Мәтін және оның мазмұны негізінде тест құрастыру арқылы жұмыс нәтижесін арттыру



бет1/5
Дата22.10.2022
өлшемі6,26 Mb.
#44790
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Мәтін және оның мазмұны негізінде тест құрастыру арқылы жұмыс нәтижесін арттыру


Дыбыстар өзара тіркесіп, бір затты не құбылысты білдірсе, мағыналы сөз болады. Бірнеше сөз тіркесіп, тиянақты ойды білдірсе, сөйлем болады. Бір тұтас ойды толық жеткізген сөйлемдержиынтығы мәтін болады.
Мәтін – жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.
Мәтін – белгілі көлемдегі (тұтас күйінде я шағын үзінді) шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.
МӘТІН

Тақырыпқа шолу


Мәтін – бір тұтас ойдың айналасындағы пайда болған тиянақты ойлар жиынтығы. Бұл жиынтық мәтінді абзацтарға бөледі.
Бір тақырыптың әртүрлі мазмұны болуы мүмкін. Жазушы бұл мазмұнның әрбірін бір мәтінге айналдырады. Осылайша оқырманның ойы бөлініп кетпеуін, айтылғандарды тиянақты қабылдауын қамтамасыз етеді.
Әр мәтіннің өз құрылымы, оқырманға жеткізетін ойы, тақырыбы болады. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер, әртүрлі сөйлесулер жатады.
Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап не істеді? не болды? сұрақтарына жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінініің баяндауышы көбінесе жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.
Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі..
Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? неге? не себепті? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі, дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулары жиі қолданылады.
Мәтіннің үш түрі бар
Мәтін

Мәтін және тест

  • Дистрактор – дұрыс жауапқа ұқсас, бірақ дұрыс жауап болып табылмайтын жабық түрдегі тест тапсырмасының жауап нұсқасы (балама, алаңдатушы жауап).

Тест түріндегі тапсырма – қойылған мақсаттың, қысқалықтың, технологиялылықтың, ойдың логикалық түсініктілігінің, жауап орындарының анықтылығы, жауаптарды бағалау ережесінің біркелкілігі, тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы, барлық сыналушыларға арналған шарттардың біркелкілігі, форма нұсқаулығы мен тапсырма мазмұнының дұрыстығы талаптарына жауап беретін тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет