Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену.
Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау.
Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру.
Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу.
Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байытады, жоғары көрсеткіштерге жол ашады.
Жарыс пен жаттығудың психологиялық ерекшеліктер Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттерді біріктіреді. А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.
а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;
б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен өзін-өзі бағалау;
в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;
г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;
д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;
е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін қалыптастыру;
ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;
з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс жағдайында ашып көрсету дағдысы;
и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |