8-сынып Бақылау жұмысы №2 «Заттың агрегаттық күйлері»
1-нұсқа
100 г сынапты қайнау температурасында буландыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (r =0,3 · 10⁶ )
Массасы 1 кг бастапқы температурасы 27 ° С қорғасынды балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? ( t = 327° С, c=140 , λ = 0,25· 10⁵ )
20 ° С температурадағы массасы 0,75 кг суды қайнатып, 250 г бу алу үшін қанша энергия жұмсау қажет?
Тракторға 1,89 · 10⁷ Дж жұмысты атқару үшін меншікті жану жылуы 42 · 10⁶ , массасы 1,5 кг отын жұмсау керек. Трактор қозғалтқышының ПӘК-ін тап.
2-нұсқа 2 т темірді балқыту үшін қанша жылу мөлшері қажет? ( λ = 2,7· 10⁵ )
Массасы 10 г температурасы 20 ° С суды қайнауға дейін жеткізіп, одан кейін оны буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (c=4200 ; r =2,3 · 10⁶ )
Массасы 5 кг, бастапқы температурасы - 10 ° С мұзды еріту үшін қанша жылу мөлшері қажет? (c=2100 ; λ = 3,4· 10⁵ )
0,52 кг бензин жанғанда қыздырғыштан 9240 кДж пайдалы жылу мөлшері алынған. Қыздырғыштың ПӘК-ін анықта. (q = 46 · 106 )
8-сынып Бақылау жұмысы №3 «Электрқұбылыстары»
1-нұсқа
Егер ток күші 0,5 А болса, 7,7 Кл зарядты орын ауыстыру үшін қанша уақыт қажет?
Ұзындығы 8 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм2 никель өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер өткізгіш ұштарындағы кернеу 3,2 В болса, онда өткізгішпен қандай ток күші өтеді?
Электрқозғалтқыштың қуаты 3 кВт. Трактор 1000 В кернеуде жұмыс істейді. Электрқозғалтқыш тұтынатын ток күшін есепте.
Кедергілері 5 Ом, 6 Ом, 12 Ом резисторлар тізбектей жалғанған. Егер екінші резистордағы кернеу 1,2 В болса, онда тізбектегі ток күші мен кернеуді есепте.
2-нұсқа
Кедергісі 24 Ом реостатты 120 В кернеуге қосатын болсақ, реостаттың ток күші неге тең болады?
Ұзындығы 150 см, көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 күміс өткізгіштің кедергісі неге тең болады? Егер осы өткізгіш арқылы 1,5 А ток күші өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу неге тең? )
Егер велосипед қолшамындағы кернеуі 4 В болып, 1 с ішінде 0,8 Дж энергия жұмсайтын болса, осы қолшамдағы ток күші неге тең болады?
Кедергілері 30 Ом және 60 Ом резисторлар тізбектей жалғанып, батареяға қосылған. Бірінші резистордағы кернеу 3 В. Екінші резистордағы кернеу неге тең?