11 АҚпан сенбі 2017 жыл


қасиет.  Балалық  шағыңызда  есіңізден  кетпе-



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата06.03.2017
өлшемі10,76 Mb.
#7857
1   2   3   4

қасиет.  Балалық  шағыңызда  есіңізден  кетпе-

стей  оқиға  ретінде  өміріңізден  орын  алған,  қатты 

намыстанған кезіңіз болды ма?

–  Намысшылдық  –  ер  жігіт  үшін  аса  қажет  қасиет!  На-

мыссыз  адамнан  бірдеңе  күту  қиын,  ешуақытта  ештеңе  де 

шықпайды. Мектепте оқып жүргенде математика пәнінен на-

шарлау болдым. Ұстазым «сен математиканы дұрыс меңгере 

алмасаң, жөні түзу маман болмайсың» деп ұрсатын. Осы сөз 

мені қатты намыстандырды. Ой қуып, қағаз шимайлап, жа-

зушы болып кеткенім де содан шығар, бәлкім!



– Сіз үшін ыстық, өмірлік жолыңызға бағыт бер-

ген, естен кетпейтін әкелік ақыл...

– Әкем аз сөйлеп, көп нәрсені ыммен білдіретін. Берекесіз 

іс-әрекетті  аса  ұнатпайтын.  Астарлы  әзілі  де  болушы  еді. 

Ақылды-парасатты  әзіл  еді  бірақ!  «Кім  болсаң  ол  бол,  тек 

адал жолды таңда» дегені есімнен кетпейді.

–  Есейіп,  ой  тоқтатқан  кезім  деп  өміріңіздің  қай 

кезін айта аласыз?

– Әрине, оқуды аяқтап, қызметке араласқан кезді айтуға 

болар. Яғни, 1979 жылдан басталады.

– Мың жылда бір келетін тұлғалар қайталанбайтын 

туындыларды  дүниеге  алып  келеді.  Жалпы  сіздің 

ішкі  жан  дүниеңізбен  жақын,  қайта-қайта  оқыған 

қаламгер, не әдебиет бар ма?

–  Әлем  әдебиетінен  Джек  Лондонның  «Мартин  Иден» 

романын  қайта-қайта  оқығанмын.  Орыстың  классик  жа-

зушыларынан  Чехов  пен  Гогольді,  өзімізден  М.Әуезов 

пен  Б.Майлинді  ұнаттым.  Өзім  көрген  Б.Соқпақбаев, 

Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбай, А.Сүлейменов, О.Бөкей  т.б. орны 

маған мейлінше бөлек.

– Сізге сөз өнері қайдан дарыған?

–  Сөз  өнері  ауылдағы  қазыналы  қариялардан  дарыған 

болар, сірә!

–  Жақсы  қаламгер  болу  үшін  адамның  бойында 

қандай қасиеттер болуы тиіс?

–  Жақсы  қаламгер  болу  үшін  ең  бірінші  керегі  – 

байқампаздық!  Сезімтал  болмасаңыз,  қолға  қалам 

ұстап керек емес. Байқампаздық пен сезімталдық 

– түйсіктің шапшаңдығы...

  Сізді  жазушы,  ғалым,  драматург, 



философ ретінде танимыз. Алла-Тағала 

бір басыңызға бірнеше адамға жүк бо-

латын қабілет-қарымды дарытыпты. Сіз игерген сан-

саланың қайсысының жүгі ауыр?

–  Осы  жасыма  дейін,  енді  ойлап  байқасам,  біраз  сала-

да еңбек еткен екенбіз. Ғылымға да барыппыз, тарихқа да 

сүңгіппіз.  Алаш  арыстарын  да  тірілтпек  болыппыз.  Көркем 

әдебиетте  проза  мен  драматургияға  құштарланыппыз.  Ал, 

солардың  қайсысының  жүгі  ауыр  десек,  жауап  айту  қиын. 

Қай-қайсысы да оп-оңай жазылмайды. Қайсысына да қажыр, 

талап,  еңбек,  жанкештілік  керек.  Ең  бастысы  –  ынта  мен 

ықыласты жоғалтып алмаған мақұл!

–  Әдебиет  айдынына  балаларға  арналған  әңгіме 

повестермен  келдіңіз.  Содан  кейін  прозаға  иек 

арттыңыз. Солай емес пе?

– Бала күнімнен әдебиетке құштар болғаным рас. Көрнекті 

қаламгер  Бердібек  Соқпақбаевтың  барлық  шығармаларын 

сүйіп оқыдым. Одан кейін бір топырақтан шыққан Тынымбай 

Нұрмағамбетовтің  «Қош  бол,  ата!»,  «Қарлығаштың  ұясы» 

деген  повестерін  оқығанда,  қанттың  қиығындай  еріп  жүре 

беретін тамаша повестері жарық көрді. Осы дүниелер еліте 

түсіп, балалар тақырыбына жазуға жетеледі. Университеттің 

бірінші  курсында  оқып  жүргенде,  «Балдырған»  журна-

лы  бір  беттік  әңгімеге  байқау  жариялады.  Содан  ойланып 

жүріп,  «Ала  торғай»  деген  әңгіме  жаздым.  Оқиғасы  қысқа 

ғана. Ауылда болған, өз басымнан өткен хикая. Соны айна 

қатесіз, шамалы көркемдеп, сол қалпында қағазға түсірдім. 

Алақандай  ғана  дүнием  балалар  әдебиетіне  қалам  тербеп 

жүрген мүйізі қарағайдай қаламгерлермен қатарласып бәйге 

алды. Ол маған шабыт берді. Бесінші курста «Біздің коман-

да» деген алғашқым кітабым, одан кейін «Күн тәртібі» де-

ген екінші жинағым жарық көрді. Бұл – балаларға арналған 

кітапшалар еді.

Сексенінші  жылдардың  соңына  таман,  жариялық  желі 

оңынан  соғып,  алаш  ардақтылары  ақтала  бастады.  Осы 

тақырыпта  ізденіп,  қалам  тарта  бастадым.  Яғни,  алаштық 

тұлғаларды  зерттедім,  кітап  жаздым,  кандидаттық  диссер-

тация қорғадым. Осылайша балалар әдебиетінен жылыстап, 

алашшыл  қайраткерлер  жайлы  ізденудің  арқасында  проза 

жанрына қадам бастым. 



–  Сіз  Сұлтанбек  Қожанов,  Садықбек  Сапарбеков, 

Нәзір  Төреқұловтың  іздеушісі  болдыңыз.  Олар  жай-

лы  зерттеп,  зерделеп,  оқырмандарға  туындылар 

ұсындыңыз. Жалпы, алаш тұлғалары жайлы біз біле 

бермейтін қандай тың деректеріңіз бар?

– Оны толық ашып, тауысып жазу мүмкін емес. Қазақтың 

басынан  кешкен  кешегі  жиырмасыншы  жылдардың  орта 

кезінде болған ауыр зұлматтарды бүге-шігесіне дейін, індетіп 

жазу үшін сол кездегі тарихи құжаттар айналымға молынан 

енуі қажет. Біз әлі мұхиттағы айсберг секілді оның үштен бір 

бөлігін ғана көрдік. Үштен екісі су түбінде қалған секілді ар-

хивте  жатуы  кәдік.  Сондықтан  біз  қолға  түскен  деректер-

мен ғана арыстар жайында сөз қозғадық. Оның бастаушысы, 

қайраткерлерімізді  там-тұмдап  халыққа  жеткізуші  болдық. 

Жоғарыда айтылған тұлғалардың барлығы ұлтымыздың та-

рихында өз орны бар ардақтылар екендігі анық.

  Енді  өзіңіз  жайлыға  көшсек.  Алғашқы 

махаббатыңыз туындыңызға арқау болды ма?

– Менің «Оянған ұрпақ» деген романымды оқыңыз. Со-

дан табасыз. Сонда бәрі де бар...

– Үйдегі отанасымен қалай таныстыңыз?

– Ботагөз екеуміз тым алыс, бөгде адамдар емес едік. Бір 

елден, бір жерденбіз. Жас кезден бір-бірімізді білдік. Қазір 

екі  ұл,  екі  қыздың  ата-анасымыз,  немерелер  өсіп  келеді. 

Осыдан артық бақыт бола ма?

–  Қандай  әкесіз?  Балаларыңызға  қандай  тәрбие 

беруге күш саласыз?

–  Балаларыммен  үнемі  сөйлесіп-пікірлесіп  отырамын. 

Олармен өзімді тең санаймын. Кейде ақылдасып та қоямын. 

Қазір бәрі де жас емес, есейіп, ес тоқтатты, азамат болды, 

бәрі  де  жауапты  қызметтер  атқарып  жатыр,  өмір-танымы 

мені қанағаттандырады. 



–  Сіздің  алғашқы  шығармаларыңыз  балалар 

туралы  болғанын  жақсы  білеміз.  Тартымды  да 

қызықты  жазылған  «Біздің  команда»  деп  аталатын 

туындыңызды  бір  деммен  оқып  шыққанбыз.  Келе-

шекте осы бағытта шығарма жазу ойда бар ма?

– Алғашы кітабым – «Біздің команда» деп аталды, ол 1979 

жылы, мемлекеттік университеттің 5-курсында жүргенде ба-

спа арқылы жарық көрді. Сосынғы екінші кітап та балаларға 

арналған.  «Күн  тәртібі»  деп  аталатын.  1990  жылы  «Жа-

лын»  баспасынан  шыққан.  Айта  кетуге  болады,  балаларға 

жазылған әңгіме-ертегілерім «Балдырған» журналының екі-

үш дүркін бәйгесін жеңіп алған. Бірнеше әңгіме-ертегілерім 

осы кезде төменгі сынып оқушыларының «Әдебиеттік оқу» 

кітабына  енген.  Жалпы  балаларға  арнап  қазір  де  жазғым 

келіп тұрады, әттең оған қол тие бермейді, басқа жұмыстар 

кимелеп кетеді. Келешекте жас бүлдіршіндер сүйсініп оқитын 

әңгіме, не повесть жазсам ба деп армандап қоямын.

– Соңғы сауал. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

–  Бос  уақыт  деген  бар  ма  осы  күні?  Әзірге  жауап-

ты  қызметтемін.  Қала  берді  отбасы  мәселелері  кимелейді, 

сосын  кей  театрлардың  өтініш-тілегімен  жазып  жүрген 

драмалық  шығармалар...  Сөз  ретінде  айта  кетейін  –  менің 

30-ға  тарта  пьесаларымның  тең  жартысы  республика  дра-

ма  театрларында  сахналануда.  Кейбірі  10-15  жыл  бойы 

үздіксіз  қойылып  келеді.  Ал,  қол  қалт  еткен  кезде  еп-

теп  бильярд  ойнап  қоятынымыз  бар.  «Егемен  Қазақстан» 

газетінің 95-жылдығына орай Астана қаламгерлері арасын-

да тастаяқтан өткен тайталаста бас жүлдені қанжығалап, ку-

бокты жеңіп алғанымды да мақтанып айтып қояйыншы!

Ал шындығын айтқанда, тап осы кезде менде аса көп бос 

уақыт жоқ десе де болады. 



ТҮЙІН. «Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз 

зергері, зергері болғанда жәй ғана зергер емес, сөз арқылы 

адамның  жан  дүниесін,  сана-сезімін  тәрбиелейтін  зергер. 

Сондықтан да ол «адам жанының инженері», депті көрнекті 

жазушы  Сәкен  Сейфуллин.  Нағыз  қаламгерге  берілген  си-

паттама.  Әсілінде,  жазушы  атаулы  оқырманын,  оқушысын 

кестелі  сөзімен,  орамды  ойымен  рухани  тәрбиелеп,  үмітін 

шыңдауы қажет-ақ. Міне, осындай асыл қасиеттер Жолтай 

Әлмашұлының бойынан табуға болады...

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.

Төрткүл дүние көз тіккен 

Бүкіләлемдік XXVIII қысқы Уни-

версиада ойындарының алауы 

сөндірілді. Алматы шаһарында өткен 

аламанда қазақстандық спортшылар 

рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. 

Жалпы, Универсиада несімен есте 

қалды, соны саралап көрейік.

Алдымен, 

ел 

қоржынындағы 



жүлделерге 

тоқталсақ. 

Қазақстан 

Егемендік  алғалы  Универсиада  ойында-

рына  1993  жылдан  бастап  қатысып,  18 

алтын,  13  күміс  және  13  қола,  барлығы 

44  медаль  еншілеп  үлгерген.  Бұл  сегіз 

Универсиаданың  қорытындысы.  Ал,  биыл 

36  жүлде  еншімізде.  Оның  11  алтын,  8 

күміс  және  17  қола.  Айта  кететіні,  қола 

жүлдені  ең  көп  еншілеген  қазақстандық 

спортшылар  қарсыластарынан  оқ  бойы 

озық тұр. Бұл биіктік қысқы спорт түрінен 

қазақ 


спортшыларының 

қаншалықты 

бәсекеге 

қабілетті 

екенін 

көрсетті. 



Шыны  керек,  жарыстың  негізгі  тарты-

сы  Қазақстан,  Ресей  және  Оңтүстік  Корея 

елдерінің  арасында  өрбіді.  Нәтижесінде 

71  медаль  еншілеген  ресейліктер  бірінші, 

ал,  қазақстандық  құрама  екінші  орынға 

тұрақтады.  Кәріс  спортшылары  үздік 

үштікті  қорытындылады.  Ал,  Алатаудың 

теріскей  бетін  қоныс  еткен  қырғыз 

ағайындар мен ала шапанды өзбек спорт-

шылар жүлдесіз қалды. 

Иә,  көпшілік  асыға  күткен  жарыстың 

алғашқы  күнінен  бастап  тартысқа  толы 

бәсекелерге  куә  болдық.  Төгілген  тер, 

мұқалмас  жігердің  арқасында  ел  сенімін 

ақтау 

жолында 


спортшылар 

аянып 


қалмады.  Қазақстан  құрамасы  Универси-

ада  ойындарының  бірінші  күнінде  үш  ме-

даль жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға 

тұрақтады. Бір күміс, екі қола. Ал, көптен 

күткен  алтынға  алғашқы  болып  биатлон-

шы  қыз  Алина  Райкова  қол  жеткізді.  Ол 

биатлоннан  15  шақырымға  еркін  стильде 

сайысқа түсіп, 9:48.7 уақыт көрсеткішімен 

бірінші болып келді. Сонымен қатар, Гали-

на  Вишневская  отандасынан  2:21.1  уақыт 

қалып,  екінші  орынға  тұрақтады.  Ал,  ел 

қоржынына  он  бірінші  алтынды  Галина 

Вишневская салып берді. 12.5 шақырымдық 

масс-старт  сынында  қазақстандық  спорт-

шы  36:15.4  минут    уақыт  көрсеткішімен 

жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, аралас эста-

фета мен 15 шақырымдық жекелей сында 

ол күміс алған еді.

Жарыстың  соңғы  күні  Универсиа-

да  алаңында  соңғы  үш  медаль  жиынтығы 

сарапқа  салынған  болатын.  «Алатау» 

шаңғы-биатлон  кешенінде  ерлер  арасын-

да  30  шақырымға  масс-старттан  шаңғы 

бәйгесі өтті. Осы бәсекеде мәре сызығына 

соңғы  метрлер  қалғанда  тартысты  күрес 

Ресей  мен  Қазақстан  спортшылары  ара-

сында  өрбіді.  Нәтижесінде  ресейлік  Дми-

трий  Ростовцев  бірінші,  отандасымыз  Ва-

лерий Гонтарь бар-жоғы 0,3 секундқа одан 

қалып,  екінші  орынға  қол  созды.  Жеңіс 

тұғырына үшінші болып тағы қазақстандық 

Сергей Малышев көтерілді. 

Ал, 

барлық 


қарсыластарын 

жа-


рыс  жолынан  сүріндірген  қазақстандық 

хоккейшілер ақтық сында ескі қарсыластары 

ресейліктерге  жол  берді.  Швеция,  Қытай, 

Чехия сынды елдердің алдын орап кеткен 

хоккейшілер  күмісті  еншілеп,  Қазақстан 

құрамасына жарыстағы соңғы жүлдені тар-

ту  етті. Жалпы,  Қазақстан құрамасына  ең 

көп медаль сыйлаған Анна Шевченко бол-

ды. Бір өзі мойнына бес медаль тақты. Бір 

алтын, бір күміс, 3 қола.

Сондай-ақ, 

Универсиада 

ойында-

ры  тарихта  студенттер  жарысына  кел-



ген  көрермендермен  есте  қалды.  Биыл 

қысқы  ойындарға  230  мың  адам  келіпті. 

Бұл  туралы  Универсиада-2017  билет-

пен  қамтамасыз  ету  департаментінің 

жетекшісі  Вадим  Дергачев  хабарлаған. 

Ал, көрермендері ең көп спорт түрі хоккей 

екен. Яғни, бұл спортқа жанкүйерлік еткен 

90 мыңға жуық адам тіркелген.

Сонымен  қазақстандық  спортшылар 

алған жүлделері үшін қанша сыйақы алатын 

болады? Студенттер арасындағы бәсекенің 

басталар  алдында  ҚР  Мәдениет  және 

спорт  министрі  Арыстанбек  Мұхамедиұлы 

Универсиадада  топ  жарған  спортшылар 

4,9 миллион. күміс жүлдегерлер 3,3 милли-

он, ал қола жүлде алғандар 1,6 миллион. 

теңге  көлемінде  сыйақы  алатынын  айтты. 

Сонымен  қатар,  шәкірттері  жүлдегерлер 

қатарына  іліккен  бапкерлер  де  құр  қол 

қалмайтынын жеткізген.

Универсиада  ойындарында  қазақстан-

дық  спортшылар  арасында  ең  көп 

сыйақыны  Галина  Вишневская  ала-

ды  екен.  Бұл  спортшының  Универсиада 

ойындарындағы  сыйақысы  16  миллион. 

400 мың теңгені құрайды. Еншісінде екі ал-

тын екі күміс. 

«...Спорт – бейбітшілік пен татулықтың, 

ынтымақтастық  пен  тілектестіктің  сим-

волы.  Жер  жаһан  көз  тіккен  бұл  Уни-

версиада  –  нағыз  жастық  пен  жігердің 

аламаны,  жарқын  жеңістің  бастауы, 

болашақ  Олимпиада  чемпиондарының 

мектебі».  Бұл  Елбасының  спортшылар-

ды  жеңістерімен  құттықтауында  айтқан 

жігерлі  сөзі.  Енді  ақ  Олимпиада  ойында-

рында  қазақ  спортшылары  Универсиа-

да  да  бағындырған  белестерін  қайталаса 

еңбектің ақталғандығы.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

Тырнақалды туындыларын публи-

цистика бағытында жазып, қара сөзбен 

жазылған көркем шығармада (проза) 

өндіре қалам тербеп, сөз өнерінің ең 

күрделі жанрдың бірі – драматургияда 

құштарлана ізденіске түскен 

Жолтай Әлмашұлының кесек-

кесек туындыларынан елшілдік рух-

ты, адамдық қасиетті, уақыт үнін, қоғам 

тынысын тануға болады. Сондай-ақ, 

ғылыми ізденісінен туындаған дүниелері 

де бір төбе. Бір сөзбен айтқанда, 

Жолтай Әлмашұлын жұрт публи-

цист, жазушы, драматург, ғалым ретінде 

таниды һәм құрметтейді. Бүгінде 

қазақ әдебиетінде өзіндік биігі, өзіндік 

қолтаңбасы бар сөз зергері 60 жастың 

асқарына шығыпты. Мерейтой иесін төл 

мерекесімен құттықтап, аз-кем сұрақтар 

қойған едік.

қазыналы

Сөз өнері

қариялардан

дарыды

СЕНБІЛІК СҰХБАТ

Жолтай Әлмашұлы –  60 жаста

Осыдан  он-он  бес  жыл  бұрын  газетімізде 

«Құрметті азамат деген кім?» деген тақырыпта 

мәселе  көтерген  болатынбыз.  Оның  себебі 

жоқ  емес-ті.  Бұған  дейін  ауданымызда  атал-

мыш  атақты  еншілеген  тұлғалар  саусақпен 

санарлықтай ғана болды. Әрқайсысының жеке-

дара  аты  мен  атағына  келсек,  аймағамызға 

ғана  емес,  бүтін  елдің  игілігіне  із  қалдырған, 

туған  халқының  жүрегінен  орын  алған  сол 

танымалдылардың 

қатарына 

кейін 

келе 


қаптаған  «Құрметтілердің»  көптігінен  нағыз 

асылдарымыздың атынан жаңылып, бейнесінен 

көз жазып қалғандаймыз. 

«Құрметті  азамат»  атағына  ұсынылғандар 

алдымен  ономастикалық  комиссияның  тезінен 

өтуі тиіс-тін. Оның қатқан беріштей қамалын жа-

рып өтіп, жұлдызым жарқырар деген үмітінің іс 

басында  отырған  принципті  тұлғалардың  тала-

бына  келгенде  тауы  қайтып,  тауаны  шағылып, 

талай  құжат  өз  иесіне  қанағаттандырылмай 

қайтарылып жататынын көз көрді. Соңғы кезде 

сыны кетіп, сыры бұлдырлана түскен көп тетіктің 

қатарында бұл салаға да таңылар сын аз емес. 

Аталмыш  атаққа  лайық  шын  таңдаулылардың 

қатарында  қосамжарланып,  тіпті  болмаса  өзін-

өзі ұсынып, шарты келмесе де діттегеніне жету 

үшін  жоғарыдағы  «көкесін»  салмақтап  немесе 

тамыр-таныс жағалап, «сау басын сақинаға са-

лып»  жүретіндердің  арман-дертінің  астарында 

не жатыр? Әлде, атаққұмарлық, мансапқорлық 

дегеніңіз  де  өзекке  түскен  құрт  секілді  жанды 

жеп бітетін жазылмас бір дерт пе? Ала берсе атақ 

жұрттың бәріне жетеді. Бірақ мұнымен атақтың 

да құнын кемітіп, арзандатып алмаймыз ба? Ай-

тар едік, тап бүгіндері «Құрметті азамат» деген 

атақтың дәреже-деңгейі, бедел-биігі, салмақ- са-

рабы,  талғам-талабы  бұрынғымен  салыстыруға 

келмейді. Біз осы көп нәрсеге көзжұмбайлықпен 

қарайтын керенау пиғылымызбен шынайы бол-

мысымыздан  ажырап,  бірімізді-біріміз  алдаған 

құр мақтан, қуыс кеуде, қуыршақ бейнеге айна-

лып бара жатқан жоқпыз ба? 

«Құрметті  атақты  өзгелер  алып  жатқанда 

мен  неге  құр  қалуым    керек,  елге  сіңірген 

еңбегім  аз  ба»  деп  өкпелеп,  билікке  кінә  арта 

беру  орынсыз  сияқты.  Ең  үлкен  атақ  –  елдің 

берген  бағасы.  Халық  –  Құдайдың  жердегі  бір 

аты.  Атақ  –  ешкімге  иман  болмайды.  Ең  алды-

мен біз осыны түсінейікші.

Жалпы,  құрметті  деген  атаққа  қалың  ел 

мойындаған  қалыбымен  қол  артқан,  «ұлық 

болсаң  кішік  бол»  деген  ұстанымымен 

қарапайым ғұмыр кешсе де арттағыға алатаудай 

арна  салып  кеткен  аға-апаларымыздың  асыл 

мұратын жалғастыру, елін шын сүйген тұлғаның 

бар  арман-дерті  осылай  өрілсе  жарасар.  Шын 

құрметтілер, міне, осылар.

Атаққұмарлыққа

неге әуеспіз?

ОҚШАУ

ОЙ

ЖАСТАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

ЖІГЕРЛІ

Баян ҮСЕЙІНОВА

«Еңбек  өнімділігін  айтарлықтай  арттыру  ке-

рек.  Бұл  жерде  негізгі  фактор  өнеркәсіптік  рево-

люция  элементтерін  жаппай  енгізу  болуға  тиіс. 

Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды ин-

телект  «ауқымды  мәліметтер»  алмасу,  тағы  басқа 

міндеттер». Мұндай талаптарды Мемлекет басшы-

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші 

жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге  қабілеттілік»  атты 

Жолдауында айтты. 

Зерттеп,  зерделеп  қарасақ  робот,  робот  техноло-

гия  адамзат  өмірінде  ХХ  ғасырда  кіріпті.  Робот  жайлы 

қойылым  1920  жылы  сахналанды.  Пьеса  чех  жазушысы 

Карел Чепаканың туындысы негінде дайындалады. Көркем 

шығарманың  арқауы  –  фабрика  жұмысының  ешқандай 

адамның  қатысуынсыз  өздігінен  жұмыс  істейтіні  жайлы 

өрбиді. Арада жеті жыл өткенде Нью-Йоркте америкалық 

инженер  Д.Уэксли  дүниежүзілік  көрмеде  өзі  құрастырып 

шыққан  алғашқы  роботты  көрсетті.  Инженер  Уэкслидің 

роботының  жұмыс  істеу  мүмкіндіктері  аз  болды,  ол  тек 

қарапайым ғана қимылдарды орындайтын. Міне, сол кез-

ден бастап «робот» (құлтемір) тіркесі дендеп енді. Тіптен, 

бүгінде адамзаттың бір бөлшегіне айналғандай. 

Робот  құрастыру  индустриясы  саласында  Жапония 

көш басында тұр. Жақында Жапондар алғашқы адамтекті 

құлтемірді таныстырды. SoftBank француздың Альдебаран 

құлтемірін  өндіруші  SAS  Robotics  компаниясымен  бірігіп, 

Pepper  есімді  гуманоидты  құлтемір  жасап  шығарды.  Ро-

бот  эмотивті  құрылғымен  жабдықталған.  Ол  адамның 

келбетіне,  сөйлеу  мәнеріне  қарап,  оның  көңіл-күйін 

анықтай алады екен. Одан бөлек, ақылды құлтемірлер ба-

стауыш  сынып  оқушыларына  дәріс  бере  бастады.  Олар 

оқушылардың бет-әлпетіне қарап, олардың аттарын есіне 

сақтай алады екен. Жапон NHK қоғамының ақпараттарына 

сенсек,  төменгі  сынып  оқушыларының  үйренуге  деген 

ықыласын арттыру үшін Жапон астанасындағы бір баста-

уыш  мектепте  робот  негізгі  оқытушыға  көмекші  ретінде 

жұмыс  жасай  бастаған.  Құлтемір  5  сыныпта  оқитын  110 

оқушының жүзіне қарап оларды тани алғанымен қоймай, 

жаңылмай  бәрінің  аттарын  айта  алады  екен.  Жапонияда 

жүргізушісіз басқарылатын робот-такси қолданысқа енеді. 

Жүргізушісіз басқарылатын бұл такси 4 жылдан кейін Токи-

ода өтетін Олимпиада ойындары кезінде қолданылады деп 

жоспарланып  отыр.  Сондай-ақ,  Күн  шығыс  елінде  білім, 

банк,  ауыл  шаруашылығы  сласында  роботтар  адамдарға 

қызмет көрсете бастады. 

Шыны керек, әлем елдері роботтандыруды мемлекеттік 

бағдарламалар арқылы дамытуды бастап кетті. Ол не үшін 

қажет?


Елбасы  айтқандай,  қазақстандық  кәсіпорындардың 

өнімділігін  технологиялық  желілерді  роботтандыру,  авто-

маттандыру арқылы арттыру арқылы қол жеткізуге бола-

ды.  Яғни,  еңбек  өнімділігін  арттырып,  бәсекеге  қабілетті 

болуға қажет-ақ. Оның үстіне, жасанды интеллект иелері 

сапалы еңбек етіп, шығынды азайтудың арқауы болмақ. 

Роботтардың әлеуметтік саладағы жұмысыда маңызды. 

Мәселен, Қарағанды облысында оқушының орнына робот 

мектепке барып жүр, деген ақпарат тарады. Яғни, қимыл-

тірек жүйесінде ақауы бар балаларға арналған облыстық 

мектеп-интернатында  «Аватар»  роботы  қызмет  ету-

де.  Гуманоид  оқушылардың  виртуалды  түрде  сабақтарға 

қатысуына  көмектесіп,  олардың  мұғалімдермен  және  сы-

ныптастарымен сөйлесулеріне мүмкіндік береді екен. 

Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  үшінші 

жаңғыруға  бастайтын  Жолдауында  роботтандыруға 

басымдықты  беруінің  сыры  осында  жатса  керек-ті.  Ен-

деше,  Робот  индустрияның  дамуы  бәсекеге  қабілетті  30 

елдің арасына қосылуымызды тездететіні ақиқат. 

Мұхтар ШАЛЫСБАЕВ.

НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

ЖОЛДАУ – ЕЛДІКТІҢ АРҚАУЫ



РОБОТТАНДЫРУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет