағидасына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы
(педагогикалық немесе бейіні бойынша); 2. педагогикалық
жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы немесе білім
беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында не-
месе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің 5
жылдан кем болмауы; 3. бірінші немесе жоғары біліктілік
санатының болуы; 4. үш жылдан кем емес педагогикалық са-
лада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру
ұйымының бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында немесе
ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жыл-
дан кем болмауы; 5.облыстық білім басқармасының кандида-
тура бойынша келісімінің болуы; 6.сотталмаған болуы тиіс .
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін
оның Жарғысына сәйкес басқа да нормативтік актілерге
сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе
отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын,
бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген
уческедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз
ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз
етеді. Оқу тәрбие процесін ғылыми –әдістемелік және
материалдық- техникалық базасын ұйымдастырады және
жетілдіреді.Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді
ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың дамуынқамтамасыз етеді.Педагогикалық
ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары
қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес
оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады,
оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз етеді.Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің
заңды құқығы мен мүдделерін (жеке,мүліктік,баспаналық,
еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байла-
нысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап
бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен
қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім
алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру
ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын
сақтауға қажетті жағдай жасайды.Оқушыларды қорғау және
олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және
медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және
оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім
беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл
сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық
қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-
материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын
қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-
гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін
сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді
және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын,
қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын
бекітеді,олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жа-
сайды.Педагогикалық кеңесті басқарады.Белгіленген тәртіп
бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді.Қызмет
барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім
беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай
марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзіретінің
аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмасты-
рушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және
басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті
есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз
етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституция-
сын, Қазақстан Республикасы «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасы бала құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан
Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айы-
рылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзету арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет
туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық
бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз
қалуының алдын алу туралы», Заңдарын және басқа да білім
беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актлерді; педагогика мен психоло-
гия негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психология-
ны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;
менеджмент негіздерін,қаржы-шарушылық қызмет туралы
заңнамаларын; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника
қауіпсіздігі және өртке қарсы қолданудың ережелері мен нор-
маларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар Жаңақорған
аудандық білім бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты
тіркеу орынын, нақты тұратын жерін, байланыс телефонда-
рын көрстумен қоса өтініш;
2)
нотариялды
куәландырылған
жеке
тұлғаны
куәландыратын құжат көшірмесі;
3) нотариялды куәландырылған білім туралы құжат
көшірмесі;
4) нотариялды куәландырылған еңбек кітапшасының
көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырылған
фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып
бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариялды куәландырылған бар біліктілік санат неме-
се ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық куәландыру туралы құжат ;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама ұсынуы қажет;
- Аталған құжаттардың бірінің болимауы кандидатты
конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.
Азаматтар өздерінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби
денгейі (кәсіби біліктілігін арттырған жайлы, ғылыми атағы
және дәрежесін алғаны туралы құжаттардың, мінездемелердің,
ұсыныстардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқа
көшірмелері) туралы қосымша ақпарат ұсына алады.
Конкурсқа үміткерлер конкурсқа қатысу үшін құжаттарын
конкурс өткізу жөнінде аталмыш хабарландыру жарияланған
мезеттен бастап 15 күннің ішінде құжаттарын өткізуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес
жұмыс күні ішінде комиссия қатысушының біліктілік та-
лаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Конкурсқа
қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес мәніне
бағалаудың нәтижелері бойынша комиссия дауыс беру жо-
лымен біліктілік талаптарына сәйкес келген кандидаттардың
тізімін бекіту туралы немесе әнгімелесуге жіберуден бас тар-
ту туралы шешімдер қабылдайды.
Ұйым үш жұмыс күннің ішінде біліктілік талаптары-
на сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды оларды кан-
дидат ретінде бекіту ,әңгімелесу өтетін күн, уақыт және
орын туралы хабардар етеді. Бұл ретте әңгімелесу өтетін күн
кандидаттардың әңгімелесуге келуі үшін қажетті уақытты
қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа
қатысушыларды әңгімелесуге жіберілмейтін себебі туралы ха-
барландырады.
Үміткерлермен
әңгімелесу
мына
мекен-жайда
жүргізіледі:120300 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы,
Құрманғазы көшесі №53А телефон (8 72435) 25-0-43, (25-0-
48 кадр бөлімі)
Аталмыш басшылыққа орналасқан адам үшін көтерме
шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер
ұсынылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |