«№11 жалпы білім беру орта мектебі» кмм бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту Бастауыш сынып мұғалімі: Машанова Айнаш Орынбасаровна



бет1/7
Дата11.03.2023
өлшемі370,03 Kb.
#73335
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту (баяндама)


«№ 11 жалпы білім беру орта мектебі» КММ


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту

Бастауыш сынып мұғалімі:
Машанова Айнаш Орынбасаровна

Мұнайлы ауданы

Мақсаты:

● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы ояту;


● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
● Оқуға ынта-ықыласы арттыру;
● Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
● Адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру;
Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйрету;
● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға баулу;
● Өз ойын қағазға түсіру жолдарын меңгерту;
● Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға тәрбиелеу.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы - мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың болашағын тереңнен толғай отырып «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар - біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз - баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман», - деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу ерекше қиын іс. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру - ұстаз парызы.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында білім беру мазмұны жаңаруда. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы ретінде қарастырылады. Қазіргі бағдарламада оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған жұмыс түрлері іске асырылады.
Қазіргі таңдағы ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт – бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата –анамен тығыз байланыс орнатып, оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт – бағдар беріп, ақылдасуға болады.
Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туысына, қоғамына да тигізетін пайдасы зор. Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақ та біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз.
Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі:
1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.
2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.
3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.
4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, ориентация туғызады.
5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.
6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.
Балалық кезеңдегі бала бойындағы қабілеттің нышандарын анықтау және оны дұрыс тәрбиелеу мұғалімдер баланың оқуға ынтасын қалыптастыру арқылы, олардың бойындағы қабілеттерінің дамуына кең жол аша алады.
В.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекі психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет