11-сынып. ЖМБ. Бақылау жұмысы №1 «Электромагниттік тербелістер».
1-нұсқа
Екі есе артады.
18В
95%
1548Ом,
2-нұсқа
1,6 мкФ
11 А
0,28А, 25Гц, 0,04с
11-сынып. ЖМБ. Бақылау жұмысы №2 «Оптика».
1-нұсқа.
Дифракциялық тор жазықтығына перпендикуляр жарық түседі. Торға түскен жарықтың толқын ұзындығы 600 нм. Егер екінші реттік дифракциялық максимум перпендикулярдан торға 30° бұрышқа ауытқыса, онда тордың периодын табыңдар.
Линзадан 30 см қашықтықтағы нәрсенің де кескіні тура сондай қашықтықта орналасқан. Жинағыш линзаның фокустық арақашықтығын табыңдар.
Алмаздың абсолют сыну көрсеткіші 2,42. Алмаздағы жарықтың таралу жылдамдығын табыңдар. Вакуумдегі жарықтың таралу жылдамдығы 3*108 м/с.
*Сыну көрсеткіші 5/3 болатын сұйықтығы бар ыдыс түбіне нүктелік жарық көзі орналасқан. Жоғарыдан қарағанда сол жарық көзі көрінбеуі үшін, сұйық бетінде жүзетін мөлдір емес дискінің минималь радиусы қандай болуы керек? Сұйық қабатының биіктігі 12 см.
2-нұсқа.
Кейбір зат үшін толық ішкі шағылу бұрышы 30°. Осы заттың сыну көрсеткішін анықтаңдар.
Жылдамдығы 2 м/с болатын қоңыз қабырғаға ілінген айнаға перпендикуляр ұшып соғылады. Оның кескіні қоңызға қандай жылдамдықпен жақындайды?
Жинағыш линзаның бас оптикалық осіне перпендикуляр болатын нәрсе линзадан 125 см қашықтықта орналасқан. Экрандағы оның кескінінің биіктігі 25 мм. Линзаның фокустық арақашықтығы 0,25 м болса, нәрсенің биіктігін табыңдар.
* Дифракциялық тордың периодын анықтау үшін оған толқын ұзындығы 0,76 мкм сәулелердің жарық шоғын бағыттаған. Дифракциялық тор мен экранның арақашықтығы 1 м болса, экрандағы бірінші реттік спектрлердің арақашықтығы 15,2 см. Тор периоды неге тең болады?