11-ДӘріс ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелердің негіздері


Сигналдардың негізгі параметрлері мен түрлері



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі211,72 Kb.
#95134
1   2   3   4   5
Байланысты:
АЖН11лек (1)

Сигналдардың негізгі параметрлері мен түрлері
Жалпы хабарлама мен сигнал уақытқа тәуелді үрдістер болып 
есептеледі. Сондықтан оларды уақытқа тәуелді функциялар ретінде 
бейнелейді. Хабарлама көзінен түскен хабарламаны u(t) деп, ал оны белгілі 
тәртіп бойынша өңдегеннен кейін алынатын сигналды s(t) деп белгіленсін.
Сигналды сипаттайтын негізгі параметрлер [6-9]:
1) cигнал ұзақтығы;
2) динамикалық диапазон;
3) спектр ені.


Сигнал уақытқа тәуелді болғандықтан оның басы мен соңы болады. 
Сондықтан сигнал ұзақтығы оның бар болу мерзімін көрсетеді. Динамикалық 
диапазон cигналдың сәттік қуатының ең үлкен мәнінің ең кіші мәніне 
қатынасы түрінде анықталады:
D = 10∙ lg (P
max
/ P
min
).
Синалдың үшінші негізгі параметрі – оның спектрының ені, ол F деп 
белгіленсін. Бұл параметр сигналдың өзінің ішкі өзгеру аралығындағы 
(интервалындағы) өзгеру жылдамдығын көрсетеді. Сигналдың спектрының 
өзгеру жылдамдығы өте кең жиілік алқабын қамтиды. Бірақ сигналдардың 
көпшілігі үшін негізгі энергиясы шоғырланған жиілік алқабын көрсетуге 
болады. Осы алқап арқылы сигнал спектрының ені анықталады.
Кез келген сигнал уақытқа тәуелді функция u(t) болады. Бұл 
функцияның анықталу облысы мен мүмкін мәндерінің жиынына
байланысты сигналдардың келесі типтері қарастырылады:
-
мәндері бойынша және уақыт бойынша үзіліссіз;
-
мәндері бойынша үзіліссіз, уақыт бойынша дискретті;
-
мәндері бойынша дискретті (квантталынған), уақыт бойынша 
үзіліссіз;
-
мәндері бойынша және уақыт бойынша дискретті.
Бірінші типке микрофоннан, әртүрлі параметрлердің (температура, 
қысым, деформация, координаттар және т.б.) мәндерін көрсететін 
приборлардан (датчиктерден) алынған сигналдарды жатқызуға болады. Бұл 
сигналдар физикалық шамалардың электрлік модельдері болғандықтан, 
оларды аналог сигналдар деп атайды. Бұл сигналдар белгілі бір шектелген 
немесе шектелмеген уақыт интервалында анықталған және ондағы кез келген 
мәнді қабылдай алады.
Екінші типке жататын сигналдарды дискретті (үзілісті) деп атайды. 
Олар дискретті уақыт сәттерінде белгілі бір диапазондағы кез келген
мәндерді қабылдайды. Ондай сигналды үзіліссіз сигналдан алу үшін белгілі 
бір уақыт сәттерінде есептеу тізбегін құрастыру керек. Мұндай 
өзгертуді дискреттеу деп атайды. Екі көрші есептеу арасындағы уақыт 
аралығын дискреттеу қадамы деп атайды, ол T
д
деп белгіленсін. Дискреттеу 
қадамы тұрақты да, айнымалы да болуы мүмкін. Көбінесе ол тұрақты 
болады және оның мәні үзіліссіз сигналды қайта қалпына келтіруде 
жіберілетін қателердің аз болу шартына байланысты таңдалынады.
Үшінші типке жататын сигналдарды деңгей бойынша квантталынған 
деп атайды. Олар белгілі бір уақыт интервалында берілген, нақты 
анықталған дискретті мәндер қабылдайды. Мұндай сигналдарды үзіліссіз 
сигналдардан кванттау амалын орындау арқылы алады. Бұл амалдардың 
нәтижесінде үзіліссіз функция сатылы функциямен алмастырылады. Екі 
көрші деңгей арасының қашықтығы кванттау қадамы Δu деп аталынады.
Кванттау қадамы тұрақты да, айнымалы да болуы мүмкін. Оның мәнін 
таңдауда квантталынған сигналдан үзіліссіз сигналды қалпына келтіруде 
қажетті дәлдіктің орындалу шарты бойынша таңдалынады.


Төртінші типке жататын сигналдар белгілі дискретті уақыт сәттерінде 
анықталған, тек дискретті мәндер қабылдайтын болады. Ондай сигналдарды 
үзіліссіз сигналдардан алу үшін уақыт бойынша дискреттеуді және деңгей 
бойынша кванттауды орындау керек. Мұндай сигналдарды цифрлық 
формаға оңай келтіруге болады. Сондықтан оларды цифрлық сигналдар деп 
атайды.
Сигналдарды детерминдалған және кездейсоқ деп 
бөледі. 
Детерминдалған сигналдар (тербелістер) дегеніміз мәндері кез келген уақыт 
сәтінде белгілі немесе мәндерінің анықталуының ықтималдылығы бірге тең 
сигналдар. Ал кездейсоқ сигнал дегеніміз кез келген уақыт сәтіндегі мәні 
алдын 
ала 
анықталынбайтын 
немесе 
мәндерінің 
анықталуының 
ықтималдылығы бірден кем сигналдар. Көпшілік жағдайда сигнал кездейсоқ 
деп қарастырылады. Себебі толық түрде анықталған сигнал тек беруші және 
қабылдаушы объектілер бір жерде орналасқанда ғана болуы мүмкін.
Сонымен, сигнал – 
ақпараттың 
тасымалдаушысы 
ретінде
қарастырылады және қазіргі кезде ақпарат берілісін қамтамасыз ету үшін 
электр сигналдары қолданылады. Электр сигналдарын анықтау үшін ток 
күші мен кернеу қолданылатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет