Мұның екі маңызды қызметі бар. Бірінші қызметі: егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда, қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Нақты алынған нәтиже мен талап етілетін нәтижені салыстыру арқылы басшының жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік болады. Мұның өзі, сонымен қоса, пайда болған мәселелер туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта мұндай мәселелерден құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді. Қорытынды бақылаудың екінші қызметі мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялык көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда, накты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет. Сонымен кез келген жобаның және кезендегі жұмыстың аяқталу нәтижесін бақылау артқа, алға зер салудың, әрі келесі сұрақтарға жауап берудің негізі болуы тиіс:
Біз нені үйрендік?
Келесі жолы калайша басқаша істеуге болады?
Белгіленген межеден ауытку себебі неде?
Жаңа мақсатты ойластыру үшін қандай тоқтамға келу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |