11-сынып қазақ әдебиеті пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Кеңістік пен уақыт» бөлімі Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын»
1-тапсырмаТуған дала,
Жаным сенен от алды.
Сен деп білем:
Анам,
Әкем, атамды.
Үзіндідегі «от алу»нені білдіреді?
А) бұл мүмкін емес В) жанып жатқан отты бөліп алу С) күш-қайрат, жігер алу
2-тапсырма Туған дала,
Ұлың емес тек қана!-
Қабақ шытпас,
Құлақкесті құлыңмын!..
«Құлақкесті құлыңмын» деу нені білдіреді? А) малай В) тұтқын С) ауыспалы мағынада айтылған, шын берілген деген мағынада
3-тапсырма Не амал бар?
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса-
Қағаберіс қалмаспын мен,
Енді аса!..
Осы үзіндіде «Қағаберіс қалмаспын» деген нені білдіреді?
А) қиындықта қалу В) тасада қалу С) алысқа кету
4-тапсырма «Дала, сенің ұлыңмын» шығармасында лирикалық кейіпкер мен поэтикалық кейіпкер бар ма? Осы туралы ойларыңды 4-5 сөйлеммен жазыңдар
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5-тапсырма Ж. Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды тауып, қолданылу мақсатын түсіндіріңдер