Тапсырма #1
Афанасьевтіктер Алтайға, Сібір далаларына қоныс аударып, жергілікті неолиттік тұрғындармен араласып кеткен ... болатын.
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Көнешұңқырлықтар
B) Петровтықтар
C) Ботайлықтар
D) Қаратомарлықтар
E) Арқайымдықтар
Тапсырма #2
Афанасьевтіктер Алтайға, Сібір далаларына қоныс аударғанда аңшылык пен балық аулауды кәсіп етіп, мал бағумен айналысты. Өздерімен бірге андроновтықтардың қандай мәдениетін алып келді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) металл өңдеу
B) олар арбаларды қолданды
C) егіншілік
D) барлық жауап дұрыс
E) андроновтықтар сияқты қайтыс болғандарды қорғандарға жерледі
Тапсырма #3
Шығыс Казақстан мен Оңтүстік Сібір далаларындағы темірді игерген алғашқы мәдениет
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A)
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
B)
Федоров мәдениеті
C) Афанасьев мәдениеті
D) Тугаринов мәдениеті
E)
Петров мәдениеті
Тапсырма #4
Тағар мәдениетіне тиесілі ерекшеліктер
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) көсемдерін жерлеу үшін сақтар секілді үлкен қорған тұрғызды
B) Қоныстары бөренелі ағаштан тұрғызылды
C) малды қолда ұстамай, жайылымдарда бақты
D) ақсүйектер арбаға орнатылған үйлермен көшіп-қонып жүрді
E) барлық жауаптар дұрыс
Тапсырма #5
I Аржан, V Аржан және II Аржан қорғандарынан табылған құнды жәдігерлер қандай мәдениетке тиесілі?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A)
Сарғарылық мәдениеті
B) Ұйық мәдениеті
C) Петров мәдениеті
D) Федоров мәдениеті
E)
Қарасұқ мәдениеті
Тапсырма #6
Ерте кезеңдегі отырықшы- көшпелілер арасындағы «өркениеттердің сабақтастығы» қайдан байқауға болады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Барлық жауаптар дұрыс
B) Орталық Азияның оңтүстігіндегі көптеген археологиялық мәдениетте далалық ықпалдың іздері бар.
C) Ұлы Даланың солтүстік қиыр шетінде де байланыстың тағы бір аймағы болды. Онда далалықтар мен орман халықтары арасында өзара байланыс орнады
D) қоныс аударуының нәтижесінде, Оңтүстік Сібірде малшаруашылығы, егіншілік және металл қорыту алғаш рет қолға алынды
E) Жайық және Сібір мәдениеттері Үлы Дала мәдениетінің ықпалына түсті (Сарғат мәдениеті)
Тапсырма #7
Б.з.б. II мыңжылдықтың соңында Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Сібір және Батыс Моңғолиядағы Андрон және Афанасьев мәдениеттері қандай мәдениетке ауысты?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Петров мәдениетіне
B) Пазырық мәдениетіне
C) Федоров мәдениетіне
D) Қарасұқ мәдениетіне
E) Сарғарылық мәдениетіне
Тапсырма #8
Сақтар кезеңінде Оңтүстік Сібір даласында қандай мәдениет өмір сүрді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Тағар мәдениеті
B) Сарғарылық мәдениеті
C) Петров мәдениеті
D) Ұйық мәдениеті
E) Қарасұқ мәдениеті
Тапсырма #9
Ерте темір дәуірінде шығыстағы көшпелілер біртіндеп темір өңдеу мен салт атқа мінуді меңгеріп қайда өмір сүрді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Арба үстіне орнатылған киіз қостарда
B) Ағаш үйлерде
C) Тас үйлерде
D) Үйлері болмады
E) Қоныстарда
Тапсырма #10
Андроновтықтардың оңтүстікке жылжуы барысында Хорезмде б.з.б. ХV-ХІ ғасырларда қандай мәдениет пайда болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Вахш
B) Сарғат
C) Тазабагьябтық
D) Куфтиний
E) Сапаллин
Тапсырма #11
Құрылымдық жағынан сақтарға жақын Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген мәдениет өкілдері
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сарғарылық мәдениеті
B) Тағар мәдениеті
C) Қарасұқ мәдениеті
D) Ұйық мәдениеті
E) Пазырық мәдениеті
Тапсырма #12
Ерте темір ғасырында Тува, Шығыс Алтай және Солтүстік-Батыс Моңғолия аумағында сақтардың қандай мәдениеті қалыптасты?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Ұйық мәдениеті
B) Қарасұқ мәдениеті
C) Петров мәдениеті
D) Федоров мәдениеті
E) Сарғарылық мәдениеті
Тапсырма #13
I Аржан, V Аржан және II Аржан қорғандарынан табылған құнды жәдігерлер қандай стильге жатады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Романтизм стилі
B) Барокко стилі
C) Готикалық стиль
D) Полихромдық стиль
E) Андық стиль
Тапсырма #14
Қазақстанның шығысындағы Андрон мәдениеті өзімен туыстас қандай мәдениетпен қатар өмір сүрді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Петров мәдениеті
B) Федоров мәдениеті
C) Беғазы-Дәндібай мәдениеті
D) Тугаринов мәдениеті
E) Афанасьев мәдениеті
Тапсырма #15
Қай тайпалардың дәстүрінде қорғандық жерлеу болмады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қарасұқ мәдениетіне
B) Федоров мәдениетіне
C) Пазырық мәдениетіне
D) Петров мәдениетіне
E) Сарғарылық мәдениетіне
Тапсырма #16
Қарасұқтықтар қорымдарын қалай жасады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қорғандық жерлеу болды
B) Тас жәшік секілді жұқа тастан қалады.
C) Еден асты жерлеу
D) Алтыннан жасады
E) Ағаш жәшік жасау арқылы
Тапсырма #17
Қарасұқтықтар қаруды неден жасады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A)
Темірден
B) Сүйектен
C) Қоладан
D) Мыстан
E) Алтыннан
Тапсырма #18
Әмударияның төменгі сағасында орналасқан малшылар біртіндеп суармалы егіншілікке көшіп...
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Көшпенділікпен айналыспады
B) Хорезмнің егіншілік өркениетін қалыптастырды.
C) Сырдарияға қарай ығысты
D) Жетісуға көшіп кетті
E) Алтын өндірумен айналысты
Тапсырма #19
Өзбекстанның жерлеу ғүрыптарында далалықтарға тән салттар (мәйітті өртеу, от ғүрыптары, жануарларды қүрбандыққа шалу) мен андрондықтарға тән жерлейтін орынды таспен қалау секілді ерекшеліктер көрініс береді. Бұл қай мәдениет жайлы айтылған?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Петров мәдениеті
B) Сапаллин мәдениеті
C) Ұйық мәдениеті
D) Қарасұқ мәдениеті
E) Сарғарылық мәдениеті
Тапсырма #20
Қытайлықтар «солтүстіктегі варварлармен» соғыс жүргізіп, олардан қорғану үшін не істеді?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Әскер саның көбейтті
B)
Шығысқа қарай ығысты
C) Ашық соғысты
D) «Ұлы Қытай қорғанын» тұрғызды
E) Жақын тайпалармен одақ құрды
Тапсырма #21
Бұл мәдениет өкілдері туралы деректерге ағаш бөренелерден жасалған қорғандарды зерттеу арқылы қол жеткізілді
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Қарасұқ мәдениеті
B) Пазырық мәдениеті
C) Ұйық мәдениеті
D) Сарғарылық мәдениеті
E) Тағар мәдениеті
Тапсырма #22
Көшпелі өркениеттің қалыптасуының ерте кезеңінде-ақ отырықшы-егіншілік өркениетпен өзара ұштасуы неден басталды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Көшпенділердің оңтүстікке қарай ығыспауы
B) Отырықшы халықпен сауданың дамуымен
C) Мал санының азаюымен
D) Егіншіліктің барынша дамымауымен
E) Малшылықтан гөрі
қолөнердің барынша дамуымен
Тапсырма #23
Көшпелілер Қытай өркениетінің өнімдеріне қол жеткізу мақсатында сауда жасау үшін не апарды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) мыс
B) алтын
C) қола
D) мал өнімін
E) темір
Тапсырма #24
«Тақтатас қабір мәдениеті» кімге тән болды?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Сарғарылық мәдениетіне
B) Петров мәдениетіне
C) Қарасұқ мәдениетіне
D) Федоров мәдениетіне
E) Пазырық мәдениетіне
Тапсырма #25
Қарасұқ мәдениеті қандай өмір салтын кешті?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Отырықшы
B) Зергерлік өнер
C) Көшпелі
D) Егіншілік
E) Жартылай көшпелі
Тапсырма #26
Тәжікстандық Вахш мәдениетіне жататын қорымдар
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Хантау
B)
Тигровая Балка
C) Алакөл
D) Ачинск
E) Арқайым
Тапсырма #27
Арпа өзенінің алқабында 3600 метр биіктікте андрондық қорымдар анықталды. Одан Федоров үлгісіндегі қыштар мен қола әшекейлер табылды. Қорымнан күл мен өртеудің өзге де іздері анықталды. Бұл қорым қай мемлекетте орналасқан?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Тәжікстан
B) Өзбекстан
C) Түркменстан
D) Қырғызстан
E) Қазақстан
Тапсырма #28
Қытайлар әртүрлі тайпалы көшпелілерді қалай атады?
5 нұсқадан бір дұрыс жауапты тандаңыз:
A) Солтүстік қасқырлар
B) Дала аландары
C) Үйсіндер
D) Солтүстіктегі варварлар
E) Қаңлылар
Дұрыс жауаптары:
1) A;
2) D;
3) C;
4) E;
5) B;
6) A;
7) D;
8) A;
9) A;
10) C;
11) E;
12) A;
13) E;
14) E;
15) A;
16) B;
17) C;
18) B;
19) B;
20) D;
21) B;
22) B;
23) D;
24) C;
25) E;
26) B;
27) D;
28) D;