11-ДӘріс ақпараттық үрдістер – ақпараттық жүйелердің негіздері


Ақпараттық үрдістің құрылымы мен негізгі түсініктері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата19.05.2023
өлшемі211,72 Kb.
#95134
1   2   3   4   5
Байланысты:
АЖН11лек (1)

 
Ақпараттық үрдістің құрылымы мен негізгі түсініктері
Ақпараттық үрдістер туралы сөз болғанда, алдымен оның негізгі 
зерттеу объектісі ақпарат екендігі белгілі. Ақпарат туралы және оған 
қолданылатын амалдар туралы мәліметтер «Информатика» пәнінде толық 
түрде келтірілген болатын. Келешекте, оқу құралының осы және кейінгі 
бөлімдерінде, ақпаратқа байланысты басқа да мәселелер қарастырылатын 
болғандықтан, оларды оқып игеруге қажетті кейбір түсініктер мен 
анықтамалардың берілгені дұрыс. 
Ақпарат дегеніміз белгілі бір құбылыс, оқиға немесе объект туралы 
мәліметтер жиыны [4]. Ақпаратты сақтау, өңдеу және өзгерту үшін шартты 
белгілер (әріптер, математикалық таңбалар, суреттер, сөздер, графиктер және 
т.б.) қолданылады.


Ақпаратты таратуға немесе бір жерден екіншіге жерге жеткізуге 
арналған жүйелерде ақпарат белгілі бір түрге келтірілген, таратуға 
дайындалған болуы тиіс. Оны хабарлама деп атайды. Хабарламаны таратуға 
дайындалған ақпарат деп атауға да болады. Мысалы, телеграф арқылы 
жіберуге дайындалған ақпарат әріптер мен цифрлар түріндегі хабарлама 
болса, телефонмен сөйлескенде адам сөзі, ал теледидарда бейнелер мен 
сөздер, компьютерлік жүйелерде екілік санақ жүйесіндегі 0 мен 1 
цифрларынан тұратын тізбек болады. Хабарламалардың кейбіреулері 
уақытқа тәуелді болуы мүмкін. Мысалы, температура, қысым, көлем және 
т.б. сияқты объектіні сипаттайтын параметрлер туралы хабарламалар.
Хабарлама үзіліссіз және үзілісті (дискретті) болуы мүмкін.
Хабарламаны тарату үшін немесе бір объектіден (ақпарат 
жіберушіден немесе ақпарат көзінен) екіншісіне (ақпаратты пайдаланушыға) 
жеткізу 
үшін
белгілі 
бір 
ортада
таратыла 
алатын физикалық 
үрдіс пайдаланылады. Хабарламаны бейнелей алатын ондай физикалық 
үрдісті сигнал деп атайды. Ақпарат берілісін қамтамасыз ететін құралдар 
ақпараттық жүйенің негізгі құраушысы болады және оның тұрақты 
(бөгеуілсіз және ақпарат жоғалтпай) жұмыс істеуі оның дұрыстығына тікелей 
тәуелді.
Ақпарат берілісінің жүйесі дегеніміз хабарламаларды ақпарат көзінен 
оны пайдаланушыға (алушыға) жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіншілігі
болатын техникалық құралдардың жиыны [8].
Хабарлама таратуға қатынасатын нысаналардың негізгілері мыналар:
хабарлама көзі, таратқыш (жіберуші құрылғы), байланыс жолы,
қабылдағыш құрылғы, хабарламаны пайдаланушы (алушы), бөгеуілдер көзі. 
Ол келесі түрде бейнеленеді:
1 сурет – Ақпарат берілісінің жалпы құрылымдық сұлбасы [8]
Хабарлама көзі ретінде ақпарат жіберуші болса, ал оны пайдаланушы 
хабарлама алушы болады.
Таратқыш (жіберуші құрылғы), байланыс жолы, қабылдағыш құрылғы 
хабарламаны жіберушіден қабылдағышқа жеткізуге пайдаланылатын 
техникалық құралдардың жиынын құрайды; оны байланыс арнасы деп 
атайды. Бір арна арқылы бір бірімен байланыссыз бірнеше хабарламаны 
жеткізуге арналған ақпаратты тарату жүйесін көп арналы деп атайды [6,8].


Жоғарыда айтылғандай, хабарламаның таралуын қамтамасыз ету үшін 
оны сигнал түріне келтіру керек. Сигнал құрастыру үшін жіберілетін 
хабарламаға сәйкес өзгеретін кез келген физикалық үрдісті пайдалануға 
болады. Сигнал байланыс жолы арқылы жіберуге ыңғайлы түрге келтірілген
хабарлама, ол физикалық үрдістің өзі емес, оның кейбір жеке 
параметрлерінің өзгеруі.
Сигнал түрінде жіберілетін хабарлама белгілі бір тәртіппен (ереже 
бойынша) өзгертіледі. Ондай ережені кодтау немесе кодпен жазу деп 
атайды. Мұндай ереже ақпарат жіберуші мен қабылдаушы үшін белгілі 
болуы тиіс. Хабарламалар және оларға сәйкес сигналдар үзілісті (дискретті) 
және үзіліссіз болуы мүмкін.
Дискретті хабарлама жеке элементтерден тұрады, ал оған сәйкес 
сигнал да жеке элементтердің тізбегінен тұратын болады. Мысалы, жеделхат 
(телеграмма) мәтіні әріптерден тұратын үзілісті хабарлама, ал оған сәйкес 
код қиыстыруы (комбинациясы) сигналды құрайды.
Үзіліссіз хабарлама белгілі бір аралықта (интервалда) кез келген 
мәнді қабылдайтын физикалық шама. Мысалы, температура, қысым және 
т.б. Ондай хабарламаға сәйкес сигналды видеосигнал немесе аналогтық 
(ұқсастық) сигнал деп атайды. Көпшілік жағдайда видеосигнал төмен 
жиілікті тербеліс болады. Физика пәнінен белгілі, хабарламаны алыс 
қашықтыққа тарату үшін видеосигнал немесе төмен жиілікті тербеліс 
жоғары жиілікті сигналға (радиосигналға) айналдырылуы тиісті. 
Байланыс жолы дегеніміз сигналды таратқыштан қабылдағышқа 
жеткізуді қамтамасыз ететін орта. Ондай орта ретінде ток өткізгіш сымдар 
мен кабельдер, электромагниттік толқындардың таралатын кеңістігі, 
оптикалық талшықтар болуы мүмкін.
Сигнал берілісі кезінде әртүрлі бөгеуілдердің әсерімен w(t) ол 
өзгеріске ұшырап, бұзылуы мүмкін. Қабылдағыш өзіне түскен сигналды 
өңдеп, бұрынғы жіберілген қалпына u(t) келтіруі тиіс. Осындай кезде 
бөгеуілдің әсерін азайту үшін, олардың әсерімен жіберілген ақпараттың 
бұзылуының аз болуы үшін сигналдың қуатының төменгі мәні бөгеуілдің 
қуатынан жоғары болуы тиіс. Сигналдың бөгеуілге қатынасы сигналдың 
салыстырмалы деңгейін сипаттайды. Бұл қатынасты сигналдың бір 
параметрі ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет