№11 тапсырма Бұл Капернаум


«Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы,жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады.Адам



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата19.01.2023
өлшемі473,28 Kb.
#61962
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№11 тапсырма

«Адамның адамшылығы ақылы, ғылымы,жақсы ата, жақсы ана,жақсы ұстаздан болады.Адам 
баласын бауырым деу жүректің ісі» 
дегенді оқып қалдым. Яғни «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» 
пікірін ұстануымыз керек сияқты. Мына қоғамда әрқайсысымыз баланы қоғамға немесе ортасына кері 
әсері тимейтіндей тәрбиелесек,фильмдегі жағдай,соғыс пен кедейшілік, босқыншылық пен қатігездік 
болмайтыны анық. Сондықтан «Тәрбие отбасынан басталады» осының айғағы секілді. 
«Адамдардың балаларына қамқор,жауапты бола алмаса,баланы дүниеге әкелуге құқығы жоқ» бұл мені 
қатты ойлануға әкелді. 
Әлемнің көптеген елдерінде соғыс жағдайында болсын немесе әлеуметтік жағдайы нашар болсын немесе 
құжаты жоқ босқындар болсын 100 мыңнан аса балалардың қорлануы мен қатігез қарым-қатынасты көріп 
отырғаны рас. Фильм маған ауыр болды. Өмірдің қиыншылығынан ойын баласының жұмыс істеп, тез 
есеуіне әкелгені, кейде балалар үлкендерден ақылды болып көрінетіндігі де бар.Көріп отырып, барлық 
нәрсе тәрбие,оның ішінде бала тәрбиесіне байланысты екендігін түсіндім. Және тәрбиені,әдептілік пен 
мейірімділік,жауапкершілік пен адалдықты үлкендер өздерімізден бастау керектігіне тағыда көзім 
жеткендей болды.Дегенменде Қоғамға, сүріп отырған ортаға ғана сеніп өмір сүрмеу керек. Әрбір бақытты 
өмірімізге,күнімізге және біз үшін қымбат,байлығымыз балаларымыздың болашағын жарқын 
қылуда,бақытты қылуда жауапкершілікпен қарау ол өзімізден,Қоғамның ішіндегі отбасылық қоғамға 
байланысты екенін білдім.Солай әрбір кішкентай отбасылық қоғамнан жиналып,үлкен мемлекет,үлкен 
қоғам түзілетінін ойласақ, бұл жерде ересектердің іс-әрекетімен сөзіне байланысты құрылады.Сондықтан 
әрбір жанындағы жақының болсын,балаң болсын, тірі табиғат болсын,туған жерің мен отаның болсын 
әрдайым жауапкершілік пен сенім, дұрыс бағыт пен тәрбие болу керек деп ойлаймын.
Бұл әлемде болып жатқан қазіргі шешімі шешілмей тұрған мәселелердің бірі. Әрбір елдің бала 
тәрбиесіндегі әдіс-тәсілдері әр-түрлі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет