Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім



бет1/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Сөз таптары


Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары.қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:Зат есімСын есімСан есімЕсімдікЕтістікҮстеуЕліктеу сөздерШылауОдағай
1.Зат есім-заттың, құбылыстың атын білдіріпкім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Жалпы және жалқы есімдер
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.Мысалы: ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отын, көмір, кеңсе сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады.Деректі зат есім ол біз қолмен ұстап көзбен көре алатын зат.Ал дерексіз зат есім біздің ести алатын сезе алатын зат есімдер.Деректі:кітап,дәптер,қалам,сөмке ж/е т.б.Дерексіз:сезім,парасат,ізет,махаббат.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.Мысалы:кісі аттары .үй хайуандарына берілген арнаулы аттар.өндіріс, мекеме, ұйым аттары.газет, журнал, фильм, кітап аттары мен жеке шығармалардың аттары .географиялық атаулар .қала, көше, алаң аттары тағы басқа жалқы атаулар жатады.Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Көптік мәнді есімдер
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.Мысалы: сүт, ұн, жүн, алма, ақыл, өмір, шындық, алтын, жел, құйын деген сияқты зат есімдерді алсақ, бұлардың әрқайсысы белгілі бір жекедара затты ғана атамайды, оны тобымен атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет