Массивті инициализациялау кезеңінде үйіндіде массив объектісі құрылады және оның барлық айнымалыларына «нөлдік» мәндер меншіктеледі (оның инициализациясы орындалады). Айнымалылардың «нөлдік» мәндері сәйкес: – сандық айнымалылар үшін нөл болады; – жолдық айнымалылар үшін бос жолдар болады; – символдық айнымалыларда символ болмайды.
17.Символдар мен сөз тіркестері туралы мағлұмат беріңіз. String типтес тіркестердің жұмыс орындалу ретін түсіндіріп жазыңыз. Тіркестерді форматтау үлгісін келтіріңіз. Жауабы:
Символдар:
әріптер: A-Z, a-z, _,
сандар: 0-9, A-F
арнайы символдар: +, *, {, …
Пробель символдары
Сөз тіркестері: Тіркестер немесе символдар тіркестері таңбаларды біріктіру арқылы құрастырылады. Мәліметтердің тіркестік (строковый) типі – string – символдар тіркесін анықтайды.
Көптеген тілдерде тіркес символдар жиымы ретінде қарастырылады. Ал жеке символдар стандартты char типі арқылы анықталады да, олар апострофқа ('g') алынып жазылады.
String C# тілінде жол кілт сөзі String үшін бүркеншік ат болып табылады.
String класы жолдарды қауіпсіз жасау, өңдеу және салыстыру үшін көптеген әдістерді қамтамасыз етеді. Бұған қоса, C# тілі жалпы жол әрекеттерін жеңілдету үшін кейбір операторларды шамадан тыс жүктейді.
Тіркестерді форматтау үлгісі Тіркестік ағымдар ақпаратты жедел жады аймақтарынан дəл файлмен, консольмен немесе дисплеймен жұмыс істегендегідей түрде оқуға жəне жазуға мүмкіндік береді. Стандартты кітапханада тіркестік ағымдардың үш класы анықталған1 : istringstream — кіріс тіркестік ағымдары; ostringstream — шығыс тіркестік ағымдары; stringstream — екібағытты тіркестік ағымдар.
18.Кластар туралы жалпы мәліметтерді жазыңыз . Класс спецификаторларын сипаттаңыз. Класс объектілерін жасау жолдарын келтіріңіз. Жауабы:
Кластар: C# тілі объекті-бағытталған бағдарламалау тілі болып табылады. Оның негізгі ұғымы - класс. «Класс дегеніміз – деректер типі, яғни кластың нақты даналары - объекттерді дайындалатын «схема». Ескеретін жағдай, C# тілі пайда болуына дейін ОББ бар болған және класс ұғымы бұрыннан қолданылады.