11 лекция. Менеджмент жүйесіндегі бақылау


Басқарушының жауапкершілігін неғұрлым айкын сипаттауға мынадай сұрақтар сәйкес келеді. Мұның өзі басқа басшыларды бақылайтын басшы қызметкерлердің барлығына пайдалы болатыны сөзсіз



бет9/25
Дата06.01.2022
өлшемі1,29 Mb.
#15491
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Презентация Менеджмент

Басқарушының жауапкершілігін неғұрлым айкын сипаттауға мынадай сұрақтар сәйкес келеді. Мұның өзі басқа басшыларды бақылайтын басшы қызметкерлердің барлығына пайдалы болатыны сөзсіз:

  • Әрбір орындаушы мұқият таңдап алынды ма?
  • Қызметкерді атқаратын міндетіне қарай тексеру жүргізілді ме?
  • Қызметкерді жұмысын орындауға, өзінің кәсіптік даярлығын терендетуге және жалғастыруға баулаутындай қандай шаралар жүзеге асырылды?
  • Жаңа міңдетті шешер кезде берілген нұсқау жеткілікті негізделген бе?
  • Қызметкерлердің жұмысты орындауына уақыты жете ме?
  • Тиісті колайлы еңбек құралдары мен жұмыс орындары бар ма?
  • Қызметкерлер өз мақсатын біле ме?
  • Қызметкерлер өзінің жетістіктері мен кемшіліктері туралы ұдайы мәлімет алып тұра ма?
  • Қызметкерлер өз фирмасы, оның жұмысының маныздылығы, қажетті мәселелері туралы мәлімет алып тұра ма?
  • Қызметкерге өз жұмысының ерекше қиындығы, кауіптілігі туралы ескертілді ме?
  • Қызметкерлер рационализаторлық істі дамыту, кәсіпорын, жұмысын арттыру, моральдық және материалдык көтермелеу мүмкіндіктерімен таныс па?
  • Жұмыс мотивацияға неғұрлым толық мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған ба?
  • Қатардағы қызметкерлердің басшыға өзінің мәселелерімен және әрекеттерімен пікірлесуіне мүмкіндігі бар екендігін біле ме?
  • Оған өзінін кәсіпорындағы басқарудың негізгі маңызды бағыттары белгілі ме?
  • Ол өзінің құқығын және шағым айту тәртібін біле ме?
  • Ол кәсіпорынның жарнама материалдарымен, жарнама компанпясының мақсаттарымен таныс па?
  • Қызметтен тыс уақытта фирмада өткізілетін шаралармен таныс па? Қызметкерлер оған арнайы шақырыла ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет