Байланысты: Физика пәні бойынша "Бақылау жұмыстары"
III-тоқсандық бақылау жұмысы Физика және астрономия 7-сынып Тақырыбы: Сұйықтар мен газдардың қысымы. Архимед күші. Дене-
лердің жүзу шарттары.
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру
Б.Б.Д: Оқушылар қысым, Архимед күші формулаларын білуі тиіс. Денелердің
жүзу шарты заңдылығын пайдалана алуы тиіс. I -нұсқа
I. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см²
болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?
Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет
етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің
шамасын есепте.
III. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін
анықтандар.
II- нұсқа
Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына
қандай қысым түсіреді?
Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.
III . Ұзындығы 3 м, ені 30 см, биіктігі 20 см қалқып жүрген ағаш бөрене қанша суды
ығыстырып шығарады?
Бағалау параметрі:
I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.