11 Дәріс. Оқыту мен бағалаудағы ақпараттық коммуникациялық технологиялар Дәріс жоспары


Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)



бет4/4
Дата25.03.2022
өлшемі20,86 Kb.
#28741
1   2   3   4
Технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ)

Үш білім саласының қиылысу ортасында технологиялық, педагогикалық және пәндік білім (ТППБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімнің оқушылардың осы білімді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек. Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласын өзара байланыстыра алған мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдердің зертханада жұмыс істейтін ғалымдармен, бағдарламашылар сияқты технологиялық сарапшылармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері жеткіліксіз тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда кәсіби білімі анағұрлым ауқымды болады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқыту мен оқу үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Мектептегі технологияларға мыналар жатады:



    • Теледидар бағдарламалары;

    • Сандық теледидар;

    • Интернет/ WWW;

    • Ұялы телефон;

    • Ұтқыр қондырғылар;

    • Компьютер/ноутбук.

Электрондық қауіпсіздік және пән бойынша технологиялық білім

БАҚ-пен жұмыс істеудегі құзырлылық дәстүрлі және жаңа байланыс қызметтері ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалану үшін адамдарға да, қоғамға да дағдыларды, білім мен түсінікті игеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар БАҚ көздерімен жұмыстағы құзырлылық адамдарға мазмұнды және коммуникацияларды басқаруға, осы қызметтерді пайдаланумен байланысты әлеуетті тәуекелдерден өзін және өзінің отбасын қорғауға көмектеседі.

Бірақ мұғалімдердің негізгі рөлі оқушыларға Интернетті қауіпсіз пайдалануды үйретуге негізделеді.

Ең үлкен қауіп: жеке ақпаратты ашатын оқушылар

Шын мәнінде тыйым салынған деректерді онлайн-режімде көру оқушылар үшін аса қауіпті емес. Өзі туралы ақпаратты көрсететін баланың аңқаулығын пайдаланатындардан нақты қауіп төнеді. Әсіресе тіл алмайтын жасөспірімдер ата-аналарының ескертулеріне көңіл бөлмейтіндіктен болар, соларға көп қауіп төнеді. Бала өзі туралы, мысалы үйдің телефоны немесе мекенжайы туралы жеке ақпаратпен онлайн бөлісуінен туатын қатер әдепсіз суреттер қараудан әлдеқайда қауіпті.



Интернетті пайдалану кезінде балаларыңызды жеке ақпаратты сақтауды үйрету Сіздің негізгі міндетіңіз болуы тиіс. Қандай жағдай болмасын Сіздің балаларыңыз Интернетте өзінің атын, телефонының нөмірін немесе мекенжайын толық жазбауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет