11 АҚпан сенбі 2017 жыл



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата06.03.2017
өлшемі10,76 Mb.
#7857
  1   2   3   4

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

11 АҚПАН

 СЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№11 (8033)

ҚОЛДАУДЫҢ

2017  жылы  көктемгі  егіс  және 

егін  жинау  жұмыстарын  жүргізу  үшін 

республикалық  бюджеттен  60  млрд. 

теңге бөлінді. Бағдарламаның операторы 

ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» 

АҚ (ары қарай Корпорация) бекітіліпті.

Бағдарлама бойынша қаржыландыру 

үш бағытта жүзеге асады екен.

Біріншісі,  екінші  деңгейлі  банктердің 

кепілдемесі  бойынша  Корпорациядан 

тікелей қаржыландырылады.

Екіншісі,  ауыл  шаруашылығы  тауар 

өндірушілерін  несиелендіру  үшін  екінші 

деңгейлі банктерді қорландыру.

Үшіншісі,  ауыл  шаруашылығы  тау-

ар  өндірушілерін  несиелендіру  үшін  не-

сие  серіктестіктері  мен  микроқаржылық 

ұйымдарды қорландыру.

– 

Тиімді 


несиелердің 

көлемін 


ұлғайтып,  оларды  қолжетімді  ету 

үшін  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі, 

«ҚазАгро» холдингі мен Корпорацияның 

тарапынан ауқымды жұмыстар жасалып 

жатыр. Осының нәтижесінде 2017 жылы 

несиенің  жылдық  көрсеткішін  шамамен 

2  пайызға  дейін  төмендету  мүмкін  бол-

ды, – дейді «Аграрлық несие корпораци-

ясы» АҚ Басқарушы директор-аймақтық 

даму  департаментінің  директоры  Айжан 

Кенжебаева.

Бағдарламаға  сай  екінші  деңгейлі 

банктер арқылы 40 млрд теңге, ал ауыл 

шаруашылығы  тауар  өндірушілеріне 

тікелей  ұсынылатын  сома  15  млрд. 

теңгені  құрайды.  Қалған  5  млрд.  теңге 

несие 

серіктестіктері, 



микроқаржы 

ұйымдары арқылы үлестіріледі екен.

Корпорацияның  тікелей  қарыз  алу-

шылары  үшін  кепілзат  ретінде  екінші 

деңгейлі  банктердің  кепілдемесі  алына-

ды.  Несиенің  жылдық  мөлшерлемесі  3 

пайызды құрайды (5 пайыз болса, биыл 

ол 2 пайызға төмендетілді).

«Аграрлық 

несие 


корпорация-

сы»  АҚ  мәліметіне  сенсек,  несие  екінші 

деңгейлі  банктер  арқылы  берілсе,  кепіл 

банк саясатына сәйкес қойылады. Соңғы 

қарыз  алушы  үшін  несие  мөлшерлемесі 

6  пайыздан  аспайды.  Өйткені  банкке 

қойылатын  мөлшерлеме  3,7  пайыздан 

2  пайызға  дейін  төмендетілді.  Ал,  не-

сие  серіктестіктері  немесе  микроқаржы 

ұйымдары  арқылы  берілсе,  кепілзатқа 

жылжитын  және  жылжымайтын  мүлік 

қойылады  екен.  Айта  кететіні,  не-

сие  серіктестіктері  мен  микроқаржы 

ұйымдары  үшін  пайыздық  мөлшерлеме 

4  пайыз  болады  (бұған  дейін  5  пайыз 

болған).


Бүгінде 

өзін-өзі 

қаржыландыру, 

өзін-өзі басқару негізінде жұмыс жасай-

тын  кооперативтерге  Үкімет  басымдық 

беріп  отырғаны  белгілі.  Яғни,  ауыл 

шаруашылығы 

саласының 

дайын 

өнімдерін  өңдеп,  импорттың  азаюына 



үлес қосатын кооперативтердің жұмысы 

жандандырылады. 

Мұндай 

жұмыс 


Жаңақорған 

ауданында 

қарқынды 

жүруде.  Қазір  ауданда  32  кооператив 

жұмысын  бастады.  Міне,  көктемгі  егіс 

жұмыстарын  несиелендіру  барысын-

да  ауыл  шаруашылық  кооперативтеріне 

басымдық  беріледі  екен.  Яғни,  кор-

порация 

ұсынған 


мүмкіндіктерді 

жаңақорғандық  шаруалар  қолдануға 

мүмкіндік мол.

Дайындаған Айсұлу АЛДАНАЗАР.

Даңқты  батыр  Бауыржан  Момышұлының 

азаматтық, ерлік тұлғасы жайлы роман, повес, 

әңгімелер  және  шығармашылығына  арналған 

зерттеулер    жазылды.  Деректі  және  көркем 

фильмдер  түсіріліп,  спектакльдер  қойылды. 

Одан  бөлек  ел  арасында  шындыққа  бергісіз 

аңыз  көп.  Сондай  әңгіменің  бірі  –  оны  «Мо-

мышев»  деп  атап  шақырғанда,  «Момышев 

дегенді  танымаймын.  Мен  Момышұлымын» 

деп  жоғары  атақ,  орден-медаль,  сый-

сияпаттардан бас тартыпты. 

Жазушы Александр Бек Мәскеуді қорғаған 

батырлардың  ерлігі  жайлы  жазу  үшін  соғыс 

кезінде  Бауыржан  батырға  айлап-жылдап 

еріп  жүріп,  «Волоколомское  шоссе»  кітабын 

жарыққа шығарады.

Автор кітапта батырмен қалай танысқанын 

баяндайды: «Ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте 

алмай, қайта сұрадым.

–  Бауыржан  Момышұлы  –  деді.  Тілшінің 

әдеті бойынша дәптерді қолыма алып: 

– Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазыла-

ды? – деп сұрадым.

–  Менің  фамилиям  жоқ  –  деді  ол.  Мен 

бетіне таңдана қарап едім, ол:

–    Атым  Бауыржан.  Әкем  Момыш,  мен 

соның  ұлымын,  баласымын,  түсіндің  бе?  – 

дейді.  


Оның үнінде астарлы бір зіл бардай сезілді. 

Кейін,  әбден  танысып,  сыр  алысқан  кезде 

ғана,  оның  не  себепті  өзін  фамилиясыз  адам 

деп есептейтінін ұқтым», депті. 

Жазушының  соңғы  екі  сөйлемге  екпін, 

леп  беруінен  батырдың  өзінің  ата-тегін  «ов-

пен»  былғағысы  келмей,  өлшемді  қалыпқа 

сыймай, 


құлдық 

санаға 


мойынсұнған 

айналасындағыларға зілді кейістікпен биіктен 

қараған өр мінезін дәл жазған. 

Жазушы,  сатирик  Шона  Смаханұлы 

орталық  паркте  Бауыржан  Момышұлына 

кездейсоқ жолығып қалыпты:

– Ассалаумағалейкум, Бауке!

–  Уағалейкум  ассалам!  О,  қазақтың  Ұлы 

адамы екенсің ғой. Кел бері!

Баукең «ҰЛЫ» деген сөзге салмақ сала ай-

тыпты.  Шона  түсінбей  сасқалақтап  қалады. 

Баукең оған: – Иә, бүгін Қазақстанда екеуіміз 

ғана  ҰЛЫ  адамдармыз.  Мен  Момышұлы,  сен 

Смаханұлы.  Басқалардың  бәрі  «ов-тар»  мен 

«ев-тер» – деген екен. 

Кеңес  үкіметінің  қылышынан  қан  тамып 

тұрған  кезінде  қаһарманның  жасаған  бұл 

әрекетін  өрлік,  ірілік,  ерлік,  рухтылық  десек, 

Тәуелсіздік туы желбіреген бейбіт те берекелі 

заманда  «ҰЛЫ»  атануға  ниет  танытпауды 

қалай түсіндіреміз?

Журналист Жолымбет Мәкіш фейсбуктағы 

парақшасында  «Баяғыда  Римде  құлдарға 

таңба  басқан.  Бiздiң  фамилиядағы  «ов», 

«ова»,  «ев»,  «ева»  деген  тiркестер  де  тура 

сондай құлдық таңба...», депті.

Расында,  жеке  куәлігінде  аты-жөні  қате 

немесе  «вич-і»  мен  «ов-ынан»,  арыла  алмай 

жүрген қазақ аз емес. Жұман – Джуман, Ерік 

–  Эрик,  Нұрлан  –  Нурлан  болып  өзгеріп  кет-

кен. Тіптен, бір ғана Мөлдірдің – Молдр, Мол-

дир,  Мулдир,  Мольдр,  Мулдр,  Малдир  деген 

нұсқада жазылғаны бар.

Осы  орайда,  ғалым  Бекжан  Досжанұлы: 

«Есімдердің  құрлымында  қазақ  тілінде 

жоқ  кірме  дыбыстың  орнына  екіншісінің 

қолданылуы 

туралы 


қалыптасқан 

лингвистикалық  ереже  –  Кеңестік  идеоло-

гия  тұсында  ойлап  табылған  қазақ  есімдерін 

өзінің шығу тегінен адастырып, ұлтты жоюдың 

сырт көзге байқала бермейтін, өте нәзік саяси 

құралы», деп жазады.  

Тұңғыш  Президент  Нұрсұлтан  Назарба-

ев осындай олқылықтың орнын толтыру үшін 

1996 жылы «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен 

әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді 

шешу туралы» Жарлығына қол қойды.  

Онда  ұлты  қазақ  азаматтардың  тегі  мен 

әкесінің  атының  жазылуында  қазақ  тіліне 

тән  емес  аффиксті  алып  тастай  отырып, 

өзгертуге  хақылы,  алайда,  тегі  мен  әкесінің 

атына  түбірлік  негізі  сақталуға  тиіс.  Бұл  рет-

те әкесінің атын жазған кезде азаматтың жы-

нысына  қарай  «ұлы»  немесе  «қызы»  сөздері 

қосылып бірге жазылады, деп көрсетілген. 

Бүгінде  Жолтай  Әлмашұлы,  Мұхтар  Құл-

Мұхаммед,  Нұртөре  Жүсіп,  Берік  Уәли,  Айдос 

Сарым,  Ержан  Байтілес  және  т.б  азаматтар 

үлгі  көрсетіп,  қазақы  аты-жөнін,  тегін  алды. 

Мұндай  елшіл  азаматтар  Жаңақорғанда  да 

бар. Мәселен, Айдархан Бибасарұлы, Шайдар-

бек Әшімұлы, Бақытжан Айтбембет, Жеңіс Та-

лас, Ерубай Қалдыбек деп тізбектеп кете бе-

руге болады.

...Жуырда  Бауыржан  Момышұлын  көрдім. 

Түсімде.  Отты  көзімен  сұқтана  қарап  тұрды, 

қарап  тұрды.  Тіл  қатпады.  Оянған  бойда 

ойды  сан  салаға  жіберіп,  абыржығаным  рас. 

Бәлкім  тегін  орыстың  жұрнағымен  былғап 

жүрген  мені  не  қылсын,  деген  тоқтамға 

келдім.  Сосын  өз-өзімді  жеңіп,  халыққа 

қызмет  көрсету  орталығына  бас  сұғып, 

аудандық көші-қон полициясының аға инспек-

торы  Ғани  Төлешовке  аты-жөнім  мен  тегімді 

қазақшалағым  келетінімді  айттым.  Алдымен 

Қазпоштаның  бөлімшесіне  барып  453  теңге 

төлеп  келіңіз,  одан  кейін  тегіңізді  қазақша 

жаздыруға  өтініш  жазасыз  деп  мән-жайды 

түсіндірді. 

Арада 15 күн өткенде аға инспектор теле-

фон  шалды.  Қуанышты  үнмен  жеке  куәліктің 

келгенін  сүйіншілеп:  –  Енді  «Нурлат»  емес 

«Нұрлат»  болдыңыз.  Байгенжеевтің  «ев» 

жұрнағынан  құтылдыңыз.  Ең  бастысы,  «Айт-

жанович» емес «ҰЛЫ» болдыңыз, – деді. Бұл 

өз-өзімді, өзімнің азан шақырып қойған атым-

ды тапқан күн болғандай әсер етті. 

P.S.:  Осыдан  тоғыз  жыл  бұрын  белсенді 

жастар  жиналып  мәжіліс  құрдық.  Ортақ 

тақырып  –  Елбасының  Жарлығы  негізінде 

құлдықтың  қамытындай  болған  «ов»,  «ев», 

«вич»  жұрнағын  алып  тастау  жайында 

кеңестік. Жиын соңында үлгі ретінде өзімізден 

бастау  керектігі  жайлы  пәтуәластық.  Сөзінде 

тұрғындар  ата-анасынан  туу  туралы  куәлігін 

алдырып, тегін қазақыландырды. Уақыт шіркін 

бір орында тұра ма? Әр нәрсені сылтауратып 

жүре беріппіз. Тек даңқты батырдың сұсты түрі 

ұмыт болғанды есіме түсірді. Осылайша қазақы 

атымды, тегімді қайтардым. Ар мен намыстың 

ышқынған  дауысын  нарықтың  бағасы  бұзған 

заманда  қазақтар Момышұлының ұлылығынан 

өнеге  алса  қайтеді?!  Әлде  Баукең  әрбірінің 

түсіне еніп, намысын оятуы тиіс пе?..

қалай құтылуға болады?



ЖАҢА ТЕТІГІ

КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖӘНЕ ЕГІН ЖИНАУ 

НАУҚАНДАРЫ ҮШІН МЕМЛЕКЕТ 

ТАРАПЫНАН ҚОМАҚТЫ ҚАРАЖАТ 

БӨЛІНЕДІ. БҰЛ ҚАРАЖАТ 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША 

ШАРУАЛАРҒА БЕРІЛЕДІ, – ДЕП ХАБАР-

ЛАДЫ «АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯ-

СЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ. 

Бүгінде  қай  сала  болмасын  бағындырған  белес 

көп. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық 

пен  берекеден  бастау  алған.  Ынтымағы  жарасып, 

түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы 

бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. Осы тұста 

Елбасы  жыл  сайынғы  халыққа  арнаған  Жолдауын-

да  егемен  еліміздің  алдағы  бағындырар  белесі  мен 

алар  асуын  айқындап  берді.  Десе  де,  әлі  де  алда 

мақсатты  меже  бар.  Ол  –  әлемдегі  ең  дамыған  30 

елдің  қатарына  ену.  Бұл  тұрғыда  Мемлекет  бас-

шысы  халыққа  арнаған  Жолдауында  алдағы  сын-

қатерлерді  күтіп  отырмастан,  оған  табанды  түрде 

қарсы тұра алатын қуатты экономиканы жасақтауды 

жүктеді.  Яғни,  құнды  құжатта:  «Әлемде  кезекті 

төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономи-

каны жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуы-

на, мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. 

Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер 

– әрі тарихи сын-қатер, әрі ұлтқа берілген мүмкіндік» 

делінген.  Түйіндей  айтқанда,  Ел  Президенті 

Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде үлкен міндет 

қойып отыр. Ендігі кезекте бағдарламалық құжаттан 

туындаған  басым  бағыттарды  ел  арасында  наси-

хаттап,  оның  жүзеге  асуына  белсенді  атсалысу 

азаматтық борышымыз деп білемін. 

ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖАЛҒАСЫ

Жолдаудан 

түйгенім, 

байырғы 


берекені 

қашырмай, 

болашаққа 

байыпты 


бастамамен 

нақты  қадам  жасау  –  бұл  біздің  биік  белестерді 

бағындырудың  төте  жолы  екендігі  анық.  Ендігі  ке-

зекте  мемлекет  мүмкіндігін  пайдалана  отырып, 

келешектің  кемел  көкжиегін  айқындауда  атакәсіпті 

өркендетудің  маңызы  зор  деп  білемін.  Өйткені, 

бағдарламалық  құжатта  аграрлы  сала  еліміздің 

экономикалық жаңа драйвері екені айрықша аталып 

өтті. Оған қоса өңірде агроөнеркәсіп кешенін кеңінен 

дамытуға  мүмкіндік  мол.  Бұл  бағытта  Жаңақорған 

аграрлы-техникалық  колледжі  ауыл  шаруашылығы 

саласына  қажетті  мамандарды  жергілікті  жерде  да-

ярлап, елмен етене еңбек етуге машықтандыруда. 

Сондай-ақ, Елбасы кешегі Жолдауында баршаға 

арналған  тегін  кәсіптік-техникалық  білім  беру  жо-

басы  іске  асырылатынын  жеткізді.  Әсіресе,  кәсіптік 

білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер 

үшін  мамандар  дайындауға  ден  қою  керектігіне 

тоқталды.  Өз  кезегінде  бұл  жастардың  тұрақты 

жұмыспен  қамтылуына  жасалған  қолдау.  Мұндай 

жарқын  істердің  жалғасын  жастар  қауымы  жіберіп 

алмай,  кәсіби  тұрғыда  тұлға  болып  қалыптасуға 

нәтижелі қадам жасауы тиіс.

Мадияр АХМЕТОВ, 

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің директоры.

МЕМЛЕКЕТ МЕЖЕСІ АЙҚЫН

Бағдат СӘРСЕНБАЕВ, 

Сунақ ата ауылының тұрғыны.

Елбасы 

Жолдауындағы 



көрсетілген 

бес 


басымдықтың  бірі  –  еңбек  капиталының  сапасын 

арттыру.  Бұл  басымдықта  білім  беру  мен  медици-

на  саласының  келешегі  үшін  оң  өзгерістер  күтіп 

тұрғанын байқауға болады. Яғни, білім берумен қатар 

денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс екенін Мем-

лекет басшысы нақтылай кетті. Осыған сай, ағымдағы 

жылдың  1  шілдесінен  бастап  мемлекеттің,  жұмыс 

берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне 

негізделген  міндетті  медициналық  сақтандыру 

жүйесі енгізіле бастайтыны аталып өтті. Бұл жүйеге 

қатысушыларға  кең  ауқымдағы  медициналық 

қызметтер  ұсынылатыны  және  оған  халықтың 

әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік 

қолдау  көрсетілетіні  нақтыланған.  Демек,  медици-

на саласының жаңғыруы жолында жаңа бастама бой 

көтермек.  Бұл  жүйенің  тиімділігі  әлемдік  тәжірибе 

арқылы дәлелденгенін ұмытпауымыз керек. Сондай-

ақ,  заңнамалық  тұрғыдан  барлық  дәрі-дәрмектің 

бағасын реттеуді енгізу қажеттігі де көрсетіліпті. Бұл 

өз кезегінде ауылдағы ағайын үшін үлкен қолдау бо-

лары сөзсіз.

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР

 Зөре ҚАЙНЕКЕЕВА, 

денсаулық сақтау саласының қызметкері.

ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ

ЖҰРТТЫҢ АУЗЫНА ҚАҚПАҚ БОЛА 

АЛМАЙСЫҢ. ӘРКІМ ӨЗ ОЙЫ ЖАЙЫН-

ДА АЙТАДЫ, ӨЗІНІҢ ПАЙЫМ-ПАРАСАТЫ 

ЖЕТКЕНДІ ҚОЗҒАЙДЫ. СОНДАЙ ҚЫЗУ-

ҚЫЗУ ӘҢГІМЕНІ БАЗАРДЫ ЖАҒАЛАҒАНДАР 

АЙТЫП ЖҮР. АЙТАТЫНЫ «ТАУАР БАҒАСЫ 

ҚЫМБАТТАПТЫ». БҰЛ СӨЗДІ КЕЙІНГІ 

КҮНДЕРІ ЖИІ-ЖИІ ЕСТИТІН БОЛДЫҚ. 

СОНДЫҚТАН, БАЗАР БАҒАСЫНЫҢ 

ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨЗГЕРГЕНІН БІЛМЕККЕ 

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ 

ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ 

ОРЫНБАСАРЫ МӘЖИТ БАЛҚОЖАЕВПЕН 

БІРГЕ ОРТАЛЫҚ БАЗАРҒА БЕТ АЛДЫҚ.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

НЕГЕ ҚҰБЫЛЫП ТҰР?

Жалпы, Сыр өңіріндегі төрт түліктің үштен 

бірі  Жаңақорған  ауданында.  Тіптен,  қой  мен 

ешкінің  50  пайызы  бізге  тиесілі.  Бірақ,  ет 

бағасы арзандар емес. Мәселен, 2016 жылдың 

қорытындысымен  жылқы  еті  1300,  сиыр  еті 

1200  теңгеден  сатылса,  биылдан  бастап  100 

теңгеге  қымбаттапты.  Ал,  қазының  бағасы 

1800-ден  жоғары.  Бұған  себеп  те  жоқ  емес. 

Соның  себебін  білмекке  алдымен  ет  сатушы-

ларды әңгімеге тарттық. 

–  Саламатсыздар  ма,  жағдайларыңыз 

қалай? Сауда қалай жүріп жатыр? 

– Е, сауда ма?! Бәрі бала-шағаның несібесі 

ғой!

– Ел арасында ет қымбаттады деген әңгіме 



көбейді?

– Қымбаттағаны рас. 

– Қанша теңгеге?

– 100 теңгеге.

– Оның себебі неден?

–  Бізде  мал  көбіне  көп.  Бірақ,  бізде  мал 

базар  болмағандықтан  Түркістан  қаласына 

тәуелдіміз.  Малды  сол  жақтан  сатып  алып 

келіп, соямыз. Олар бағаны көтерсе онда біздің 

қолдан келетін шара жоқ. 

Мәжит Байқожаұлы мен ет сатушы Эльми-

ра  Есқабылова  осылайша  сұрақ-жауап  алма-

сты. 

Аудандық  басылым  бас  редакторының 



міндетін атқарушы Нұрлат Байгенже сөзге ара-

ласып: – Қайткенде ет арзандайды? – деді. 

–  Шыны  керек,  қазір  біздің  ауданда  төрт 

түліктің  саны  жыл  санап  артып  келеді.  Ендігі 

мәселе Жаңақорғанда Шиелі мен Түркістанның 

мал  базарына  бәсекеге  түсе  алатын  нарық 

ашылса, бағаны тұрақты ұстауға мүмкіндік бар, 

– деді сатушы. 

Бұл  ойды  құптаған  Мәжит  Балқожаев:  – 

Аудан  әкімі  «Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай» 

халықаралық 

жолының 


бойында 

мал 


бордақылау  кешені  қамтылған  үлкен  мал  ба-

зарын ашуға ниеттеніп, жұмыс жасауда. Яғни, 

Түркістан  қаласының  нарығына  тәуелділіктен 

арылатын күн алыс емес, – деді. 

Осы  орайда,  аудандық  ауыл  шаруашылық 

бөлімінің мәліметіне тоқтала кетсек. Мекеменің 

берген  ақпарында  сиыр  еті  1100  теңгені 

көрсетіп  тұр.  Алайда,  базардан  ол  ақшаға 

қойдың етін де сатып алу қиын-ақ. 

Одан әрі нан сатушыларға бет алдық. Мән-

жайды түсіндіргеннен кейін, нанның бағасы 5 

теңге қымбаттағанын айтты. Сатушылар оның 

себебін  ұнның  қымбаттауымен  байланыстыр-

ды.


Жалпы,  аудан  мал  шаруашығымен  қатар 

егінге де қолайлы. Осыны ескерген шет елдік 

инвесторлар  Жаңақорғанның  жерінен  өнім 

алуға  ниетті.  Жергілікті  диқандардың  жер-

ге  сіңірген  ерен  еңбектері  жерде  қалып 

жатқан жоқ. Науқандық мезгілде базар бағасы 

төмендейтіні  рас.  Қалған  уақытта  өнімді 

сақтайтын  «қойманың»  жоқтығы  егіншілерге 

де  кедергі  келтіріп  жатыр.  Бұл  базардағы 

бағаны  тұрақты  ұстауға  мүмкіндік  бермей 

отыр. Мұны сатушылар да құптайды. 

–  Жаздық  науқаннан  кейін  Оңтүстік 

Қазақстан  облысынан  келетін  көкөніс  түрлері 

күрт  қымбаттайды.  Мәселен,  жазда  50-

90  теңгеден  өткізген  қиярдың  бағасы  400 

теңгеден  асады.  Былтыр  қияр  бағасының 

қымбаттамауына  Бақытжан  Абдуллаев  көп 

септігін  тигізді.  Ол  өзінің  жылыжайында 

өсірген  қиярын  200  теңгеден  сатты.  Әрине, 

бұл  біздер  үшін  өте  тиімді  болды.  Өйткені, 

біз  үстіне  50  теңге  қойып  саттық.  Ол  кез-

де  Түркістанның  көтерме  базарында  қиярдың 

келісі 350-400 теңгеден сатылып жатты. Демек, 

өзімізде ауыл шаруашылық өнімдері өндіріліп, 

бәсекелі орта қалыптасса, нарықтың бағамын 

қалыпты ұстауға болады, – деді сатушы Айса-

ра Дүйсебаева. 

Демек,  ендігі  мәселе  түсінікті  болды. 

Осы  орайда,  бас  партияның  аудандық  фи-

лиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары 

Мәжит  Балқожаев  аудан  орталығында  агро-

индустриялық  аймақ  құрылып  жатқанын 

түсіндіре  кетті.  Яғни,  егін  егемін  деген 

тұрғындарға  бұл  жақсы  мүмкіндік  тудырып 

отыр.

Иә,  қазіргі  таңда  тауардың  басым  көбі 



Жаңақорғанға  көрші  аймақтан  келеді.  Жол 

ақысы  қымбат.  Жанар-жағармайдың  бағасы 

даөсті,  әлі  де  өсуі  бек  мүмкін.  Мәселен,  ау-

дан орталығында «АИ-92» бензиннің литрі 140 

теңгеге  жетті.  Бұл  да  қара  базардағы  тауар 

құнының өсуіне ықпал етпей қоймайды. 

Жалпы,  бұл  мәселе  елдің  әрбір  өңірінде 

түйіткілді.  Үкімет  базар  бағасын  құрықтаудың 

қам-қарекетін 

қарастырып-ақ 

жатыр. 

Әйткенімен,  базардағы  баға  бой  берер  емес. 



Оған  басты  себеп  бәсекеге  қабілетті  отандық 

өнімді өндірушілер жоқтың қасы.  

Түйіндей  айтқанда,  Жаңақорған  ауданы 

отандық өнімді көбейтіп, халықтың әлеуметтік 

әлеуетін  арттыруға  қауқары  жетеді.  Бұл 

мәселе  төңірегінде  аудан  басшысы  ізденіп, 

шетелдік  компаниялардан  қаржы  тартып,  ау-

данда ауыл шаруашылығының дайын өнімдерін 

өндіруге жағдай жасамақшы. Оның бір дәлелі, 

кәсіпкерлерге  тұңғыш  болып  қайтарымсыз 

гранттар бермек. Олай болса, өзге қалалардың 

нарығына тәуелділік азаятын күн жақын. Соған 

сенеміз һәм үміт күтеміз.

ШАРУАЛАРДЫ



БАЗАР БАҒАСЫ

3-БЕТ

«ов-тан»

жаңа серпіні

ӨНДІРІСІНІҢ 



ЖҮГЕРІ 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

Жаңақорған  ертеден  аграрлы  салаға  бейім 

аудан.  Ауылдық  округтердің  де  орналасқан 

аймағына  сай  өзіндік  шаруашылықтары  бар. 

Осы  тұста,  аудан  орталығынан  10  минуттық 

жерде  Кейден  деген  ауыл  бар.  Бәріңіз  жақсы 

білесіздер.  Кейденнің  өзге  ауылдан  ерекшелігі 

–  шаруалары  о  бастан  дәнді  дақыл,  оның 

ішінде,  жүгері  шаруашылығына  жаны  құмар. 

Мәселен,  өткен  жылы  90  гектарға  жүгері  егіп, 

32,2  центнерден  өнім  алған.  Мұндай  мәліметті 

ауыл  әкімі  Бақтияр  Тоқтыбаев  тұрғындар  ал-

дында берген жылдық есебінде келтірді. Жәә...

біздің  бүгінгі  тақырыпқа  ойыссақ.  Кейденнен 

«Попкорн»  шығады  десем  сенесіз  бе?  Иә,  сіз 

күнделікті  сауда  орталықтарының  сөресінде 

көріп  жүрген  «жарылған  жүгері»  өнімдері  ау-

ылда жасалған. Сонымен біз сөз еткелі отырған 

кәсіпкер  –  Қасым  Әбжаппаров.  Жастайы-

нан  еңбекке  ерте  араласқан  Қасым  ағамыз 

бүгінде  дәнді  дақылдан  өз  кәсібін  дөңгелетіп 

отыр.  Жүгеріні  егіп  қана  қоймай,  оны  өңдеу 

тәсілін  меңгеріп,  тұрғындарға  сапалы  өнім 

ұсынуда. Попкорннан (жарылған жүгері) бөлек, 

ақталған  бидай,  түйілген  жүгеріні  сауда  айна-

лымына  шығарып,  онысы  республика  бойын-

ша  сұранысқа  ие.  Әрине,  алғашқы  жылдары 

тек маусымдық мезгілде өнімі өтсе, қазірде жыл 

он екі бойы халық тарапынан сұраныс жоғары 

десе-ді.  «Мың  естігеннен,  бір  көрген  артық» 

демекші,  Кейденге  барып  Қасым  ағамыздың 

кәсібін көрдік. Жұмыс барысымен таныстық. Со-

сын сөзге тартып, тақырып аясында тілдестік.  

–  Бүгінде  шағын  және  орта  бизнесті 

дамытуға  мемлекет  айрықша  назар  аудару-

да.  Әсіресе,  Мемлекет  басшысы  Жолдауын-

ӨНДІРІСІНІҢ 

ЖАҢА СЕРПІНІ 

ЕЛІМІЗДЕ АГРОӨНЕРКӘСІП 

КЕШЕНІН ДАМЫТУ – 

АГРАРЛЫҚ САЯСАТТЫҢ 

МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ. АУЫЛ 

ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ 

ҚАРҚЫНДЫ ӨСУІ – БҰЛ САЛА-

НЫ ТИІМДІ БИЗНЕС КӨЗІНЕ 

АЙНАЛДЫРЫП, ОҒАН ИНВЕ-

СТИЦИЯ ТАРТУҒА СЕПТІГІН 

ТИГІЗЕДІ. ӘРИНЕ, ОЛ ҮШІН 

ӨНДІРІЛЕТІН ӨНІМНІҢ 

КӨЛЕМІ МЕН САПАСЫН АРТ-

ТЫРУ КҮН ТӘРТІБІНДЕ. ЕЛ-

БАСЫ КЕШЕГІ ЖОЛДАУ-

ЫНДА: «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ 

БОЛАШАҒЫ ЗОР. КӨПТЕГЕН 

ПОЗИЦИЯЛАР БОЙЫН-

ША ӘЛЕМДЕ ІРІ АГРАРЛЫҚ 

ЭКСПОРТТЫҚ ӨНІМ 

ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ БІРІ БОЛА 

АЛАМЫЗ. БҰЛ, ӘСІРЕСЕ, 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА 

ТАҒАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ. 

«MADE IN KAZAKHSTAN» 

БРЕНДІ СОНДАЙ ӨНІМДЕРДІҢ 

ЭТАЛОНЫ БОЛУҒА ТИІС» ДЕ-

ГЕН БОЛАТЫН. БҰЛ БАҒЫТТА 

АУДАННЫҢ ДА ҚОСАР ҮЛЕСІ 

ҚОМАҚТЫ. 

да  агроөнеркәсіп  кешенін  кеңінен  дамытуға 

тапсырма берілді. Бұл өз кезегінде жергілікті 

жерлерде  кәсіпкерлік  кең  қанат  жайып,  биз-

неске  ынталы  азаматтардың  қатары  күн  са-

нап  артатыны  сөзсіз.  Бұл  дегеніміз  –  өңір 

экономикасының  өркендеуіне  мол  септігін 

тигізеді деген сөз. Аудан бойынша жеке кәсібін 

ашып,  ісін  дөңгелетіп  отырған  жан  жетерлік. 

Ең алғаш өзім жүгері дақылын егуді 1997 жыл-

дан бастадым. Ол кезде егістік көлемі шағын 

50 соттық болатын. Біршама уақыт сол жерді 

айналдырдық.  Жерден  жақсы  өнім  алу  үшін, 

ерінбей еңбек ету керек. Кейіннен «кукуруз» 

шығаруды  қолға  алдым.  Алғашқыда  аудан 

орталығы, одан әрі қалаға дейін сұраныс ар-

тып, егістік көлемін ұлғайтуға тура келді. Бірде 

базарға өнімімді апарсам, жүгерінің жармасын 

сатып отырған саудагерді көріп қалдым. Содан 

ертесіне өзімде жармамды арқалап, саудалап 

көрдім. Тұрғындар тарапынан сұраныс жақсы 

екен.  Әдепкі  жылдары  маусымына  1,5  тон-

надай  пұлдасам,  уақыт  өте  10  тоннаға  дейін 

еселенді. Шүкір, бүгінде кәсібіміз қалыптасты. 

Қазіргі таңда, 15 гектар жеріміз бар. Оның 10 

гектарына жүгері дақылын егеміз. Нарықтағы 

сұраныс  көлемі  жыл  өткен  сайын  артып 

келеді. Ақталған бидай мен түйілген жүгеріні 

Қызылорда,  Түркістан,  Шымент,  Тараз,  Аста-

на  қаласынан  келіп  алып  кетеді.  Одан  өзге 

емдеу-сауықтыру  шипажайлары  асқазан, 

өт,  бауыр  ауруларына  алып  тұрады,  –  дейді 

Қасым Әбжаппаров. 

Бізді  қызықтырғаны  «Попкорн»  бола-

тын,  оның  дайындалу  процесін  түсіндіруді 

сұрадық.  Алайда  бұл  сұрақтың  жауабын  осы 

шағын  диірменнің  қыр-сырын  меңгерген,  өз 

ісінің шебері Тәждин Әбиевтен білуді меңзеді. 

Тәждин  ағамыздың  түріне  қарап,  нағыз 

еңбектің  адамы  екенін  байқадық.  Өйткені, 

сөзден гөрі, іске жақын екені жүзінен көрініп 

тұр. Десе де, қысқаша диірменнің жұмысымен 

былайша таныстырды.

– Ең бірінші тазаланған дән ыдыстағы суға 

батырылып,  жұмсартылады.  Одан  кейін  ар-

найы аппаратта кеузеліп, сыртындағы қабығы 

алынады.  Соңыра,  түйгіш  аппарат  жарып, 

жарма жасайды. Ең соңында електен өтіп, таза 

өнім пайда болады. Содан кейін арнайы аппа-

рат арқылы «Попкорн», түйілген жүгері жаса-

лып, пакеттеледі. Білуімше, біздің дақыл дәні 

Түркістан, Қызылорда қаласында ең жоғарғы 

сорт  болып  саналады.  Әрі  өзге  дақылдан 

қымбатырақ сатылады, – деді Тәждин Әбиев. 

Сондай-ақ, Қасым Әбжаппаров ағамыздың 

жұмысының  жүйеленіп,  сауда  айналымы-

на  шығуына  өзінің  бауыры  Сейтмұхаммед 

қолжәрдем  береді  екен.  Өзінің  қызметінен 

қолы  қалт  етсе  болды,  Жаңақорғаннан 

Кейденге  қарай  келуге  асығып  тұратын 

Сейтмұхаммед тамаша жобасы бар екенін жа-

сырып  қалмады.  Алайда,  қаржы  қолбайлау 

болғандықтан  ол  жоба  әзірге  қолдау  тап-

пай  тұрғанын  жеткізді.  Яғни,  келешек-

те  ақ  жүгеріден  сусын  шығару  технология-

сын  өндіріске  енгізу  ойында  бар.  Бұл  мәселе 

бойынша,  аудан  әкімінің  қабылдауында 

болған.  Өз  кезегінде  әкім  жобаның  кемшін 

тұстарын толықтырып, алдағы уақытта өтетін 

қайтарымсыз  гранттық  конкурсқа  қатысуға 

кеңес берген. Бұл бастаманы жүзеге асыруға 

барын салуға жұмыс жасап жатқан кейдендік 

кәсіпкер  келешегі  кәсібін  кеңейтіп,  брендтік 

үлгіде қапталған өнім шығаруды көздейді. 

Иә,  ауданда  кәсіпкерлік  кең  өріс  алу-

да.  Бірі  несие  алып,  несібесін  тапса,  енді 

бірі  там-тұмдап  жиған  теңгесіне  кәсібін  ба-

стауда.  Нарықтық  заманның  көшіне  ілігу 

бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Іліккен  күннің 

өзінде  бәсекеге  қабілетті  болу  шарты  тағы 

бар. Ол – отыздыққа бастайтын басты меже. 

Белсенді әрекет ететін шағын және орта биз-

нес  субьектілері  тұрғысынан  алғанда  біздің 

аудан  көш  ілгері.  Оның  қатарында  Кейден-

де  жасалған  жүгері  өндірісінің    келешегі  ке-

мел.  Ендігі  тек,  қаржылай  қолдау  табылып, 

заманауи диірмен, өзгеде аппаратпен толықса 

республика  көлемінде  ғана  емес,  Жолда-

уда  айтылған  тапсырманың  бірін  шетелге 

экспортқа шығаруға даңғыл жол ашылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет