Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы



бет1/9
Дата26.06.2022
өлшемі42,44 Kb.
#37322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
улбала курстық жұмыс


Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы
«Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесі

Сервис және экономика пәндік- циклдік комиссиясы

Тақырыбы:
Қазақ жазушыларының шығармаларын аударуда кездесетін стилистикалық мәселелер.

Курстық жұмыс « Аударманың теориясы мен практикасы» пәні бойынша


Орындаған: ПДк – 22 тобының студенті


Мамандығы: 0512000 «Аударма ісі»
Студенттің аты- жөні: Туребаева У.М
Жетекші: Мухатова А.Б

Кіріспе
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.


Мыңдаған жылдар бұрын әлем халықтарының көпшілігі бір-бірінің бар екенін білмеді. Дегенмен, әлемді дүр сілкіндірген ұлы әрекеттер дамушы елдердің өмірін түбегейлі өзгертті. Ғылым мен техниканың дамуы арқылы халықтар арасындағы мекендер жақындасты, алшақтықтар қысқарды. Қазіргі таңда елдер арасында өзара жақын байланыстар пайда болды. Соның нәтижесінде ортақ мүдде, ортақ көзқарастар, бірегей сөздер мен ортақ мақсаттар пайда болды. Бірақ адам тілдерінің көптігі сол күйінде қалды. Адамдардың өзара бір-біріне қарым-қатынас жасаудағы ең маңызды көмекшілері әрі құралы- тіл екені айқын. Ал аударма өнері халықтар достығының дәнекері ретінде жандана бастады. Сондықтан, адамдар арасындағы коммуникацияларды дамытудың оңай әдістемесі ол- аударма болып табылды. Аударма- өте кең әрі маңызды ұғым.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Зерттеудің өзектілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі тіларалық дамуын, екіншіден, жаһандану үдерісінің барысындағы дамыған аударма саласының адам өміріндегі маңыздылығын, үшіншіден, қазақ тілінің ерекшеліктері мен әдебиетін ашып көрсету.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тілі мен әдебиетінің ең қызықты әрі танымал шығармаларын аудару арқылы тілімізбен әдебиетіміздің мәртебесін асыруда.
Жұмыстың дереккөздері.
Аударматану 20 ғасырдың екінші жартысында әлемдік ғылыми пән ретінде орналасты. Бірақ, қазақ әдебиетімізде аударматанудың рөлі өте маңызды емес. Өйткені, кешегі кеңес үкіметі кезіндегі білім саласы тек бір тілде ғана бола отырып, ұлттық терминдерді талдаумен ғана тежелетін. Одан басқа аударма халықтар арасындағы дәнекер ретінде алдыңғы қатарға қойылып, әдебиет, сөз өнері сынды дүниелер мен ғылымдар екінші орынға ысырылып қала беретін. Кеңес үкіметінің кезінде діни мәселелер, ғашықтық және батырлық дастандар жазылып, аударылып жарияланған жоқ. Алайда қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов қалаған қазақ аударматану саласы пайда болып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ә.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин сынды аударма өзектілігімен айналысатын ғалымдар өз жұмыстарын бастап кетті.
Ал қазіргі таңдағы қазақ тілі мен аударманың байланысы қандай?

Тіл- қарым-қатынас құралы. Кең мағынада тіл адамның қарым-қатынасының, ойлау қабілетінің және дамуының құралы ретінде қызмет ететін белгілер жүйесі. Олардың көмегімен жеке тұлғаның өзіндік санасы жетіліп, дүниені тану жүзеге асырылады. Тіл- ол елдің айнасы. Себебі, біз ең бірінші елдің тілін естіп, біліп, түсініп барып ол елді тани бастаймыз. Өзіндік тіл болмаса, онда өзіндік салт-дәстүрі бар, тәуелсіздігі бар ұлт қалыптаспайды. Өйткені тіл адам мен сол адамды қоршаған ортаның өзгелерге ұқсамайтын, өздерін бір-бірімен ұқсастырып әрі байланыстырып жақындататын ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Біздің мемлекетіміз, отанымыз Қазақстан Республикасы. Ал мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет