№11 тапсырма
Бұл «Капернаум» фильмінен Елжас Ертайұлының бүгінгі күнге дейінгі өткізілген сабақтарындағы
мәселелерді көріп тұрмын. Қарап отырып ең бірінші ойыма
«Бала тәрбиесі ұғымын қалай түсінесіз?»
сұрағы келді.
Бала тәрбиесі ұғымын
дұрыс түсіну үшін материалдық қажеттілік пен қатар міндетті түрде балалардың
сезімдеріне көңіл бөліп, ішкі жан дүниесіне жиі үңіліп қарау.
Сезімдерге көңіл бөлу дегеніміз
-балалардың не сезінгенін,не ойлағанын,қандай көңіл-күйде болғанын
түсінуге тырысу.( яғни біздің айтқан сөзіміз істеген қылықтарымыз,әрекеттеріміз баланың сезімдерін
жаралап алған жоқ па? Баланың көңіл –күйін түсіріп оның өзін керексіз ,бақытсыз сезініп қалуына жағдай
жасаған жоқ па?
Ішкі жан дүниесіне үңілу
-Баланың не ойлап жүргенін түсіну,баланың ішінде не болып жатыр,қандай
құбылыстар,өзгерістер болып жатыр,қайда бағытталып бара жатыр,баламыз қайда кетіп бара жатыр
осыны әрқашан бақылап отыру.
Егерде біз бүгін баламыздың ішкі жан дүниесіне үңіліп қарамайтын болсақ,онда уақыт өте келе
өзіміздің туған баламыз өзіміздің бөтенімізге айналып шыға келеді
МЕНІҢ ПІКІРІМ МЕН БІЛГЕНІМ
Ата-анасының немесе отбасының ықпалы «Бақытты бала» тәрбиелеу үшін жеткіліксіз екендігі көрінді.
Бастысы жауапкершілік пен сенімділік, ерік-жігермен қоғамдағы басқа отбасындағы тәрбиенің әсеріде
байқалады .Бұл жерде бала толыққанды бақытты болу үшін отбасылық жағдайы мен әлеуметтік жағдайы
және баланың өмір сүріп жатқандығы мен құқығын қорғайтын құжаты болуы,құжатсыз өзіңнің
құқығыңды орындай алмау,мектепке бара алмауы,ауырып қалса емделе алмауы секілді көзге көріне
бермейтін жағдайлардың да ықпал ететінін білдім.Әрбір отбасында әке мен ана баланы дүниеге
әкелгеннен кейін үлкен жауапкершілік пен баланың арасында мықты сенім көпірі болу керек екен.
Яғни баланың сенімі. Баланың бізге деген сенімі қалыптаспай біз оны тәрбиеге үйрете алмайтынымызды
білдім.
Достарыңызбен бөлісу: |