жасауға болады: амплитудалық – импульстік, ендік – импульстік, уақыттық-
импульстік және жиілік – импульстік.
Дискретті (цифрлық) модуляция кезінде кодталған хабарламаa
i
кодтық
таңбалардың тізбегі {b
i
} ретінде беріледі, кодтық таңбалардың
тасымалдаушыға f(t) ететін әсерінен ол хабарлама сигналдың
элементтерінің тізбегіне {f
i
(t)} айналады. Модуляцияның арқасында
тасымалдаушының параметрлерінің бірі код анықтаған заң бойыншаөзгереді.
Модуляция түрлерін қарастырғанда сигнал мен тасымалдаушының
сипатын, сигналдардың түрлерін және ақпараттың параметрлерінің түрлерін
пайдаланған жөн. Мысалы, сигналдардың сипаты детерминдік үрдіс,
кездейсоқ стационарлық үрдіс, кездейсоқ стационарлық емес үрдіс болса,
үзіліссіз (аналогтық) және үзілісті (дискретті) сигнал түрлері және
ақпараттық параметрлер: амплитуда, жиілік, фаза, форма, ұзақтыө, период
және т.б. Көпшілік жғдайда сигнал кездейсоқ деп қарастырылады. Ақпарат
берілісінде цифрлық форма қолданылатын болғандықтан модуляциялаушы
сигналдардың кездейсоқ стационарлық және стационарлық емес дискретті
тізбектері қарастырылады. Бұл жерде тасымалдаушы ретінде детерминдік
үзіліссіз сигнал қолданылады.
Ең қарапайым модуляция түрі әрі ақпарат тасымалдаушының
параметрлерін өзгерту тәсілінің бірі амплитудалық модуляция болып
есептеледі. Амплитудалық модуляция кезінде тербелістің жиілігі мен
алғашқы фазасы өзгермейді, ал амплитуда сы жіберілетін хабарламаның
заңына сәйкес өзгереді. Сондықтан бұл жағдайда (3.1) формуласын келесі
түрде өзгертіп жазуға болады:
f(t) = A(t) cos(ω
0
t + φ
0
),
мұндағы φ
0
, ω
0
– тұрақты шамалар, ал A(t) – жіберілетін хабарламаның
түрімен анықталатын функция.
Достарыңызбен бөлісу: