11.Элемент қасиеттерінің периодтылығы... Атом радиусы (r, Ao) электрон қозғалысының толқындық қасиетіне байланысты атомның абсолюттік радиусы туралы айтуға болмайды. Атом радиусы ретінде оның сыртқы электрондық бұлты тығыздығының ең жоғары мәнді болатын нүктесіне дейінгі қашықтығын қабылдаймыз(орбитальдық радиус).Атом радиустары ретінде атомдардың бір-бірімен байланысқан қосылыстарының молекулалары және кристалдарын рентгенографикалық әдіспен тексеру кезінде анықталған шама – эффективті радиус.
Атом және ион радиустары периодты қайталанады. Период бойынша басынан соңына қарай электрондық
қабат саны өзгермегендіктен, ядро зарядының артуына байланысты атом радиусы кішірейеді. Радиус шамасының өзгерісі кіші период
элементтерінде айқын байқалады, себебі кезектегі электрон сыртқы энергетикалық деңгейге түседі. Ал, үлкен
периодтың d-, f-элементтерінде - өзгеріс баяу жүреді,
осыны d-, f-сығылу деп атайды.Топшаларда үстінен астына қарай атом радиустары артады. Негізгі топша элементтерінде (s-,p-элементтері)
радиус өзгерісі айқын байқалса, ал қосымша топшада әсіресе 5,6,7 период элементтері үшін атом радиустарындағы өзгерісі өте аз болады.Оның себебі энергетикалық деңгей саны артқанымен кезектегі электрон ішкі 4f,5f – деңгейшелеріне түсуіне байланысты болады. Электртерістілік ( χ, кДж/моль, эв/моль) . Бұл шама элемент атомының өзіне электрон бұлттарының тығыздығын ығыстыру қабілетін сипаттайды. Электртерістілік мәні екі шамаға тәуелді болғандықтан оның өзгерісін сол аталған шамаларға (J, F) қатысты түсіндіруге болады.
Период бойынша басынан соңына қарай аталған шамалардың
мәні негізінен артады, ал топ бойынша үстінен астына қарай кемиді. Элемент электротерістіліктерінің бірнеше шкаласы белгілі.Соның ішінде қазіргі кезде қолданылатыны – Л.Полинг шкаласы, ол бойынша ең электртерістілігі аз элемент – Fr (χ = 0,7), ал жоғарысы – фтор элементі үшін χ = 4, литийдікі – 1-ге тең, қалған элементтердікі осы шамалар аралығында өзгереді. Элемент атомының электрондық құрылысына байланысты қасиеттерінің бірі валенттілік. Валенттілік деп элемент атомының қосылыс түзгенде байланысқа жұмсайтын дара электрондар санымен анықталатын шаманы айтады. Ол бір элемент атомының басқа элемент атомымен не атомдар тобымен байланыс түзу
қабілеті, валенттілік тек бүтін
сандар болады, оның мәндері 1 – VIII аралығында және рим цифрларымен белгіленеді.