Асанда 3 асық бар еді. Оған атасы тағы 1 асық берді. Асанда неше асық болды?
- Асанда неше асық бар еді? (3)
- Тағы атасы неше асық береді? (1)
- Балалар, асықтар артты ма, кеміді ме?
- Артты. Онда қандай амал қолданамыз?
3 + 1 = 4. Бұл – есептің шешуі
- Сонда қанша болды (4)
- Асанда неше асық болды?
- 4 асық, бұл – есептің жауабы.
Әрбір жаңадан енгізілген термин тақтаға ілініп отырады.
Асанда 3 асық бар еді. (Асықтар көрсетіліп, қоржынға салынады). Оған атасы тағы 1 асық берді. (олар да көрсетіледі де, қоржынға салынады). Асанда неше асық болды?
«Балалар, бұл – есеп» - деп хабарланады
Достарыңызбен бөлісу: |