9-сынып. Бақылау жұмысы №3 «Тербелістер мен толқындар» 1-нұсқа
Математикалық маятник ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?
Қатаңдығы 40 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,1 кг жүктің тербеліс периоды неге тең болады?
Жиілігі 200 Гц, таралу жылдамдығы 340 м/с толқынның ұзындығы неге тең?
Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге ілінген массасы 640г жүкті тепе-теңдік жағдайынан 1 м/с жылдамдықпен өтуі үшін тепе-теңдік жағдайынан қандай қашықтыққа апару керек?
2-нұсқа
Жиілігі 440 Гц камертон 5 с ішінде қанша тербеліс жасайды?
Массасы 5 кг жүк серіппеге ілінген кезде бір минут ішінде 45 тербеліс жасайды. Серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?
Периоды 13,5 с, ал өзен бетіндегі толқын ұзындығы 300 м болатын толқынның таралу жылдамдығы неге тең болады?
Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппедегі жүктің массасы неге тең? Жүктің тербеліс амплитудасы 6 см болғандағы максималды жылдамдығы 3 м/с.
9-сынып. Бақылау жұмысы №4 «Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар» 1-нұсқа
Шығу жұмысы 2 эВ болатын металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта.
Цезий бетіне толқын ұзындығы 500 нм болатын жарықпен сәулелендіргенде ыршып шығатын электрондардың қандай энергиясы бар болады? Шығу жұмысы 1,9 эВ.
Толқын ұзындығы 6,3 * 10-5см фотонның массасын анықта.
* Ауданы 4 м2 жазықтыққа перпендикуляр бағытта 10 с ішінде толқын ұзындығы 0,64 мкм болатын 7,74*1022 фотондар келіп түседі. Қара және айналық бетке, шағылу коэффициенті 0,4 болатын жазықтыққа түсетін жарық қысымын анықта.
2-нұсқа
Толқын ұзындығы 10-12 м рентген сәулесінің бір фотонының энергиясын анықта.
4,9 эВэнергиясы бар жарық квантының металл бетінен шығу жұмыс 4,5 эВ. Ұшып шығу кезіндегі электронның импульсін тап.
1 В тежегіш кернеуде фототок тоқтаған кездегі электронның жылдамдығын анықта.
2 мА ток күшіндегі, 50 кВ кернеуде жұмыс істейтін рентген түтікшесі секундына 5*1013 фотондарды шығарады. Толқын ұзындығын 0,1 нм деп санап, түтікшенің ПӘК-ін табу керек, яғни рентген сәулесінің қуаты пайдаланылған токтың қуатының қанша пайызын құрайтынын анықтау керек.