11-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
_______________________________________________________________________________
Тыңдалым. Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық – жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді. Жұмыссыздықтың түрлері: Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Адамдардың жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады. Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты. Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)
Ақпараттарды мазмұн бойынша сәйкестендіріңіз.
В. Адамдардың тұрғылықты мекенін ауыстыруына байланысты орын алады.
2-
3.Маусымдық жұмыссыздық
С. Елдегі экономикалвық дағдарыстың әсерінен орын алады.
3-
4.Циклдік жұмыссыздық
Д. Ғылым мен технологияның дамуына байланысты мамандықтардың сұранысқа ие болмауы
4-
[1]
2-4. Көп нүктенің орнына берілген сөздердің қажеттісін қойыңыз. (наразы/ артуы/ тоқырау/ сұранысты/төңкеріске) А. Жұмыссыздар санының .......................... тауар мен қызметке .............................. азайтады. [1]
В. Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ....................... халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ............................қатысуға даяр тұрады. [1] С. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық ........................ кезінде бой көрсетеді. [1] 5. Автордың идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ [1]
Оқылым. Біздің заманымызға дейінгі бесінші ғасырда Афинада сахналық қойылымдарға арналған алаңдар пайда бола бастады. Дөңгелек пішінде салынған театрдың жартысы – көрермендерге тиесілі. Олар сахнаны айнала төменнен жоғарыға дейін жайғасып отырады. Театр пайда болысымен, грек пьесасының екі түрі пайда болды: трагедия және комедия. Трагедияда грек аңыздары мен мифтерінің қаһармандарының жауларымен айқасуы баяндалды. Трагедия көбіне бақытсыздықпен аяқталды. Ал комедияда қарапайым адамдар туралы айтылды. Ондағы кейіпкерлер – қаһармандық деңгейге көтерілмеген, ешкімге белгісіз адамдар. Театр костюмдері Ежелгі Грекиядағы дала театрының актерлері сахнаға шыққанда үнемі жасанды шаштармен, қалың туникаларымен және үлкен кебістермен ойнаған. Осы киім үлгілері арқылы олар сымбатты, әрі өзгелерден ерекше көрінген. Жарқын түсті киімдер актердің жағымды қаһармандарды сомдайтындығын білдірсе, сұр және көк түсті киінгендер бақытсыз кейіпкердің образын білдірген. Ал қара түс қазаның белгісі болып табылатын. Комедияларда актерлердің кеуде тұсы мен ішіне жастық тығып қоятын болған. Ал хористердің бетінде бетперде де, аяқ киім де болмаған. Олар тек үстеріне қарапайым туника мен гиматий киген. Дала театрының залы өте үлкен болған. Оның үлкендігі сонша, артта отырған адамдар сахнадан өте алыста орналасады. Сондықтан олар сахнада болып жатқан көріністі ойдағыдай көре алмаған. Бүкіл рөлді ерлер ойнайтын болғандықтан, өздерінің қандай образда (ер адам немесе әйел адам) жүргендігін көрсету үшін бастарына үлкен бетперделер киіп жүрген. Бетпердеде кейіпкердің жан күйзелісі мен қуаныш-қайғысы да көрініп тұратын болған. Ол заманда актерлерге арналған сахнаның бетперделері ағаштың қабықтарынан және сурет салынған қалың маталардан жасалды. Актердің даусы еркін шықсын деген оймен бетперденің аузын үлкен тесік еткен. (227 сөз)
6. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттардың ретін көрсетіңіз.
Ақпараттар
реті
Рөлдерді ер адамдар ойнайды.
Кейіпкердердің образы киімдердің түстеріне байланысты болған.
Алғашқы сахналардың пішіні дөңгелек болған.
[3]
7. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз.
а. дұшпан-____________________ ә. қашық-____________________ [2]
8-9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. А. Дала театрларының актерлері неліктен ерекше киінген? _______________________________________________________________________________[1]
В. Бетпердені не үшін киген? _______________________________________________________________________________[1]
10. «Театр – тәрбие ошағы» деген пікірмен келісесіз бе? Ойыңызды ПОПС формуласы негізінде тұжырымдаңыз. ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ [3]
Жазылым. Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Сөз көлемі: 200-250. Өз жауабыңызды тиісті стильге, жанрға келтіріңіз. [10]
1) Әлемдік жұмыссыздық мәселесін жою мүмкін емес. Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.
2) «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!» деген тақырыпта отандастарыңызға арнап үндеу хат жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен есімдіктерді орынды қолданыңыз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Айтылым [5]