Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бұлақты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км., Төлеубұлақ қыстағынынан солтүстікке қарай 1,5 км
Зерттелуі: Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтер Қазақстан-Ресей бірлескен халықаралық экспедициясының 2000 жылы Мұғалжар ауданы аумағындағы тас дәуірінің қоныстарын зерттеу кезінде анықталып, ғылыми айналымға енгізілді.
Қысқаша анықтамасы: Төлеубұлақ үңгірінде – бұдан шамамен 10 мың жыл бұрын үңгірде мекендеген тас дәуірінің адамдарымен суреттер бейнеленген. Үңгірдің еденіне тереңдігі 5 см., диаметрі 15-25 см көлемінде суреттер ойылып салынған.
Ескерткіштің мерзімі: Тас дәуірі
Book Title. P52
Аңыз әңгіме: Осыдан шамамен 250-300 жыл бұрын Солтүстік Арал маңынан Мұғалжар тауына қоныс аударып, мекен еткен Кіші жүздің Шекті тайпасы Жақайым руынан шыққан Төлеу деген кісінің атымен Төлеубұлақ атанған.
Төлеубұлақ үңгірінде – бұдан шамамен 10 мың
жыл бұрын үңгірде мекендеген тас дәуірінің адамдарымен суреттер бейнеленген. Үңгірдің еденіне тереңдігі 5 см., диаметрі 15-25 см көлемінде суреттер ойылып салынған. Шағын үңгірлердегі петроглифтерден тұяққа немесе саңырауқұлаққа
ұқсас пішіндер, антропоморфтар, сонымен қатар терең ойып жасалған сызықтар кездеседі. Жоғарыда аталған символдардың ең алғашқылары мезолит, тіпті палеолит кезеңінде, неолит кезеңінен әрі уақытта пайда болған деген пікірде отыр ғалымдар. Бұл кешен Қазақстандағы тас дәуірінен қалған ең көне археологиялық ескерткіш болып табылады. Алайда бірқатар зерттеушілердің пікірінше, бұл шұңқыр тәріздес символдар жер бетінде жүздеген мың жыл
бұрын пайда болған ең көне символдар болуы мүмкін деген болжам бар.
Аңыз әңгіме: Осыдан шамамен 250-300 жыл бұрын Солтүстік Арал
маңынан Мұғалжар тауына қоныс аударып, мекен еткен Кіші жүздің Шекті
тайпасы Жақайым руынан шыққан Төлеу деген кісінің атымен Төлеубұлақ
атанған.
Жартас өнері ескерткіші. Тас ғасыры дәуірінің жартас суреттері Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Бұлақты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 км жерде, Мұғалжар тауының етегіндегі Төлеубұлақ далалық тұрақтың маңында орналасқан.
Төлеубұлақ үңгіріндегі петроглифтердің киелілік маңыздылығы сол – Қазақстанның ең ежелгі жартас суреттері бар ғибадатханасы болып табылады.
Эолдық әрекет нәтижесінде кремнийлі құмтасты жартас қалдықтарында шағын үңгірлер қалыптасып, ежелгі адамдар оны сурет салу үшін табиғи киелі орындар ретінде пайдаланған.
Ембі-1, 2 үңгіріндегі петроглифтердің негізгі идеясы палеолит кезінен бастау алатын, ұзақ уақыт бойы сақталған өніп-өсу культімен байланысты. Тас дәуірінде тіршілік етудің ауыр жағдайы, тұрақты азық көзінің жоқтығы,туу мен өмір сүру ұзақтығының төмен деңгейі, адамзат популяциясы арасындағы жоғары өлім-жітім, ұрпақ жалғастырумен байланысты культ маңыздылығының артуына алып келді. Үңгірдегі петроглифтер абстрактылы бейне-лерге жатады және ер мен әйел бастауларының тұтастығы нышанын білдіреді.
Табиғи баспананың тегіс беттеріне күнмен байланысты символдарды салуына және құрбандық шалған тостаған тәрізді ойықтарды қалдыруына қарағанда ежелгі адамдар тіршілікке жан беретін су және өніп-өсу культін атқарулары мүмкін.
Табиғи баспананың тегіс беттеріне күнмен байланысты символдарды салуына және құрбандық шалған тостаған тәрізді ойықтарды қалдыруына қарағанда ежелгі адамдар тіршілікке жан беретін су және өніп-өсу культін атқарулары мүмкін.
Қорытынды Жалпы қорытындылай келе,ескерткіштің өзі неолит дәуірімен мерзімделеді, бірақ одан ерте уақытпен де – кейінгі палеолиттен бастап мерзімделуі де мүмкін, өйткені Төлеубұлақ үңгірінің (Ембі-1) маңынан кейінгі палеолиттік тұрпаттағы тас бұйымдар көп кездеседі.
Қазіргі уақытта Төлеубұлақ үңгірі облыстық маңызы бар археология ескерткіші және ішкі туризм нысаны болып табылады.