61.Бейорганикалық қосылыстар Барлық заттар жай және күрделі болып бөлінеді. Жай заттар бір ғана элементтерден тұрады, ал күрделі заттардың құрамына екі немесе одан да көп элементтер кіреді. Жай заттар екі түрлі: металдар және бейметалдар. Металдарда ерекше өздеріне тән «металдық» жылтыры болады, тапталғыш, иілімді, жылу мен электрөткізгіштіктері жақсы. Бөлме жағдайында барлық металдар (сынаптан басқасы) қатты күйінде кездеседі. Бейметалдарда металдарға тән жылтыры болмайды, олар үгілгіш, жылумен электрөткізгіштіктері нашар. Кейбіреулері кәдімгі жағдайда газ тәріздес болып келеді. Күрделі заттар органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып бөлінеді. Бейорганикалық химия периодтық жүйедегі барлық элементтер химиясын қамтиды. Органикалық қосылыстардың қасиеттері бейорганикалық қосылыстардан ерекше, ал элементорганикалық қосылыстар аралық орын алады. Бейорганикалық заттар құрамына сәйкес (екіэлементтік, немесе бинарлык, қосылыстар мен көпэлементтік қосылыстар: оттекті, азотты т.б) және осы заттардың химиялық реакцияда орындайтын функциясына, яғни химиялық қасиеттеріне сәйкес (қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсыздану т.б) әртүрлі кластарға жіктеледі.Оксидтер дегеніміз екі элементтен тұратын оның бірі оттегі болатын күрделі заттар.Күрделі қосылыстардың үлкен бір тобы (класы) - оксидтер. Оксидтер үшке бөлінеді: қышқылдық, негіздік, екідайлы (амфотерлі).Қышқылдық оксидтерге - қышқылдар, негіздік оксидтерге - негіздер сәйкес келеді. Р2О5→Н3РО4; SО3→H2SО4; Na2О→NaОH; СаО→Са(ОН)2. Ал екідайлы оксидтерге кышқылдар да, негіздер де сәйкес келеді, мысалы,H2ZnО2 ← ZnO→ Zn(OH)2Оксидтердің жіктелуі. Бейметалдардың оксидтері - қышқылдық оксидтер, ал белсенді металдардың оксидтері - негіздік болып келеді.Егер металл айнымалы валенттілік көрсетсе, оның төменгі валенттілігіне сәйкес оксиді - негіздік, аралық валенттілігіне сәйкесі - екідайлы, ал жоғары валенттілігіне сәйкесі қышқылдық оксид болады.ксидтердің алынуының бірнеше тәсілі бар.
1.Жай және күрделі заттарды жағу аркылы:а) бейметалдарды:C+O2=CO2,S+O2=SO2
ә) металдарды тотықтыру арқылы:
2Cu+O2=2CuO
2Mg+O2=2MgOб) күрделі заттарды:CH4+2O2=CO2+2H2O
2H2S+3O2=2H2O+2SO2
2.Ерімейтін негіздер, тұздар, қышқылдарды айыру аркылы:2Fe(OH)3→Fe2O3+3H2OОксидтердің физикалық қасиеттері. Оксидтер үш агрегаттық күйде болады: мысалы,• CuO, CaO, Fe2O3, P2O5 - қатты заттар;• CO2, SO2, NO2 - газдар;• H2O, N2O3(t<0) - сұйық.Оксидтердің түстері де әр түрлі: Ғе2О3 - қызыл-қоңыр, CuO - кара, Сr2O3 - жасыл, ZnO, MgO - ақ, МnO2 - кою қоңыр, SnO - кою көк түсті, т.б.Иістері де әр алуан түрлі болып келеді. SО2, SО3, NО2, Р2О5 - тұншықтырғыш иісті. CO, NO, СО2 - иіссіз.Оксидтердің химиялық қасиеттері. Оксидтердің касиеттері олардың, қандай элементтердің оксидтері екендігімен анықталады.Қышқылдық оксидтердің қасиеттері. 1.Кейбір қышқылдық оксидтер сумен әрекеттесіп қышқылдар түзеді:
Р2O5 + ЗН2O =2Н3РO4;
SO2 + H2O = H2SO3;
СO2 + Н2O = Н2СO3Мысалы, күлгін лакмус ерітіндісі тамызылған суға көмірқышқыл газын жіберсек, оның түсі күлгіннен біртіндеп қызыл түске өзгереді. Нәтижесінде әлсіз, тұрақсыз көмір қышқылы түзіледі.2.Қышкылдық оксидтер негіздік оксидтермен әрекеттесіп тұз түзеді
CO2 + CaO = CaCO3
P2O5 + 3Na2O =2Na3PO43.Қышқылдық оксидтер сілтілермен әрекеттесіп тұз және су түзеді.
SO3 +2NaOH = Na2SO4 + H2O
CrО3 + Ca(OH)2 = CaCrO4 +H2OНегіздік оксидтердің қасиеттері. 1.Белсенді металдардың оксидтері сумен әрекеттесіп сілті түзеді
Na2O + H2O =2NaOH
CaO + H2O =Ca(OH)2