Егер ток күші 0,5 А болса, 7,7 Кл зарядты орын ауыстыру үшін қанша уақыт қажет?
Ұзындығы 8 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 никель өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер өткізгіш ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда өткізгішпен қандай ток күші өтеді?
Электрқозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Трактор 1000 В кернеуде жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш тұтынатын ток күшін есепте.
Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом резисторлар тізбектей жалғанған. Егер екінші резистордағы кернеу 1,2 В болса, онда тізбектегі ток күші мен кернеуді есепте.
2-нұсқа
Кедергісі 24 Ом реостатты 120 В кернеуге қосатын болсақ, реостаттың ток күші неге тең болады?
Ұзындығы 150 см, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 күміс өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер осы өткізгіш арқылы 1,5 А ток күші өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең? )
Егер велосипед қолшамындағы кернеуі 4 В болып, 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсайтын болса, осы қолшамдағы ток күші неге тең болады?
Кедергілері 30 Ом және 60 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, батареяға қосылған. Бірінші резистордағы кернеу 3 В. Екінші резистордағы кернеу неге тең?