11 сынып. I бөлім. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. Жинау қажет балдардың максималды саны– 35 (әр тест тапсырмасы үшін 1 балл).
Адамның демалуы қалай қамтамасыз етіледі:
а) өкпе көпіршіктерінде бұлшық ет талшықтары бар;
б) жамбас сүйектеріндегі арнайы бұлшық еттер диафрагманы төмен тартады;
в) ерекше бұлшық еттер қабырғаларды жоғары көтереді, фиафрагма көтеріледі, бұл көкірек қуысының үлкеюіне және демалуды жүзеге асыруға әкеледі;
г) іш прессінің бұлшық еттері іш қуысының мүшелерінің тартуына әкеледі.
2. Адам ағзасында лимфа қалай жасалады: а) бүйректердің қайту жүйесі қаннан артық сұйықтықты бөледі, ол бүйрек тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне өтеді, сол жерден лимфа жүйелерінің түтікшелеріне бөлінеді;
б ) трубалы сүйектерде қосатын ткань бар, бұл ткань лимфалық сұйықтықты шығарады;
в) бауырдың жағалы жүйесі қанның фильтрациясы мен лимфаның жасалуын жүзеге асырады;
г) капиллярлардың қабырғалары арқылы қаннан қан плазмасының кейбір бөліктері шығады, тканьдік сұйықтық құрылады, әріқарай бұл сұйықтық лимфатикалық түтікшелерге жетіп, лимфаны құрады.
3. Симпатикалық нерв жүйесінің белсенуі кезінде байқалмайды: а) қарашықтардың үлкеюі;
б) қан түтікшелерінің тарылуы;
в) ішек қабырғаларының жиырылуы күшейеді;
г) сілекей бөліну күшейеді.
4. . Нерв жүйелерінің қозуы ... бірге болады: а) Na+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
б) Са2+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
в) К+ иондарының клеткаға кіруі;
г) калий-натрий насосы жұмысының күшеюі.
5. Аштықта немесе қысқы ұйқы кезінде энергиялық субстраттардың қоры келесі кезекпен шығындалады: а ) майлар– ақуыздар – көмірсулар;
б ) ақуыздар-майлар-көмірсулар –
в) көмірсулар-майлар – ақуыздар;
г) ақуыздар-көмірсулар – майлар.