Асылбаева Аяулым Кумаровна
Информатика пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
«№48 мектеп – қосымша білім беру орталығы» КММ
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу
Жаһандану—бұл сөз ағылшын тілінен «global» — «дүниежүзілік» деп аударылады, орыс тілінде «глаболизация» деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. «Жаһандану» бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам — бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым. Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың «бүкіләлемдік азаматтық қалып» жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.«Жаһандану» терминін алғаш рет 1983 жылы «Гарвард бизнес ревью» журналында жарияланған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Жаһандану нәтижесінде халықаралық қатынастарда, экономика және қауіпсіздік саласында мемлекеттердің өзара тәуелділігі арта түсетіндіктен, халықаралық аренада мемлекеттер басымдығын өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге халықаралық тұрлаулылықтың ықпалы күшеюіне әкеледі. Қазіргі қалыптасқан әлемдік тәртіптің түп тамырлы негіздерінқозғайтын жаһандану өзінің болмысымен халықаралық
қатынастардың жаңа сұрақтары «шектелген егемендік» тұжырымдамасы, гуманитарлы себептермен қол сұғушылық немесе «гуманитарлық интервенция», мемлекеттің қауіпсіздігінен жеке адам қауіпсіздігінің жоғары тұруы тәрізді мәселелерді көтереді.
«Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
Достарыңызбен бөлісу: |