Массасы 100 г доп 1,5 жылдамдықпен ұшып барып, қағып алынды. Егер 0,03 с ішінде оның жылдамдығы нольге дейін кемісе, доп қолға қандай күшпен әсер етеді?
Массасы 1,5 кг доп қандай да бір биіктіктен жер бетіне құлап түседі. Құлаған кездегі доптың жылдамдығы 10 . Доптың толық механикалық энергиясы неге тең? Ол қандай биіктіктен құлайды? Ауаның кедергісін ескермейміз.
Дене түзусызықты кемімелі жылдамдықпен қозғалады. Оның үдеуі 4 . Қандай да бір уақыт мезетінде дененің жылдамдық модулі v0=20 . Осы кезден кейінгі 4 с және 8 с уақыт өткеннен кейінгі дененің жылдамдығын есепте.
* Трамвай жолының ұзындығы 400 м. Трамвай вагоны 0,5 тұрақты үдеумен қозғалатынын және осы арақашықтықты 1 мин 20 с ішінде өтетінін біле отырып, вагонның ең үлкен жылдамдығын анықта.
2-нұсқа
Массасы 1 т автомобиль 72 км/сағ қозғалады. Егер қозғалтқышын сөндіріп тастаса, ол қанша уақыттан кейін тоқтайды? Қозғалыстың орташа кедергі күші 200 Н-ға тең.
Ойыншық пистолетті атуға дайындау барысында қатаңдығы 800 Н/м серіппені 5 см-ге сықты. Массасы 20 г оқ қандай жылдамдықпен горизонталь бағытта атылады?
Егер дене жолының бірінші жартысын 10 м/с, ал екінші жартысын 15 м/с жылдамдықпен жүріп өтсе, дененің қозғалысының орташа жылдамдығын тап.
*Спидометр шкаласының ұзындығы 15 см. Ол автомобильдің жылдамдығын нольден 150 км/сағ-қа дейін өлшейді. Егер автомобиль 2 үдеумен қозғалса, спидометрдің көрсеткен жылдамдығын анықта.